ек
Құрылыс • 12 Қаңтар, 2026
Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді
Ертіс-Баян өңірінде 23 білім беру мекемесін жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар колледжінің жатақхана ғимаратын қайта жаңғырту көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың 595,6 мың тапсырысы орындалған
2025 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалған. Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды
Қазақcтан ұлттық құрамасының жартылай шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Грозныйдың «Ахмат» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады
Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы өрт сөндіру бөлімшесіне жаңа ғимарат салынады. 1985 жылы іргесі қаланған қазіргі ғимарат тозып, апатты жағдайда тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Instagram-дағы 17,5 млн аккаунттың дерегі қолды болды
Instagram желісінде 17,5 миллион қолданушының жеке деректері жария болып кеткен. Бұл деректі киберқауіпсіздікпен айналысатын Malwarebytes компаниясы растады. Компанияның мәліметінше, деректер қазірдің өзінде хакерлік форумдарда таралып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Әлімханұлының В допинг-сынамасы нәтижесіне қатысты федерация түсініктеме берді
Кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасын ашу рәсіміне қатысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
Белгілі спортшы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде еліміздің бокс федерациясы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда Ұлттық ұлан күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қаңтар, 2026
Алматыдағы мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткені рас па?
Алматы қаласы білім басқармасының басшылығы мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткені туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаты бір жылда жарты миллиард теңге табыс тапқан
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев 2024 жылғы табыстары туралы декларациясын жариялады. Онда ол осы кезеңде қосымша табыстан 528 607 650 теңге тапқанын көрсеткен. Декларацияда тек қосымша табыстар есептеледі, ал ресми депутаттық жалақы есепке алынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Сенатор бір жылда 44 мың теңге табыс тапқан. Басқалар ше?
Сенат сайтында 2024 жылға арналған табыс декларациялары жарияланды. Құжаттар сенаторлардың жеке парақшаларында арнайы бөлімде орналастырылған. Қазіргі уақытта ашық қолжетімді дерек 6 сенаторға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?
Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы уақыт қалды. Осыған орай елордалық шорт-трекшілер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкі бірлескен қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2026
Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды
Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше кодекс пен заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Ақтөбеліктер жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын Яндекс Go қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек браузердегі картада сілтеме арқылы ғана қолжетімді болған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы Еңбек мобильділігі орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенатор орталықтың елдегі еңбек нарығын дамытудағы, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына, лайықты жұмыс табуына және тұрақты табысқа қол жеткізуіне қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 08 Қаңтар, 2026
31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
«Қазақтелекомның» 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтер бағасын көтеретіні туралы хабарламасы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бірі белгіленген тарифпен үш жылдық келісімшарт жасасқанын, алайда баға бәрібір өсетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр
Елімізде жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жобаны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жүзеге асырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Михаил Кукушкин ширек финалға шықты
Ұлыбританияның Ноттингем қаласында теннистен «Челенджер» санатындағы турнир өтіп жатыр. Сол жарыста Михаил Кукушкин де күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мемлекеттік инспекторлардың квадроциклмен Жайық өзеніне түсіп кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді қос мерекемен құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Павел Васильевич Даценко 7 қаңтарда 101 жасқа толды. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері майдангердің үйіне арнайы барып, туған күні және Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?
JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қаңтар, 2026
Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр
Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. 441 -і тізімге енген. Соның 274-і тексерілді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер неге төмендетілмеді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету талабын уақытша тоқтату туралы шешімнің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 07 Қаңтар, 2026
Бейжің екі жылда жасанды интеллектінің астанасына айналуға ниетті
Бейжің билігі алдағы екі жылда жасанды интеллект секторын дамытудың ауқымды жоспарын жариялады, оның мақсаты қаланы ЖИ-дың жетекші әлемдік орталығына айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 07 Қаңтар, 2026
Биыл қолжетімді болуы мүмкін ипотекалық бағдарламалар анықталды
2026 жылы ипотекалық бағдарламалар жаппай емес, нақты әлеуметтік және кәсіби топтарға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.