е
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Желтоқсан, 2025
Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді
2026 жылдан бастап Қазақстанда салық борышы үшін шоттарды бұғаттау ережелері өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
«Баспана алып беремін»: Өскеменде ірі алаяқтық дерегі тіркелді
Өскемен қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арыз иесінің айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген желеумен 9 млн теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 орындық заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Бұл нысанның құрылысы ұзақ уақытқа созылып, түрлі кезеңдерді бастан өткергені жасырын емес. Дегенмен, өңірдің жеке облыс болып құрылуының нәтижесінде жобаға жаңа серпін беріліп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 23 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалады
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды. Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктерін дер кезінде өтеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 23 Желтоқсан, 2025
Ерлан Ғалиев: Геоғылым мектебін дербес құрылым ретінде сақтау керек
Назарбаев Университетіндегі Тау-кен ісі және геоғылымдар мектебінің тағдыры алаңдата бастады. Әңгіме жай ғана факультеттерді біріктіруде емес. Бұл шешім ел экономикасының тірек саласына тікелей әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 23 Желтоқсан, 2025
Елімізде кәсіпкерлерге арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталады
Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясын бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді
Ресей мұнайының бағасы барреліне 34 долларға дейін төмендеді. Ал Brent маркалы мұнайдың баррелі 61 доллар шамасында саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 23 Желтоқсан, 2025
Газ бағасы 2026 жылға дейін өзгермейтін болды
Елімізде ішкі нарыққа тауар биржаларынан тыс жеткізілетін сұйытылған газдың бағасы алдағы уақытта тұрақты болып қалады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қол қойған жаңа бұйрыққа сәйкес, шекті көтерме баға 2026 жылдың 30 маусымына дейін өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматы мерекелік кейіпке енді: қалада 13 жаңа локация пайда болды
Алматыда ауқымды мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді. Қаланың орталық қоғамдық кеңістіктерімен қатар шалғай орналасқан шағынаудандар да қамтылып, барлық ауданда біртұтас мерекелік атмосфера қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сапында егіз сарбаздар қызмет етеді
Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімде төрт бірдей егіз жұп Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Бұны әскер сапындағы ерекше оқиға деп атауға әбден болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активіне және қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Мұқаш Мақсат Асқарұлын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Желтоқсан, 2025
Биыл Қазақстан өнерпаздары қандай биіктерді бағындырды?
2025 жыл өнер саласы үшін әлемдік деңгейдегі айтулы оқиғамен басталды. Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт берді. Мыңдаған көрермен жинаған бұл концерт қазақ өнерінің әлемге танылуына септесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда «Іскер аймақ» бағдарламасы қаралды. Жоба шағын бизнесті дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті
Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл қарсаңында магнит дауылы күшейеді
Жыл соңына қарай Жер шары Күн белсенділігінің жаңа толқынына тап болады. 22-24 желтоқсан аралығында Күн бетіндегі алып корональды саңылаудан шыққан қуатты плазма ағыны платанетамыздың магнитосферасын соққының астына алып, орташа және жоғары деңгейдегі магнит дауылдарын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Amazon алаяқтық жолмен жұмысқа орналасуға тырысқан 1800 адамның өтінішін бұғаттады
Amazon-ның қауіпсіздік жөніндегі басшысы Стивен Шмидттің мәліметінше, компания Солтүстік Кореямен байланысты болуы мүмкін 1 800-ден астам жұмысқа орналасу өтінішін бұғаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz BBS News-қа сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Ел азаматтарының 95%-дан астамы республикада этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп санайды. Бұл қоғамда бейбітшілік пен татулық басты құндылық ретінде сақталып отырғанын және Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысының нәтижесі екенін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды
23 желтоқсанда еліміздің 17 облысында және Астана қаласында боран соғып, көктайғақ болады. Бұл туралы Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлады.
Санкция • 22 Желтоқсан, 2025
Лондонның Ресейге санкциясы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Ұлыбритания ресейлік «Татнефть», «Русснефть», «Руснефтегаз» және «ННК-Ойл» компанияларына қарсы санкциялар енгізді. РИА Новости тізімге барлығы 19 ұйым және бес жеке тұлға қосылғанын жазды.
Инфрақұрылым • 22 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды
Ақтөбе облысында осы жылы 31 елді мекенге газ құбыры тартылды. Тек желтоқсанның соңғы онкүндігінде жеті ауыл тұрғындары осындай игілікке ие болды. Олардың қатарында Байғанин ауданының Қаражар, Оймауыт ауылдары, Шалқар ауданының Алабас, Бершүгір және Сарысай ауылдары, Мәртөк ауданының Аққайың және Покровка елді мекендері бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді
Қызылорда әуежайы вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 22 Желтоқсан, 2025
Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды
Елде жүргізіліп жатқан жүйелі шаралардың нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға, ал орта буын медициналық қызметкерлер тапшылығы 7 пайызға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды
Ұлттық Орталық музейде «Уақыт жаңғырығы» деп аталған сурет көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Ақорда Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездескенін хабарлады.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда маңынан тағы бір халықаралық әуежай салынады деген ақпарат соңғы уақытта қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жаңа әуе айлағы Қарағанды бағытында салынада деген сыбыс жұртты елең еткізді. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 22 Желтоқсан, 2025
Еліміздің БАҚ өкілдері жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін үйренді
Еліміздің ақпарат айдынында үлкен технологиялық жаңғыру жүріп жатыр. Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларын біріктірген екі айлық білім марафоны өз мәресіне жетті. 9 өңірден келген 50-ден астам БАҚ өкілі дәстүрлі қалам мен қағазды цифрлық алгоритмдер мен жасанды интеллектке алмастырудың қыр-сырын үйренді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
«Астана Балет» театры жаңа жыл қарсаңында қандай қойылымдар ұсынады?
Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры көрермен назарына сиқырға толы ертегі қойылымдар топтамасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық іске қосылды
Түркістан облысында менталды бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік нысан – «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Тіс емханасындағы бала өлімі: Астана соты кінәліге қатысты үкім шығарды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қыздың өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.