Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 30 Маусым, 2018
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Ұлттық домбыра күні атап өтілді
Жосалы кенті орталығындағы «Жыраулар үйі» алаңында 1-шілде «Ұлттық домбыра» күніне орай «Ақ добыра қолға алып» атты мерекелік шара жоғары деңгейде аталып өтті. Шараның мақсаты – қасиетті қармақшы өңіріндегі жыраулық дәстүрді насихаттау, күмбірлеген күй төгілген қазақ халқының музыкалық аспабы домбыраның құдіретін келешек ұрпақ санасында жағырту.
Қазақстан • 30 Маусым, 2018
1 шілдеден бастап Қазақстанда виза беру тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
2018 жылғы 1 шілдеден Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу және визаларды беру тәртібіне (ҚР СІМ және ҚР ІІМ 2016 жылғы 26 қарашадағы №1100 бірлескен бұйрығы) енгізілген өзгертулер өз күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бокс • 30 Маусым, 2018
GGG - «Канело» жекпе-жегіне билеттер сатыла бастады
WBA/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 15 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жекке билеттердің сатыла бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан • 30 Маусым, 2018
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Егемен Қазақстан» жолдаған эстафетаны қабыл алды
Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Dombyra-информ» бастамасы жалғасын тауып жатыр.
Қазақстан • 30 Маусым, 2018
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
30 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ та болуы мүмкін. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Президент • 29 Маусым, 2018
Елбасы Астананың «жасыл белдеуінің» нысандарын аралап көрді
Мемлекет басшысы Елорда күні қарсаңында дәстүрлі түрде Астананың «жасыл белдеуін» тікұшақпен аралап, оның даму барысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Парламент • 29 Маусым, 2018
Сенат Төрағасы Куба мен Ұлыбритания елшілерін қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба елшісі Эмилио Пупоны және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның елшісі Майкл Гиффордты олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Қостанайда Кенжеғали Сағадиевтің құрметіне халықаралық конференция өтті
Белгілі экономист ғалым, академик Кенжеғали Сағадиевтың 80 жасқа толған мерейтойы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Цифрлық экономика – аналитикалық көзқарас» атты халықаралық ғылыми-териялық конференция форматында аталып өтті. Оған қоғам қайраткерлері, ҚР Ұлттық академия президенті Мұрат Жұрынов, алыс және жақын шет елдердің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарының өкілдері, Қостанай облысы жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Президент • 29 Маусым, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған Конституциялық заңға қол қойды
Мемлекет басшысы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Қазақстанда Қоғамдық даму министрлігі құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралыкелісімге қол қойылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Шілде айында күн ыстық болады - синоптиктер
«Қазгидромет» РМК шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Ташкентте Орталық Азиядағы қазіргі ахуал талқыланды
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Үкімет • 29 Маусым, 2018
Мұғалімдерді онлайн оқытатын open-university құрылады
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Агрис Прейманис бастаған «Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық ассоциациясының» (ШИК ҚА) басқарма мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
«Egemen Qazaqstan» газеті жариялаған карикатура байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газеті жариялаған карикатура байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Дүниеге келген астаналық сәбилерге 17 заттан тұратын жиынтық табысталады
Астана әкімдігі жаңа дәстүр қалыптастырды. Енді елордада дүниеге келген әрбір сәбиге өмірінің алғашқы кезеңінде қажетті заттары бар жиынтық табысталады, деп хабарлайды Елорда инфо сайты.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Монғолиядағы қазақ қыздың суреті National Geographic байқауында бірінші орынға ие болды
National Geographic Travel Photographer of the Year байқауында Монғолиядан шыққан қазақ қыз бейнеленген "Шай мәдениеті" деген фотосурет бірінші орын алды.
Білім • 29 Маусым, 2018
14 мыңнан аса түлек ҰБТ-дан құлады
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 98 698 түлек қатысты. Оның 14,6 мыңнан астамы жоғары оқу орынға түсу үшін қажетті ұпайды жинай алмады. Бұл туралы Орталық коомуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұл айтты.
Парламент • 29 Маусым, 2018
Сенаторлар ЕКПА сессиясына қатысты
25-29 маусымда Страсбургте Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының үшінші бөлігі болды. Оған Қазақстан Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев, Сәуле Айтпаева және Сергей Плотников қатысты, деп хабарлады палатаның баспсөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Астанада «Бақорда» кітабы таныстырылды
Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Егемен Қазақстан» кітапханасы сериясымен жарық көрген елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Бақорда» кітабының таныстырылымы өтті.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.
Өнер • 29 Маусым, 2018
Президент • 29 Маусым, 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинмен кездесті
Мемлекет басшысы WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Ақмола облысында жел электр стансасы салынады
Ақмола облысында жүзеге асырылатын жобалар алдағы жылдарда баламалы көздер арқылы электр энергиясын өндірудің үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Семейдегі Абай алаңын аббаттандыруға 87 млн теңге бөлінді
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы Семей бойынша қабылданды. Биыл көп қабатты тұрғын үйлердің маңындағы он екі ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Оралда республикалық ақындар айтысы өтті
Осыдан 60 жыл бұрын, 1958 жылы ақпан айында Орал қаласында тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысының бірінші ақындар айтысы ұйымдастырылған екен. Осы датаға орай «Жалындаған Жайық-жыр» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Сөзсайысқа Астана қаласынан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 20 ақын қатысты.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Абайдың хаты Астана көрмесіне қойылды
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Семейде домбыраның қоңыр үні күмбірледі.
Семей қаласы мектептеріндегі жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Домбыраның қоңыр үні» атты шара өткізілді. Шара №5 тереңдетілген, үш тілде оқытатын мектептің оқушысы Бейсенбай Нұрисламның орындауында «Арнау» жырымен ашылды.
Өнер • 29 Маусым, 2018
Елбасына сыйға тартқан домбыра
2000 жылы күй атасы Құрманғазыға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияров Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа домбыра сыйлаған еді. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы басшысы Нариман Үлкенбайұлы естелігінде былай деп жазған: «Елбасы Н.Назарбаев Атырауға келген сапарында Азаттық көшесінің бойындағы Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысатыны жоспарланған еді. Осы салтанатты шарада сөз сөйлейтін Қаршыға Ахмедияров күні бұрын шебер Жақсылық Оспановқа арнайы тапсырыс беріп, домбыра жасатты. Елбасы күй қағанының қолынан домбыраны ризашылықпен алып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған болатын. Содан бері құнды жәдігер есебінде көрмеден орын алды».