и
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Жаңа жыл түнінде Таразда өрт болып, 100 адам эвакуацияланды
31 желтоқсанда сағат 22:18-де Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінің 5-ші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл үйдің шатырына таралғанын Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды. Ал 1 қаңтар ең алдымен Тынық мұхитындағы Кирибати арал мемлекетіне қарасты Рождество аралында басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жүгініп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Ол өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін
Футбол ережесіне соңғы жылдардағы ең маңызды өзгерістердің бірі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті. Аталған өзгерістер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтергеннен кейін байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kzі.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария ұлттық валютасы левтен бас тартып, еуроға көшеді. Осылайша ел еуроаймаққа қосылған 21-ші мемлекет болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы бір күнде 3,02 теңгеге өсіп, 505,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Ақмолада 44813 бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр. Оны бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысына қарасты Арал қаласынан алып келген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары биыл қанша тонна мандарин тұтынды?
Биылғы алғашқы 10 айда елімізге 75,6 мың тонна мандарин, танжерин және сатсума сорты әкелінді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
2026 жылғы қаңтар айында өтетін тестілеуге 187 мыңға жуық адам ниет білдірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар − 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
5 қаңтарда басталады: Министрлік «Халық бухгалтері» жобасының маңызын түсіндірді
Акция – кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыруды көздейді. 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталады. Акцияны Қаржы министрлігі іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгелік депозиттер бойынша пайыз өсті: салымшылар нені ескеру керек?
Елімізде банктер теңгемен ашылатын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп жатыр. Бұл өзгеріс елдегі ақша-несие саясатына және банк нарығындағы бәсекенің күшеюіне байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Нидерландыда отшашуға тыйым салынады
Нидерландыда фейерверк пен петардаларды қарапайым азаматтардың пайдалануына тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шықты. Бұл бастаманы елдің Нидерланды парламенті қарастырып отыр. Егер шешім қабылданса, биылғы Жаңа жыл түні тұрғындар оны соңғы рет өз бетімен атқан болады. Бұл туралы Bild жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Балуандардың әлемдік рейтингі жаңартылды
Жаңа Жылқы жылы қарсаңында Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңартылды. Үздіктер тізімінен Қазақстанның бірнеше балуанының есімін кезіктіруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі жұмысын бастады
Атом энергиясы жөніндегі агенттікте ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) бірінші отырысы өтті. Агенттік атом ғылымы мен технологияларды дамыту саласында тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық орган ретінде жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ірі қара мал етін экспорттауға квота енгізіледі
2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Мәдениетке еңбек сіңіргендер: 2025 жылғы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл қарсаңында адасып кеткен азамат аман-есен табылды
Жаңа жыл күндері полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалаумен қатар, адам өміріне төнген қауіптің алдын алуға да барын салады. Осындай оқиғалардың бірі Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025
LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды
Астанадағы LRT құрылысының қарқыны биыл рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылы бұл жобаға республикалық бюджеттен жоспарланған қаражаттың 99,2 пайызы игерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер өнеркәсіпке қатысты мемлекеттік реформаны қолдады
Отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімін іске қосу бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бұл − отандық кәсіпорындарды қолдауға, нақты өндірісті дамытуға және ішкі нарықта ашық әрі әділ ережелер қалыптастыруға бағытталған маңызды құрал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда офицерлер цифрлық байланыс құралдарын меңгерді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында алғаш рет Қарулы күштер байланыс бөлімшелерінің 11 офицеріне арналған курстық дайындық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды
Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауларының бірі тіркелді. Қарақшылар банк қоймасының қабырғасын бұзып кіріп, шамамен 3200 сейфтегі ақша мен қымбат заттарды алып кеткен. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 10 млн еуродан 90 млн еуроға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
2025 жылы жедел жәрдем қызметі 7,4 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті
2025 жылдың 11 айында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 7 467 926 шақыртуға қызмет көрсетті. Оның 1 375 401-і емханалар жанындағы мобильді бригадалар арқылы атқарылса, қалғаны жедел жәрдем қызметінің үлесіне тиесілі. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Трамп Иранға жаңа соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Флоридада өткен кездесуден кейін, егер Иран зымыран немесе ядролық бағдарламаларын қайта қалпына келтіруге кіріссе, Вашингтон жаңа ірі соққыны қолдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысының жедел қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Қостанай облысын бір-ақ күн ішінде басып қалған қалың қар жол қатынасын қиындатып, жұртты әбігерге салып қойды. Полиция, жол қызметі, ТЖД құтқарушылары күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады
Ақтөбеде шетелдік инвесторлар, ірі бизнес өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары қатысуымен «AQTOBE INVESTMENT FORUM –2025» жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Иргели ауылындағы Лев Толстой атындағы мектепте мұғалімдерден жаңа жылдық безендіру мен балаларға арналған костюмдерге ақша жиналған. Педагогтардың айтуынша, бұл іске қатысудан бас тартқандарға қысым көрсетіліп, кемсіту болғаны туралы видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.