Алматы • 25 Желтоқсан, 2025

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Мерекеге 300 бала шақырылды. Олардың қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық саласында жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жас қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлық табысталды.

Жаңа жылдық Президент шыршасы — жылдан жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, олардың жан-жақты қолдау көріп жатқанын сезіндіруге, сондай-ақ өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен айрықша назардың маңызын айқындай түседі.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше