и
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов «Ауыл» партиясы атынан жаңа Конституция жобасына қатысты баяндама жасады. Депутаттың айтуынша, партия өкілдері БАҚ пен қоғамдық алаңдарда түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқанына қарамастан, партия ішінде жаңа Конституция жобасын қосымша талқылауды қажет деп санаған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Қазір елде қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, біздің айтқандарымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Ертең, 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық қағидатын айқындау және «Ұлы дала» ұғымын құқықтық деңгейде бекіту мәселесі көтерілді. Бұл бастама мемлекеттің тарихи негізін, біртұтастығын және егемендік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті
АҚШ-та Гарвард университеті мен Ақ үй арасындағы даулы мәселе қайта ушықты. Дональд Трамп университеттен 1 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды
АҚШ күштері Арабия теңізінде Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесіне жақындаған ирандық «Shahed-139» ұшқышсыз ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Петропавл қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Ролан Зуевтің мәйіті қала шетіндегі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Жүрсін Ерман: Жаңа конституция – елдің, халықтың үміті
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерманов конституциялық реформағақатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кеңесші: жаңа Конституция – ұлттық мүддені көздейді
Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Эльвира Азимова: Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді
Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына және оның ел дамуындағы стратегиялық рөліне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Артур Ластаев: Жаңа Конституцияда адамның барлық құқықтары мен бостандықтары сақталған
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы – бұл барлық келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның жетінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Конституциялық реформаға көзқарас: Қоғамның пікірі қандай?
Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан ел азаматтарының басым бөлігі Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірген. Сонымен қатар респонденттер ұсынылған өзгерістердің жеке әл-ауқат пен өмір сүру сапасына ықпалы болуы мүмкін екенін атап өткен. Бұл деректер Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймардановтың баяндамасында айтылды, деп жазады Egemen.kz
Энергетика • 03 Ақпан, 2026
Франция Қазақстанның атом-энергетикалық жобаларына қалай қолдау көрсетеді?
Елдегі Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Францияға жұмыс сапары аясында Парижде мемлекеттік органдар мен француз атом саласындағы жетекші компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Мұрат Әбенов: Егемендік пен халықаралық құқықтың теңгерімі сақталған
Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Ақпан, 2026
Тоқаев Пәкістанға барды: Жойғыш ұшақтар Президент ұшағымен қатарласып ұшты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен аттанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Азат Перуашев: Конституциялық реформа билік жүйесіндегі теңгерімді күшейтеді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер теңгерімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Елнұр Бейсенбаев: Ел азаматтары жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды
Ел тұрғындары жаңа Конституцияның ережелерінің 98%-ын қолдайды. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл құжат – еліміздің дамуы мен қоғамның сенімінің айғағы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Динара Зәкиева: Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген кешенді тексерулер салада жүйелі заңбұзушылықтардың бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 03 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл мәселесі қайта қаралды. Қоғамда айтылып жүрген сауалдарға жауап берген сарапшылар негізгі заңда қазақ тілінің орны өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады
Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады
Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?
3 ақпанда жарияланған UFC-дің жаңартылған рейтингінде жартылай орта салмақтағы үздіктер қатарынан Шавкат Рахмоновтың есімі табылмады. Америкалық промоушен отандық файтерді тізімнен толық алып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Экономист әлеуметтік түйткілдер туралы: Атау ауыстыру мәселені шешпейді
Әлеуметтік шығындарға қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже көңіл көншітпей тұрған тұста қоғамда жүйенің тиімділігіне қатысты сұрақ көбейді. Экономист Ерлан Кәрімов еліміздің әлеуметтік қаржыландыру моделін қайта қарауды ұсынып, Сингапур тәжірибесін мысалға келтіреді. Оның пайымынша, мәселе қаражат көлемінде емес, оны басқару логикасында, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция жылдық мәнде 12,2%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсанымен (12,3%) салыстырғанда сәл төмендеген. Алайда айлық динамикада баға өсімі жеделдеп, 1%-ға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
Азия Олимпиадалық кеңесі 2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.