Соңғы жаңалықтар
Президент • 21 Қараша, 2018
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 21 Қараша, 2018
Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба – рухани жаңғыру бағдарламасына орай қолға алынатын елеулі жобалардың бірі болмақ.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жаңа дүниесін оқып отырып, әрбір сөзіне, әрбір сөйлеміне, әрбір ой-пікіріне, қағидаттары мен тұжырымдарына рақаттанып, әлемдік әдемі әңгіме ретінде қабылдадым.
Кино • 21 Қараша, 2018
Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында «Түркі киносы – даму бағыты» атты түркі киносын әлемге танымал етудің жолдарын әңгіме арқауы етіп, талдаған дөңгелек үстел болып өтті.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 21 қараша, сәрсенбі күні Ақтөбе қаласындағы жоғары технологиялық өндіріс нысандарын аралады.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті
«Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесінің тілшілері еліміздегі қабырғалы оқу ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттерімен шеберлік сабағын өткізді. Болашақ журналистермен кездесу ел газетінің бүгінгі санында жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен дөп келіп отыр.
Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты
Нидерландтық кәсіпкер, "Грин Капитал Қазақстан" ЖШС басшысы Алевен Диедерик Теодорик Ақтөбе облысының шетелдік инвесторларға несімен тартымды екенін айтты. Ол сондай-ақ жергілікті билікке Ақтөбе қаласындағы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым
Елбасының Егемен Қазақстан газетінен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен танысып, халқымыздың тамыры терең тарихына бойлап, толғанып отырмыз. Өткеннен өнеге алып, болашаққа бағдар жасау саналы ұрпақтың өнегесі. Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ жері ұрпағына қалай аманат етсе, біз де келер ұрпағымызға ата дәстүрімізді, салт-мәдениетімізді, тарихымызды сол қалпында жеткізуіміз шарт. Осы мақсатта Елбасы туған халқының бар болмысын тереңнен суыртпақтап алдымызға жайып салды.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады
Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Себебі, әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан
Бұл жайында С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде өткен Елбасының «Егеменде» жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау барысында айтылды.
Футбол • 21 Қараша, 2018
«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді
Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Ақтөбе облысы бойынша жекешелендіру нысандарының тізіміне тоғыз коммуналды жекеменшік нысаны кірді, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы да бар. Елдегі барлық футбол клубы жекешелендіруге жатады.
Футбол • 21 Қараша, 2018
Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды
Бүгіннен бастап футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылуда. Бұған дейін біз айтулы жарыста қай команданың қандай орынға жайғасып, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу сынында олардың қай себетке түскен жайында баяндағанбыз.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын жаңа еңбегі оның 2017 жылғы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы болып табылатыны даусыз. Өйткені Мемлекет басшысы бұл еңбегінде де Ұлы даланың тарихына, руханиятына қатысты бірнеше жобаларды ұсынып отыр.
Аймақтар • 21 Қараша, 2018
Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді
«Бастау» жобасының тыңдаушыларына көшедегі сауданы ұйымдастыру үйретілді.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі
Кез келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үнілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын айқындауға болады.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады
Іріктеуден өткен қазақстандық 25 БАҚ Chartbeat компаниясымен келісімшартқа қол қойып, кең жұртшылыққа қандай деректерді ашуға дайын екендігі жайлы ортақ шешім қабылдады. Бұл шешім отандық БАҚ нарығының айқындылығын қалыптастыру мақсатында жасалып отыр.
Спорт • 21 Қараша, 2018
Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті
Дзюдошылардың жаңартылған рейтингіне зер салсақ, қазіргі кезде Жапония мен Грузия балуандарының қарқыны өте күшті екенін аңғару қиын емес.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты
Белгілі ғалым, орнитолог, Пулитцер сыйлығының иегері Джаред Даймонд өзінің «Қару-жарақтар, микробтар мен шарболат» атты кітабында бір тағылымды тұжырым жасайды. «Өркениет Батыс Еуразиядан басталып, Батыс Еуразиямен бітпейді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта-ақ Еуразияның өне бойында, өзге құрлықтарда жазба мәдениетімен қатар орталықтандырылған саяси билік, қалалар мен өндіріс, қолға үйретілген үй жануарлары, металл қару-жарақ пен еңбек құралдары болған». Дүние жүзі ғалымдары осы ақиқатты бір ауыздан мақұлдап отыр.
Әлем • 21 Қараша, 2018
Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр
Португалияның Лиссабон қаласында қарашаның 19-ы мен 25-і аралығында өтіп жатқан 12-ші Халықаралық Lisbon & Sintra Film Festival кинофестивалінде Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы өтуде, деп хабарлайды «Қазақфильм» баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Қараша, 2018
Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті
Шымкентте өткен денсаулық акциясында қала тұрғындары терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр, офтальмолог және жалпы практика дәрігерлерінен тегін медициналық кеңес алды. Ақ халаттылардың көмегіне жүгінген 200-ге жуық қала тұрғынының 169-ы кіші лабораториялық тексеруден өтті.
Жеңіл атлетика • 21 Қараша, 2018
Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді
Көркем гимнастикадан Израильде өткен халықаралық турнирге қатысқан маңғыстаулық спортшылардың барлығы жүлдемен оралды, деп хабарлайды Sports.kz
Әлем • 21 Қараша, 2018
Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті
Шереметьево әуежайынан ұшып бара жатқан «Мәскеу-Афины» бағытындағы ұшақ ер адамды қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Аймақтар • 21 Қараша, 2018
«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды
«Отандастар» қоры алдағы бес жыл ішінде экскурсиялық турларды еліміздің өңірлерінде жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Ізгі мақсатты жүзеге асыру Түркістаннан басталды.
Президент • 21 Қараша, 2018
Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар
Бүгін жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар екенін айтты.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы - «Рухани жаңғыру бағдарламасының» жалғасы әрі қоғамдық тұтастық пен бірлікке бастау болатын тарихи сананы жаңғырту тұрғысындағы мазмұны мен мәні терең ой-толғам. Мақалада Президент Ұлы Даланың мақтаныш ете алатын жеті ерекше қырын атап өтеді.
Бокс • 21 Қараша, 2018
Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады
Бұл күндері бокстан Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында мықтылар мен осалдардың ара-жігі ажырап, алдағы күндері жүлделі орындар үшін талас басталады.
Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Соңғы мәліметтер бойынша, облыс көлемінде 2017-2018 жылдары жер учаскесінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты қайтарылған және игерілмеген көлемі 26413,87 гектарды құрайтын 452 жер учаскесі анықталды. Жалпы көлемі 20733,2054 га болатын барлығы 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Қазақстан • 21 Қараша, 2018
Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты төл тарихымыздың тұңғиығын екшеген тамаша мақаласы жарық көрді. Ұлт тарихының ұлағатын ұқтыратын салмақты да салиқалы еңбекті тұшына оқып, тәнті болдық.