ми
Экономика • 12 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Тәжікстан сауда айналымын ұлғайтады
Қазақстан мен Тәжікстан инвестициялық жобаларды кеңейту және бірлескен кәсіпорындар құру арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2025
Президент Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 12 Ақпан, 2025
Америка ғалымдары Трамптан неге қауіптенеді
АҚШ-тың 47-ші президентінің бірқатар жарлықтарының «дүдамалдығы» себепті ғылыми зерттеулерге гранттық бағдарламалармен қолдау көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы британиялық «Nature» ғылыми журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2025
Шетел қаржыландыратын ұйымдар жат құндылықтарды насихаттайды - депутат Смирнова
Парламенттің пленарлық отырысында Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстандағы USAID қызметіне қатысты Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Депутаттың пікірінше, шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр, өйткені бұл елімізге жат құндылықтарды насихаттауға пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Ақпан, 2025
Қазақстан халқы құқықтық сауаттылықтарын қалай арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
ЛГБТ ұйымдары жабылсын! Елімізде осындай бастама көтерген петиция пайда болды
"Елімізде USAID және ЛГБТ ұйымдары жабылсын!" деп мәселе көтерген қоғам белсенді Бағила Балтабаева бастамасын Мәдениет және ақпарат министрлігінің назарына ұсынған. Құжат тиісті қол жинаса, министрлік деңгейінде талқыланатын болады.
Білім • 11 Ақпан, 2025
Колледждерде дрон құрастыру мамандары даярланады
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің ашылуында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Биылғы жылдың 28 қаңтарында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 10 Ақпан, 2025
Жоғарғы Сот әскери қызметшінің құқығын қорғады
Жоғарғы Сот әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2025
«Damumed»-ке рұқсатсыз қол жеткізген екі тұрғын ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген Жетісу облысының тұрғындарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2025
Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне жоспарланған көлемнен 100 миллион текше метрге артық су жіберілген. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін жіберілетін судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Ақпан, 2025
АҚШ-та жойқын апат болуы мүмкін
АҚШ-та 9 баллдық зілзала мен цунами болуы мүмкін. Daily Mail басылымының жазуынша, Колумбия университетінің сейсмологтары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2025
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны қос медальмен толықты
Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр. Туризм және спорт министрлігі бүгінгі жарыс күнінде күміс, қола жүлде еншілеген спортшыларымыздың сүйінші жаңалығын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2025
Польша дипломаты қазақ тілінде дәріс оқыды
7 ақпан «Даму күні» аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен қызметкерлері Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті. Польша дипломаты «Польшаның Еуропалық Одақ құрамында 20 жылдығы» тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Ақпан, 2025
Қосымша құн салығын көтеру бюджет тапшылығын жоймайды - сарапшы
28 қаңтар күні Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен еді. Жиында премьер-министр қосылған құн салығының мөлшерін көбейтуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2025
Тек бюджет қаржысымен экономиканы жаңғырту мүмкін емес - Президент
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында экономиканы тек бюджет қаржысымен жаңғырту мүмкін емес екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Медиа сауаттылыққа мектеп кезінен тәрбиелеу керек - Балаева
Бүгін, 6 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында медиа кеңістіктегі жалған ақпарат мәселелеріне тоқталып, 2024 жылы онлайн платформаларда заңсыз контентті орналастырудың 67 000-нан астам фактісі анықталғанын, олардың 18 000-нан астам материалы жойылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 06 Ақпан, 2025
Биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі іске қосылады
Бүгін, 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Аида Балаева саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
2025 жыл – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл - Аида Балаева
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылғы жұмыстың бағыт-бағдарына, мақсат-міндеттеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 06 Ақпан, 2025
Қорғаныс министрі Astana IT University студенттерімен кездесті
Әскери кафедралардың дайындық бағдарламасын реформалау аясында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі Astana IT University-не барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Ақпан, 2025
Америкада заңсыз мигранттар түрмеге тоғытыла бастады
АҚШ-тан депортацияланған мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Қазақстанның арнайы жасағы әлемнің үздік үштігіне кірді
Дубайда өткен SWAT Challenge жарысында қазақстандық командалар өз шеберліктерін көрсетіп, әлемнің үздік үштігі қатарында көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Ақпан, 2025
Қ.Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Нұрлан Әбдіров Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Ақпан, 2025
Сирияда мина жасырылған көлік жарылды
Сирияның Алеппо қаласында мина қойылған көлік жарылып, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Министр су басу қаупі бар облыстарды атады
Мәжілісте өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су басу қаупі бар 23 елді-мекен анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2025
Джабер әл-ТЕМИМИ: Экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті зор
Кейінгі жылдары Тигр мен Евфрат өзендері аумағын алып жатқан тарихи Месопотамия мекенінің бүгінгі мұрагері – Ирак мемлекетімен қарым-қатынасымыз жан-жақты жанданып келеді. Әсіресе сауда-экономика, мәдени және туристік салаларға айрықша көңіл бөлініп отыр. Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажм Абдолла әл-Темими мырзамен болған сұхбатта осы байланыстардың бүгіні мен келешегі жайында кеңінен әңгіме өрбіді.
Медицина • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда қатерлі дерттен қайтыс болатындар саны азайған
4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді. Осы күнге орай Денсаулық сақтау министрлігі маңызды деректерді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін табыс көлемі айтарлықтай өсті
Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін табыстың айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Өткен жылы түсім сомасы 48 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Ақпан, 2025
5 мың мигрант АҚШ-тан шығарылды
Дональд Трамп президенттік қызметіне ресми кіріскен екі аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мың адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 03 Ақпан, 2025
Милана Сафронова кәсіпқой боксқа ауысты
2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сол жылы Банкгогта өткен Азия чемпионатында үшінші тұғырға көтерілген Милана Сафронова өзін кәсіпқой рингте сынап көрмек, деп жазады Egemen.kz.