ақы
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылға дейін зейнетақы жинағынан қалай ақша алып қалуға болады?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері орташа есеппен 10%-ға көбейеді. Яғни, жаңа жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алуға болатын соманың бір бөлігі қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 22 Желтоқсан, 2025
Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?
Көп адам байлықты ай сайынғы табыспен өлшейді. Бірақ инвестор Аман Әлімбаев бұған басқаша қарайды. Оның айтуынша, шынайы байлық табыста емес, активтерде жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйкес, 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Алматыда әскерге шақырылатындарды жинау орны ашылды
Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әкімдік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2025
Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты
Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнім • 19 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары табысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында азаматтардың орташа шығыны жан басына шаққанда 324,5 мың теңгені (айына 108,2 мың теңге) құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел тұрғындары табысының басым бөлігін, яғни 52,3%-ын азық-түлік сатып алуға жұмсайды. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 60%-дан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін жәрдемақылармен орта есеппен 847,9 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 555,8 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Желтоқсан, 2025
Алматылықтардың орташа айлық жалақысы белгілі болды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Биыл бала туғаны және бала күтімі үшін ел тұрғындары қанша ақша алды?
2025 жылы 535 мыңнан астам қазақстандық бала тууына және бала күтіміне байланысты мемлекеттік қолдауға ие болды. Бала тууға және күтімге арналған жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 749 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2025
2026 жылы Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?
2026 жылы Қазақстанда тағы алты автожол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды
Отбасы банк ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын делдалдар арқылы шығарып жүргеніне алаңдаулы екенін білдірді. Банк сонымен қатар, пластикалық операцияларға зейнетақыдан артылған қаржыны пайдалану бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 10 Желтоқсан, 2025
Экономист: iPhone 17 Pro – елдегі әлеуметтік теңсіздіктің көрсеткіші
Жаңа iPhone 17 Pro (256 ГБ) шамамен 860 000 теңге бағамен сатылымға шыққан сәттен бастап, бұл смартфонды сатып алу мүмкіндігі қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көрсететін өзіндік әлеуметтік көрсеткішке айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2025
2026 жылы зейнетақы жинағының шегі өзгереді
2026 жылы зейнетақы жинағының жеткілікті шегі орта есеппен 10 пайызға өседі. Өсім болжанған инфляция деңгейіне сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы жинағын қалыптастыру не үшін маңызды?
Қолданыстағы зейнетақы жүйесі әр азаматтың өз болашағына жауапкершілікпен қарауына бағытталған. Өкінішке қарай, бұл нәрсені жете түсінетіндер аз. Өткен жылдың күзінде Стратегиялық зерттеулер орталығы аталған мәселеге қатысты зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 24,2%-ы қартайғанда мемлекеттік бюджеттeн бөлінетін зейнетақымен күнелтемін деп ойлайды екен. 2021 жылғы сауалнама қорытындысымен салыстырғанда, мемлекеттік зейнетақыға үміт артып отырғандардың үлесі 42,6%-дан 24,2%-ға дейін айтарлықтай төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы зейнетақы және жалақы мөлшері өзгере ме?
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңге болып белгіленді. 2025 жылы 3 932 теңге болған. Осыған байланысты зейнетақы мөлшері де өзгереді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Жұмысшыларға жалақысын бермеген 494 кәсіпорын анықталды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 494 кәсіпорын 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңге көлеміндегі жалақысын бермей келгенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Желтоқсан, 2025
Алматыда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттамайды
Алматы әкімдігі қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мқоғамдық көліктерде жаңа тарифтік мәзірді енгізу кейінге қалдырылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы активтерінің көлемі 25 трлн теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы есепті жариялады. Ұлттық банк (ҰБ) пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) басқаратын қаражаттың жалпы көлемі 25,8 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2025
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді. Нұрлан Жақыпов Қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты. Соның ішінде осы жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңгеге 9 ірі жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Отбасының цифрлық картасы: 246 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) Қазақстандағы барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жинақталған деректер негізінде қалыптасады. Қазір онда 20 млн-ға жуық азамат және 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Зейнетақы қоры соңғы 11 жылда 13 трлн теңге табыс тапты
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бергі жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банк басшыларының 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па? Сүлейменов жауап берді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Қараша, 2025
Ақылы автожолдардан түскен 72 млрд теңге қайда жұмсалды?
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында ақылы жолдардан 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алады?
2025 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша, бұл төлемді 207 780 адам алған, оларға 22,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар қанша теңге жәрдемақымен қамтылды?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 603 мың отбасы 436,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,4 мың адам 65,2 млрд теңгеге қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Он үшінші жалақы кімдерге беріледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлер қандай жағдайда сыйақы немесе «он үшінші жалақы» алуға үміт арта алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.