
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,50 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 605 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр;
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр;
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 13,9, Бітік су қоймасынан секундына 11,0 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,5 текше метр;
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 15,6 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 15,8 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр;
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр;
Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метр;
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 410,8 текше метр;
Петропавл су қоймасынан 56,98 текше метр су жіберілуде.