Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026

Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды

1 мин
оқу үшін

Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты 16 қаңтар күні екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды

Бұл туралы елорданың білім басқармасы мәлімдеді.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 16 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді», делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Астанада 16 қаңтар күні ауа температурасы -42 °C-қа дейін төмендейтіні туралы хабарлаған еді.

Сонымен қатар бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қостанай облысының қалалары мен аудандарында бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Таразда көлік өртенді

Қоғам • Бүгін, 13:22