Соңғы жаңалықтар
Табиғат • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметінше, инспекторлар 18 қараша сағат 22:45-те Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде резерват аумағында заңсыз аң аулаған Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Қазақстан экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған «Инвестицияға тапсырыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Silk Way Star конкурсының жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылар алқасының шешімі, 50% – көрерменнің онлайн-дауыс беруі. Дауыс беру жүйесі барынша ашықтық пен барлық қатысушыларға әділдікті қамтамасыз ету мақсатында «Евровидение» сияқты халықаралық байқаулар үлгісінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Таразда хабарландыру арқылы қолайлы «жұмыс» тауып, бір-ақ күн істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Қараша, 2025
Мемлекет қайраткері Оразгүл Асанғазы «Ата-ана - баланың айнасы» форумына қатысты
Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті V шақырылымының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Оразгүл Асанғазының қатысуымен «Ата-ана - баланың айнасы» тақырыбында ата-аналарға арналған ерекше форум өтті.
Ғалам ғажаптары • 22 Қараша, 2025
Ежелгі тіршілік белгісін тапты
Ғалымдар миллиардтаған жыл бұрын қалыптасқан тастардан тіршілік белгісін тапты.
Ғалам ғажаптары • 22 Қараша, 2025
«SoundCam Go» – дыбысты «көре» алатын алғашқы портативті камера. Бұл шағын құрылғы смартфонмен және арнайы қосымшамен жұмыс істейді.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Фотосуретшінің музей-үйі жөндеуге зәру
Павлодардағы Дмитрий Багаевтың музей-үйі XIX ғасырда тұрғызылған көне үйде орналасқан. Бұл үйде фотосуретші заманында әулие Мәшһүр Жүсіпті суретке түсіріп алған екен.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Орал қаласында қазақша күрестен «Өнер барысы» турнирі өтіп, оған облыстың мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Туған ауылынан тапжылмаған Мелістің балалық шағы ауыр жылдармен тұспа-тұс келген еді. Қаршадай қара баланың көрмегені жоқ. Әкесі майданнан оралмады. Ауыр бейнеттен көк иық болған шешеде дамылдық болмайды. Бір үйде үш бала. Ересегі өзі болғандықтан, іні-қарындасына нан тауып берудің қамымен күзгі жиын терінде масақ теретін-ді.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті. Қазақ музыкасының көпқырлы мұрасын филармония ұжымдарының жоғары кәсіби деңгейі арқылы паш еткен ән мен күй мерекесі ерекше мәдени оқиғаға айналды.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұстанған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек басталды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Қаздар қайта салысымен жауған қар еріп кеткен. Таудың теріскейінде ғана ала қанаттанып жатыр. Күздің ұзақтығы төрт түлікпен күнелтіп отырған ауылдағы ағайынға жайлы болып тұр.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстанның футболшылары өзінің 115-орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз Мавритания мен Малайзияның ортасында тұр.
Заң мен Тәртіп • 22 Қараша, 2025
Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Жылдағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны азайған. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарымен тікелей жүздесу барысында бейресми жалға беріліп жүрген 62 пәтерді анықтады. Оның көбі облыс орталығы Талдықорған қаласында тіркелген.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала
Биыл елімізде дана Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Ақынның туған жері Семей өңірімен қоса республиканың әр аймағында ұлы ойшылдың мерейтойы тойланды. Шымкент қаласы да солардың қатарынан қалмай біраз іс-шараны республика деңгейінде ұйымдастырды. Оның ішінде «Абай әлемі» мен «Абай оқулары» байқауларын айтып өтуге болады. Мегаполисте Абай Құнанбайұлы атында үлкен саябақ бар. Сол саялы мекен төрінен 2009 жылы «Хакім Абай» деп аталатын музей ашылған.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр. Джиу-джитсу сайысында Серік Алдияр чемпион атанды. 69 кг салмақта бағын сынаған отандасымыз финалдық тартыста саудиялық Мохаммед Хурайминаны айқын басымдықпен жеңді. Серіктің жеңісті сапарын Мариан Журавлева жалғады. 70 кг салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан белдесуге шығып, финалда палестиналық Даниа Обейдті оңай ұтты.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Шымкентте «Еңбек өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мыңнан астам жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Спорт • 22 Қараша, 2025
22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.
Спорт • 22 Қараша, 2025
«Ұлы дала жорығы» – бірлікке бастар бірегей жоба
Қостанай облысында «Amanat» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткен халықаралық ат марафоны – «Ұлы дала жорығы» спорттық іс-шара емес, нағыз рухани, мәдени және патриоттық бірегей жоба. Іс-шара ұлы ақын һәм «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Білім • 22 Қараша, 2025
Шетелдегі қазақ ғалымдары: интеллектуалдық өрістің жаңа көзі
Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.
Айбын • 22 Қараша, 2025
Әскери медицина – қорғаныс саламаттылығының негізі
Әскер сапындағы әрбір сарбаз үшін мықты да мінсіз денсаулық – Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал да талапқа сай атқарудың алғышарты. Күнделікті жаттығу, қатаң тәртіп, ауа райының құбылмалы жағдайлары, физикалық жүктемелер мен тактикалық тапсырмалар жоғары дене дайындығы мен темірдей төзімді талап етеді. Сондықтан денсаулықты күту, дұрыс тамақтану мен тұрақты медициналық бақылау – әскери өмірдің ажырамас бөлігі.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Жапонияның «Kusanone» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы өңірлерге көмек беруді жалғастырып жатыр. Осы ретте олар Шығыс Қазақстан облысының аутизм дертіне шалдыққан балаларға қаржы бөлді.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ТМД жастары байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық жастар байқауы өтті. Финалдық кезеңде Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның кіл талантты қатысушылары инновациялық жобаларын таныстырды.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Армян ағартушысы атындағы көше ашылды
Астанада армян халқының ойшылы әрі ағартушысы Месроп Маштоцтың атына көше берілді. Ол елорданың сол жағалауындағы Қабанбай мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан. Ұзындығы – 750 метр.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Еларалық келісімге қол қойылды
Үкімет үйінің ғимаратында Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізде ресми сапармен жүрген Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі өтті.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қаржы нарығы: сын-қатер мен мүмкіндік
Қаржыгерлер конгресі макроэкономикалық саясат пен қаржы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын басты диалог алаңына айналды. Осымен он үшінші рет өтіп жатқан конгрес қатысушылары қаржы секторын ырықтандыру мен оның экономикалық өсімге тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.