аз
Ұлттық спорт • 12 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен XVII ҚР чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өткен құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2024
-32 градус: Елімізге аяз қайта оралады
«Қазгидромет» РМК мамандары 13 ақпан мен 15 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2024
+ 40 градустан жоғары. Алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болады - ТЖМ
Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов алдағы жаз былтырғыдан да ыстық болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Боранда халыққа көмекке асыққан қызметкерлер мемлекеттік наградаға ұсынылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Ақпан, 2024
Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?
Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионатына баланған Странджа кубогі мәресіне жетті. Ел құрамасы бұл бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен 5 орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2024
Қазақстанның бірқатар облысында қалың қар жауады
Синоптиктер 12 ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.
Оқиға • 10 Ақпан, 2024
Екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды
Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақаттанған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Еліміздің бұрымды боксшылары қатысатын «Париж-2024 лицензиялық турнирі» өтеді
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында наурыз айының 4-12 күндері аралығында өтетін Париж-2024 лицензиясы сарапқа салынатын әлемдік турнирде Қазақстан қыздар құрамасы бес салмақ бойынша Олимпиада жолдамасына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Хоккей • 09 Ақпан, 2024
Хоккейден ӘЧ-2028 қайда өтеді? Қазақстан өтінім берді
Қазақстан шайбалы хоккейден 2028 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындарын қабылдауға өтінім берді. Бұл туралы BasSport.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Ақпан, 2024
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2024
Алматыда алаяқ шенеунік қолға түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматыда шенеунік шарт жасасу сылтауымен жергілікті кәсіпкердің 21 миллион теңгесін алаяқтықпен алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
Ел азаматтары наурыз айында қанша күн демалады?
2024 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Ол 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Қазақстанда қайта маска тағу міндетті орындар бекітілді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойып, маска тағу міндетті орындарды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 09 Ақпан, 2024
Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды
Өткен түні Франция астанасы Париж қаласында Ұлттар лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Түркістан облысындағы азық-түлік дүкенінде жарылыс болды
Оқиға Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында болған. Қалада орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде қысқа толқынды пешті қосқанда газ жарылған. Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, деп жазады Egemen.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
«Су құбыры жарылған». Алматыдағы лай көшкінінің себебі белгілі болды
Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы Тау-Самалы шағынауданыдағы 2 үйді лай көшкіні басты. Оқиға салдарынан 1 отбасының 4 мүшесі көз жұмды. «Қазселденқорғау» мекемесі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
«2 келі есірткіні жұтып қойған». Контрабандалық арнаның жолы кесілді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп жазады Egemen.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Боранды жел, қалың қар. 12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол жабылды
8 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 61-інде қозғалыстың барлық түріне шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды
Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2024
Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алады – Жанар Байсеміз
Бұл туралы Жанар Байсеміз өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды
Алматыда лай көшкіні болған жерден бір ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Ақпан, 2024
Бүгін елімізде ауа райы күрт нашарлайды
Синоптиктер 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Ірі мөлшерде қаржы жымқырған алаяқ ұсталды
6 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
Қазақстан-Сингапур арасында инвестицияны көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне қазақы тазының екі күшігін сыйлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
Қазақстанда дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына дабылдың қосылуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді
Екінші дүниежүзілік соғыстың сарбазы Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен сарбаздың сүйегі Ресейден жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
Азия чемпионаты: Қоржынға екінші күміс түсті
Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында ел қоржынына екінші күміс түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.