аз
Экономика • 04 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Халық • 04 Маусым, 2026
Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады
Ел тұрғындарының орташа жасы 76 жасқа жақындады. Мамандардың айтуынша, бұл денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Маусым, 2026
Астанада өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттер жалақы алады
Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорны болашақ мамандарды өндірістік ортада даярлаудың тиімді үлгісін көрсетіп отыр. Мұнда өндірістік практикадан өтіп жүрген колледж студенттері тек тәжірибе жинақтап қана қоймай, ай сайын шамамен 150 мың теңге көлемінде жалақы алады. Egemen.kz тілшісі кәсіпорынның техникалық базасына барып, студенттердің жұмысымен танысып, олардың күнделікті атқарып жүрген міндеттерін көріп қайтты.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға тұрақтады
Қазақстан 2025 жылғы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды. Рейтингте мемлекеттердің инновациялық әлеуеті институттар сапасы, адами капитал, инфрақұрылым, цифрландыру және бизнес белсенділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Маусым, 2026
«Астана-Көкшетау-Петропавл» автожолында апат: 5 адам зардап шекті
«Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының учаскесінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Жаз маусымында қосымша төрт тальго пойызы жолға шығады
Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымға сұранысқа ие бағыттар бойынша төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 03 Маусым, 2026
Қарағандылық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
Гонконг қаласында өткен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медаль жеңіп алды. Осы жетістіктің қоржынына Қарағанды облысының спортшылары да сүбелі үлес қосып, ел намысын абыроймен қорғады - екі жүлде: күміс пен қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 03 Маусым, 2026
Энергетикадағы оң өзгеріс: Қазақстан профицитке қол жеткізді
Энергетика министрлігі биылғы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша елде электр энергиясын өндіру көлемі тұтыну деңгейінен асқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 03 Маусым, 2026
АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізуді ұсынды
АҚШ Қазақстанды қоса алғанда тағы 59 елден импортталатын тауарларға қосымша кедендік баж салығын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 03 Маусым, 2026
Еуропаны елең еткізген нәтиже: Қазақстан Португалиядан ұпай еншіледі
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын сәтті өткізіп, А лигасының 6-тобында нағыз сенсация жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 03 Маусым, 2026
Маусым айында еліміздің 4 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
Маусым айында еліміздің бірқатар аумағында құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Президент Қазақстан-Кипр экономикалық ынтымақтастығының жол картасын әзірлеуді ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис келіссөздер барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің тың бағыттарын талқылады. Тараптар сауда айналымын арттыру, инвестициялық байланыстарды дамыту және логистика, қаржы, туризм мен цифрлық технологиялар салаларындағы әріптестікті күшейтуге келісті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кипрді Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Екі ел президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Қазақстан мен Кипр арасында қандай құжаттарға қол қойылды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері маңызды ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Маусым, 2026
ҚазҰУ-да жаңа аудитория ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Түлектер күнін ауқымды мерекелеу аясында «1981 жылғы түлектер» атауын иеленген жаңартылған №301 аудитория мен «1996 жылғы түлектер» атындағы №4 дәріс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Маусым, 2026
Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Көкше теңіз жағасында «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтеді
Балқаш көлінің жағалауында 19-20 маусым күндері дәстүрлі «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Тараз қаласында әлеуметтік желіде тараған даулы видеодан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылуы мүмкін. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
6 маусым күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қостанайда білім бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды. Қылмыстық істі Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таза Қазақстан» жобасының қоршаған ортаны қорғаумен қатар жауапты әрі саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бастама біртіндеп күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 02 Маусым, 2026
Қордай маңындағы қайғылы жол апаты: Бір адам қаза тапты
Жамбыл облысында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдай Қордай ауданында болып, екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау конституциялық міндет екенін еске салды. Мемлекет басшысы Alatau City жобасын дамыту барысында қаланы абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды
Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаров Қытайдың Гуандун провинциясында денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2026
«Казцинк» зауытындағы жарылыс: Апаттың алдын ала себебі белгілі болды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Шығыстүстімет» және «Қазцинк» кәсіпорындарында болған ірі өндірістік апаттардың алдын ала себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Қазақстанда қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есе азайды
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2026
«Иноагенттер тізімі»: Қазақстанда кімдерді шетел қаржыландырады?
Қазақстан азаматтары мен компаниялар 2025 жылдың екінші жарты жылдығында шетелден 12 млрд теңге қаражат алған. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген тізімді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Маусым, 2026
Еліміздің оңтүстігінде 37 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Маусым, 2026
Қазақстан Гонконгқа құны 100 млрд доллардан асатын жобаларды ұсынды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанаға жоғары деңгейдегі делегацияны басқарып келген Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен келіссөздер өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын, қаржылық әріптестікті дамытуды, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы көлік байланысын нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz