Соңғы жаңалықтар
Саясат • 17 Қаңтар, 2026
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Байқау • 17 Қаңтар, 2026
Бейжіңде туған қазақ актрисасы Риза Әлімжанқызы Қытай телеөнер саласындағы ең беделді марапат «Flying Apsaras Awards» сыйлығын жеңіп алды. Ол «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» атанды. Аталған драма 2021 жылдың қаңтар айында Қытайдағы бес ірі телеарнадан көрсетіліп, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.
Саясат • 17 Қаңтар, 2026
Отандық өнімдер әлемдік нарыққа таныстырылды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Берлиндегі Grüne Woche көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты.
Басылым • 17 Қаңтар, 2026
Бұл – атаулы кітап. Тіпті атойлап таныстыруға да тұрарлық. Авторы Арман Әлменбет былтыр жас ақын-жазушыларға берілетін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты осы шығармасымен жеңіп алды. «Проза» аталымы бойынша.
Саясат • 17 Қаңтар, 2026
Медициналық сақтандыру қорындағы заңсыздық
Былтыр жылдың аяғында Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметіне талдау жүргізуге тапсырма берген еді. Кеше Қаржы министрлігі талдаманың қорытындысын жария етті.
Мирас • 17 Қаңтар, 2026
Федоров ауданындағы Ыбырай мектебінің мұғалімі Айдын Диханбай қолдан қамшы, торсық, былғары белбеу жасайды. Қазір мектеп жанынан үйірме ашып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулып жүр.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2026
Қаржы ұйымдарымен ынталы ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Ертең кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді
Қазгидромет еліміздің 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қаңтар, 2026
ҚазҰУ-да Ұшқышсыз авиация орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда жекеменшік мектептердің мәселелері талқыланды
Алматы қаласында жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері саладағы ағымдағы жағдайына арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
БҚО-да үш жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысында 3 млн теңгеден астам алимент қарызы бар борышкер ұсталды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Инфрақұрылым • 16 Қаңтар, 2026
Ақтауда ауыз су өндіру қуаты кезең-кезеңімен артып жатыр
Ақтау қаласын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су өндіру қуатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Әкімінің орынбасары Бейнеуде жол апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денскулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды
Семей қаласында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты. Бұған дейін команданы басқарған бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер бульварына айналды
Алматыда Пушкин көшесі бойындағы аумақты ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аумағы Райымбек даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кеңістік серуендеуге, демалуға және қала орталығының тынысын сезінуге арналған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қаңтар, 2026
Бізде қателесуге жол жоқ: Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапары барысында Алматы энергетикалық тораптарын газға көшіру жөніндегі стратегиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қаңтар, 2026
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заңда қандай мәселелер қамтылған?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң Қазақстандағы банктерді реттеу мен қадағалаудың бес жылдық реформасының қисынды аяқталуы болды және қаржылық орнықтылықтың, бәсекелестіктің, цифрландырудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың заманауи халықаралық стандарттарына көшуді бекітті.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Қазақ − қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін
Мәжіліс алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралық өткізу пункттерінің жұмыс тәртібіне қатысты маңызды құжатты қарайды. Бұл өзгеріс шекара маңындағы қозғалысты жеңілдетіп, сауда мен туризмге серпін беруі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қалай реттеліп жатыр?
Қазақстанда халық жиі тұтынатын дәрілік заттардың бағасы мен қолжетімділігі мемлекет бақылауында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы уақытта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын сақтау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін баға белгілеу тетігіне ауқымды реформа жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды
Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы, қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатына қатысып, 70 келіден аса салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 16 Қаңтар, 2026
Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды
10 қаңтар күні денсаулығына байланысты бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған
Ресей азаматшасы Қазақстан аумағында ағзасын сату үшін Telegram арқылы мәміле жасасып, алғашқы жарна алу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қызылордада алкоголь сатылмайтын ауылдар көбейді
Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы шеңберінде кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Соның аясында Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» 14 ауылдық округтегі дүкен иелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?
Биылғы жылыту маусымы басталғалы елімізде 1 889 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 12 пайызға аз болғанмен, қызыл жалыннан келетін қауіп сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешевтің айтуынша, 2024 жылы өрт 101 адамның өмірін қиса, 2025 жылдың 1 қазанында басталған биылғы жылыту маусымында 87 адам қызыл жалын салдарынан ажал құшқан, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?
Былтыр Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының мамандары – 1 165 мейіргер және 553 жалпы практика дәрігері, яғни 1 700-ден астам қызметкер оқытудан өткен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 16 Қаңтар, 2026
Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілті табысталды
2024 жылдың тамыз айынан бастап бокстан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты лауазымын босатуды шешкен еді. Бүгін Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыстады, деп жазады Egemen.kz.