Соңғы жаңалықтар
Әлем • 25 Қараша, 2025
Адольф Гитлер сайлауға түсіп жатыр
Намибиялық саясаткер Адольф Гитлер Уунона Омпунджа ауданында өтетін аймақтық сайлауда ел билігіндегі SWAPO (Оңтүстік-Батыс Африка халық ұйымы) партиясына кандидатурасын ұсынған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Қ.Тоқаев Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жаңа тұрпаттағы беделді саяси қайраткер, Түрікменстанның мемлекеттілігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы орнын дәйекті түрде нығайтып келе жатқан прогрессивті, мықты көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына байланысты деректер жақында жарияланады
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты тергеу нәтижесі жыл соңына дейін жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Қызылордада мұғалімдер мемлекет қаражатын жымқырған
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқыру дерегін анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Аялдаманы қиратқандар қамауға алынды
Астанада құқық қорғау органдары аялдама павильонын қиратып кеткен кезекті тәртіп бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Әуе рейстері мен пойыздардың саны артады: Билет құны қымбаттай ма?
Үкіметтегі брифинг барысында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиакпаров алдағы мереке күндеріне орай әуе рейстері мен пойыздардың саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Салық төлемегені үшін 4 жылға сотталды
Қызылордада кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Еліміз халықаралық өндірістік-логистикалық тізбекке енген бе?
Елімізде бес трансшекаралық хабты дамыту үшін инженерлік және аумақтық база толығымен дайын. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл медициналық көмекті онлайн форматта қанша адам алды?
Ел тұрғындары медицина көмегін уақыт өткен сайын қашықтан алып жатыр. 2025 жылдың 9 айында отандастарымызға онлайн форматта 2,7 миллион қызмет көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Қараша, 2025
Астанада 11 медициналық мекеме ашылады
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада салынып жатқан медициналық мекемелердің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2025
Ақордада Түрікменстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Кеше Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов елімізге мемлекеттік сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Алматыда сағат 07:00 шамасында әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің маңында үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланып, жүргізушілер қозғалыстың толық тоқтап қалғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Жаһандық жарыс: Еліміз тоғызқұмалақтан 30 медаль еншіледі
Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден келген 180-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Қараша, 2025
Елімізде қалдықтарды реттеудің жаңа әдістері қолданылады
Бүгін Үкімет отырысында 2026-2030 жылдарға арналған қалдықтың барлық түрін басқарудың жаңа тұжырымдамасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2025
Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту шараларын жеделдетуді тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов сауда-логистикалық хабтарды дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмысты жеделдету қажет екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Қараша, 2025
OpenAI енді пайдаланушыларға ChatGPT ішінде топ болып сөйлесуге жол ашты. Бұл қызмет достардың, әріптестердің, тіпті отбасының ортақ чатта жиналып, ой бөлісуіне, жоспар құруына және құжат дайындауына ыңғай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша теңге жәрдемақы берілді?
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша 542,8 мың адамға және асыраушысынан айырылу тұрғысында шамамен 175,4 мың адамға жалпы 617 млрд теңгеден астам сома төленген. Оның ішінде 543,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) берілсе, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 74,6 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2025
Елімізде бес ірі трансшекаралық хаб іске қосылады
Бүгінгі Үкімет отырысындағы күн тәртібінде трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері мен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. Салдарынан бес адам жарақат алып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Мемлекеттің экономикадағы үлесі: Нарық талабы не дейді?
Халықаралық валюта қоры миссиясы ел экономикасында артық жүктеме байқалуы мүмкін деп жобалап отыр. Қор дерегінше, 2025 жылы ІЖӨ мұнай өндірісі мен ішкі сұраныс есебінен 6%-дан жоғары өседі. Алайда инфляция 13%-дан асып кеткен. Бұған жұмсартылған бюджет саясаты, тұтынушылық несиелердің өсуі, Ұлттық қордан бөлінетін ірі трансферттер себеп болған.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Астанадағы ботаникалық бақта спорттық жүгіруден кезекті Taldau Run өтті. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытындағы бастамаларын қолдау мақсатымен ұйымдастырылған іс-шараға Taldau Community-ден 200-ден аса адам, сондай-ақ саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен талдау құрылымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қарағандыдан арнайы келген бірінші өңірлік талдау мектебінің тыңдаушылары да бар.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Өндірісті өңірдің өрісті кәсіпорны
Екібастұзда әлемдегі ең ірі ферросилиций зауыты іске қосылды. Аталған жоба – индустрияландыру аясындағы кезекті нысан ғана емес, жоғары технологияларға, экспортқа және өңірлердің тұрақты дамуына негізделген еліміздің жаңа экономикалық дәуірінің рәмізіне айналуға тиіс.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Аралдың шарасы толып тұрған кездегі балығының дәмін әлі күнге жыр қылып айтатындар аз емес. Әсіресе бекіренің бәсі бөлек болыпты. «Өзімізді қойып, қазір шет мемлекет саналып жүрген одақтас республикалардың біразына жол тартқан бренд қой» деп еске алады көнекөздер. Атақты су маржанының теңізге салған ауға ілікпегеніне де 60 жылдан асып барады. Арада осынша жыл уақыт өткенде жергілікті кәсіпкер Ғалымжан Нағиев Қызылорда қаласының іргесіндегі Талсуат елді мекенінде осы балық түрін өсіруді бастады.
Білім • 25 Қараша, 2025
Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек
Бүгінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы еліміздің білім брендіне айналып үлгерді. Білім мен ғылымы дамыған елдің бәсі биікте болатынын озық елдердің тәжірибесі көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына жоғары баға беріп: «Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр» деген еді.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Ел экономикасының негізгі буыны саналатын ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы – қашан да басты назарда. Соның қатарында халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі аталған сектордың өркендеуіне тікелей байланысты.
Ғылым • 25 Қараша, 2025
Қазақ библиографиясының байыпты белесі
Ұлттық библиографияны жүйелеу – рухани мұрамызды болашаққа жеткізудің сенімді жолы. Елімізде библиографиялық қызметтің қалыптасу кезеңі 1933 жылдан басталады десек, дәл сол жылы 7 қазанда Қазақ КСР Орталық кітапханасында арнайы бөлім құрылып, 1934 жылы алғашқы көрсеткіш жарық көрген болатын. Алматыда өткен «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ел ғылымындағы маңызды бағдардың бүгіні мен болашағы сараланды.
Сұхбат • 25 Қараша, 2025
Жұлдыз Данбаева: Шетелден шипа іздейтіндер ел медицинасының әлеуетін ескермейді
Астана қаласы әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық ауруханасы ресми құрылған уақыт Covid-19 пандемиясымен тұспа-тұс келген еді. Бұл жылдан-жылға кеңейіп, халқының саны көбейіп жатқан елорда медицинасындағы елеулі жаңалық болды. Ауруханаға сол қиын кезеңдерден қазірге дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Данбаева жетекшілік етеді. Жоғары санатты дәрігер жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын алды. Денсаулық сақтау саласының білгір маманымен сұхбаттасудың сәті түсті.