ас
Төтенше жағдай • 07 Желтоқсан, 2025
Астанада көпқабатты үйдегі өрттен кейін 11 жастағы бала қайтыс болды
6 желтоқсанда Астанадағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккендердің бірі – 11 жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2025
Қазақ қызы Африкадағы оқушыларға сабақ беріп жүр
Астаналық Данель Берсебаева Сенегал астанасы Дакарда жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Желтоқсан, 2025
Төбелеске қатысқан басшы жұмысынан босатылуы мүмкін
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі барлық өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде жағымсыз жағынан көрініс тапқан әрекеттер мен БАҚ-тағы сыни материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Инфрақұрылым • 07 Желтоқсан, 2025
Елорданың көлік инфрақұрылы: қаланы айналып өтетін теміржол салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов жұмыс кездесу барысында елорданың көлік жүйесін дамыту бойынша кешенді стратегия әзірлеу бойынша жиын өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2025
Машина жасау саласын дамытудың басымдықтары айқындалды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Желтоқсан, 2025
Астанада жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылады
Астанада №75 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол 6 желқсаннан бастап қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Желтоқсан, 2025
Атырауда бейіттерді қиратты деген күдікпен 3 жасөспірім ұсталды
Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылы маңындағы мұсылман зиратында 2 желтоқсан күні бірнеше бейіттің бүлінгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
«Қазақта қара сөзге дес бермедім»: республикалық жас ақындар айтысы өтті
Бүгін қасиетті қарашаңырақта Абай университеті және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақта қара сөзге дес бермедім» І республикалық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Желтоқсан, 2025
Атырау жасөспірімдері құқық бұзушылықты қай кезде жасайды?
Атырау қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өскені байқалады. Осыған орай жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыс күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 05 Желтоқсан, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 1700 өтінім түсті
Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Желтоқсан, 2025
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Желтоқсан, 2025
Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр
Астанадағы Madrid-3 тұрғын үй кешенінің үлескерлері өз пәтерлерінің кілтін үшінші жыл қатарынан ала алмай жүр. Тұрғындардың айтуынша, үйді 2022 жылы тапсыру қажет болған, алайда нысан әлі күнге дейін аяқталмаған, ал құрылыс компаниясы тұрғындарға бос уәде беріп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 05 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» Астанадағы ең үздік салық төлеуші атанды
«Отбасы банк» Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінен марапат алды. Нұра ауданы бойынша «Үздік салық төлеуші» номинациясына ие болды және қаланың бюджетін толықтыруға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл – Банктің ұстап отырған ашық әрі адал салық саясатының жоғары бағалануы, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге шынайы құрметпен қараймын
Мемлекет басшысы әлемдегі геоэкономикалық ахуал құбылмалы әрі бұлыңғыр болса да, кәсіпкерлерден табандылық пен мен ел болашағына деген зор сенім айқын көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: Қазақстанда креативті индустрияның әлеуеті жоғары
Президент елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Жаһандық инвестиция екінші жыл қатарынан неге құлдырады?
Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, дүние жүзі бойынша тікелей инвестиция нөпірінің құлдырауының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Үкіметтің өзекті міндеттерін атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасауды Үкіметтің өзекті міндеті ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Қазақстан спортының беделін айқындайтын дода келесі жылы өтеді. Студенттердің жаһандық жарысы елімізде бұған дейін 2006 жылы ұйымдастырылған еді. Араға 20 жыл салып, байрақты бәсекенің жалауы қазақ жерінде қайта желбірегелі отыр, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Желтоқсан, 2025
Астанада құтқарушылар көпірден суға секіріп кеткен бойжеткеннің өмірін сақтап қалды
Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан Атырау көпірінде 11:35 шамасында суицидке оқталу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 7 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Атырау облысында жыл басынан бері мансап орталықтарына жұмыс іздеген 24 мыңнан астам жас жүгінген. Оның ішінде 22 500-іне түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты
Қайғылы жағдай 4 қараша күні Мұнайлы ауданындағы құрылыс нысанында болған. Жұмысшы кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа көтеріп, түсіріп болған соң қауіпсіздік орнынан алыстап кеткен сәтте тепе‑теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнына шамамен 20-30 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, 20 жастағы жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Елімізде микронесие тек 21 жастан асқандарға берілуі мүмкін
Сенатор Геннадий Шиповских жастардың микронесиеге жаппай тәуелді болып бара жатқанын айтып, шағын қарыздар беру тәртібін қайта қарауды ұсынды. Ол 18 жастағы азаматтарға тексерусіз несие рәсімдеу қауіпті екенін атап, жас шегін 21 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы серіктес болып қала береді.
Тұлға • 04 Желтоқсан, 2025
Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы жазушы Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын Нобельдің «Бейбітшілік» сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жер сілкінісі: Алматыда сиреналар қосылды
Бүгін алматылықтар жер сілкінісінің әсерінен пәтерлердің қабырғалары мен шамдарының айтарлықтай дірілдеуінен жерасты дүмпулерін сезді. Қалада дабыл-қаққыш сиреналар іске қосылып, тұрғындарға жедел хабарламалар келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды
Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатын болды
Еуропалық кеңес пен Еуропарламенттің шешімі бойынша ресейлік құбыр газының жеткізілімі 2027 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
6 және 7 желтоқсанда Астанада «Соғым-FEST» өтеді
Елордада 6-7 желтоқсан күндері Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазір ақпарат айдыны өте жылдам дамып, мәліметтер мен құжаттар көз ілеспес қарқында таралады. Бұл жағдай ұйымдар мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дұрыс бағалау, алдын алу және комплаенс талаптарын сақтау жауапкершілігін жүктейді. Осы ретте Freedom Telecom Holding компаниясының комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Ерасыл Жәрдемов «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұйым қызметкерлеріне дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.