Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Павлодар облысында «Бір шаңырақ аясында» атты фестиваль күндері өтуде
Облыс орталығындағы қалалық саябақта этномәдени бірлестіктер Астананың 20 жылдығына арнап «Бір шаңырақ аясында» атты фестиваль күндерін өткізуде.
Әдебиет • 03 Шілде, 2018
Сағат Әбдуғалиев - халықтың жүрегінде қалған ақын
Өлеңсүйер қауым жақсы біледі, Орал өңірінде Сағат Әбдуғалиев (1948-1984) деген ақын өткен. Небәрі 36 жасаған ақын сол қысқа ғұмырында тағдырдың ащы-тұщысын қатар татып үлгерді. Поэзия аспанында жарқ етіп көрініп, өз тұстастарының алды деп мойындалғанымен, көзінің тірісінде бір жинағы шықпады.
Тарих • 03 Шілде, 2018
Ата дін үшін азап арқалағандар
Маңғаз өлке Маңғыстау түбегінен қаншама есімі мәшһүр тарихи тұлғалар шыққаны аян. Маңғыстау десе алдымен Бекет Ата, Шопан Ата, Шақпақ Ата, Қошқар Ата деп жалғаса беретін кіл аруақты бабаларымыз есімізге түседі. Жалпы, Маңғыстау өңірі дін жолын ұстану дәстүрі бойынша ежелден өнегеге бай, киелі де шежірелі өлкелеріміздің бірі.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Ақтөбелік автокеруен Астанаға жетті
Ақтөбе аймағында елорданың 20 жылдығы құрметіне орай 3 мыңға жуық іс-шара шоғырын ұйымдастыру көзделген болса, қазір соның етек-жеңі түріліп келеді. Бұлар негізінен тақырыптық конференциялар мен симпозиумдар, спорттық бәсекелер мен өнер жұлдыздарының концерттері болып табылады.
Ұлттық спорт • 03 Шілде, 2018
Астананың 20 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала рухы» фестивалі өтеді
Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық спорт түрлерінен Астана қаласының 20 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала рухы» фестиваліне орайластырылған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Жаңғыруға темірқазық болған шаһар
Осыдан екі ғасыр бұрын мұхиттың ар жағындағы сан ұлттан құралған ел – АҚШ тәуелсіздігін жариялап, астанасын Вашингтонға көшірді. Джорж Вашингтонның саяси шешімі, алып мемлекеттің қалыптасуына жол ашты. Ол саясат – «өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркендеген» ұғымнан туған идеология. ХХІ ғасырдың табалдырығында тәуелсіздігіне жеті жыл болған ел өмірбаянында тарихи және саяси ірі оқиға – ел ордасы Алматыдан Астанаға көшті.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Бұл жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Үкімет Елбасы тапсырмасы негізінде өздеріне жүктелген индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Сонымен қатар үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде осы жылы 140-тан астам жаңадан бәсекеге қабілетті өнеркәсіп, кәсіпорындар іске қосылды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Ақтөбе облысында МЖӘ шеңберінде 127 жоба жүзеге асырылуда
Ел аймақтарындағы өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға мемлекет-жекеменшік әріптестігі (МЖӘ) аясындағы жобалар оң септігін тигізуде. Мемлекет басшысы тарапынан жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне жүктелген басты міндеттің бірі де осы тұстан тамыр тартады.
Бизнес • 03 Шілде, 2018
Астанада мемлекет пен бизнестің серіктестігі туралы форум өтті
Кеше Астанада «Мемлекет пен бизнестің серіктестігі – экономиканы жаңғырту негізі» атты форум болып өтті. Форумды Қазақстан салық төлеушілері ассоциациясы басқару кеңесінің төрайымы Жанат Ертілесова жүргізді.
Әлем • 03 Шілде, 2018
Жаһан жаңалықтары. «Спортинг» клубына жаңа жаттықтырушы тағайындалды
Португалияның «Спортинг» клубы Жозе Пезейрудің команданың жаңа бас жаттықтырушы қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді. Лиссабондықтар 58 жастағы маманмен бір жылдық келісімшартқа қол қойған. Келісімді мерзімді ұзарту мүмкін екендігі де айтылған.
Футбол • 03 Шілде, 2018
Әлем чемпионаты-2018. Қақпашылар бенефисі
Леонель Месси мен Криштиану Роналду бастаған бір шоғыр атақты шабуылшылар мундиальмен қош айтысқаннан кейін тойдың сәнін қақпашылар келтіріп тұр. Хорватия қақпашысы Даниель Субашич пен Дания қақпашысы Каспер Шмейхель 3 пенальтиден қайтарса, Акинфеевтің арқасында Ресей құрамасы ширек финалға жолдама алды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Көзі тірі болғанда Жанбек Сауранбаев бұл күндері 78 жасқа толатын еді. Алайда 2016 жылдың қазан айында Алаш жұрты абзал азаматынан көз жазып қалды. Атағы алысқа жайылған Алматының «Буревестнигі» мен КСРО құрамасының сапында өнер көрсеткен қазақтың жалынды жігіті кезінде әлемдегі теңдессіз волейболшылардың бірі әрі бірегейі болғанына ешкімнің күмәні жоқ.
Кино • 03 Шілде, 2018
Астанада халықаралық XIV «Еуразия» кинофестивалі ашылды
Астананың «Қазақстан» Орталық концерт залында 1-7 шілде аралығында өтетін халықаралық XIV «Еуразия» кинофестивалі салтанатты түрде шымылдығын түрді. Қазақ жерінде өтетін кинодуманға дүниенің түкпір-түкпірінен ат терлетіп жеткен отандық, голливудтық, ресейлік кино дүлдүлдері дәстүр бойынша қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.
Кино • 03 Шілде, 2018
Нұрлан Санжар: Қожа емес, қарапайым Нұрлан болып өмір сүргім келді
Түркиядағы «Қазақстан күндері» аясында түрік тіліне аударылған «Менің атым – Қожа» кітабының тұсаукесері өтіп, балалық шағымызбен ілесіп келе жатқан картина түрік тілінде экранға жолдама алған-ды. Жинақты түрік тілінде сөйлеткен қазақ әдебиетінің зерттеушісі, түрік ғалымы Жәмилә Кынажы болса, айтулы оқиғаға Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Кечиөрен муниципалитеті қолдау көрсеткен еді. Алайда бұл шараға денсаулығына байланысты фильмде Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан САНЖАР қатыса алмады. Ал енді Нұрлан Санжарды актер демей отырғанымыздың да өзіндік себебі бар. Қожа рөліне дейін актер болмаған 12 жастағы өзгеше бала «Менің атым Қожадан» кейін де актерлық жолды таңдаған жоқ. Бұл – бозөкпе баланың қабілетін шыңдаған Абдолла Қарсақбаевтай режиссердің хас шеберлігі болатын. Сонымен сәті түскен жедел сұхбаттың ұзын-ырғасы төменде.
Білім • 03 Шілде, 2018
Адами капитал дамуындағы білім векторы
Адами капитал – өзекті мәселе. Бәсекеге қабілеті жоғары мемлекетте адами капитал несімен артық? Осы орайда білімнің адами капиталды қалыптастырудағы рөліне тоқталғым келеді.
Медицина • 03 Шілде, 2018
Көп зейнетақыны көп жұмыс істеген алады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есеге ұлғаяды деп атап өткені белгілі. Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін құруда қазіргі зейнетақы толығымен еңбек өтіліне қарай берілмек. Яғни, Президенттің айтуынша, кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады. Бұған дейін 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейген болатын. Дағдарысқа қарамастан, әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табысын көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл орайда биыл жыл басынан бастап ынтымақты зейнетақының 8 процентке артқанын да айта кеткен ләзім.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Атырауда жалғызілікті әке баспаналы болды
Төрт баласын бір өзі тәрбиелеп отырған Қайрат Алипанов аяқ астынан мұндай қуаныш болады деп ойламаған да шығар. Ең кіші баласының жасы үште. Жалғызілікті әке ұзақ жыл бойы пәтер жалдап күнелтті.
Аралас тілді мектеп – ана тілімізге тұсау
Қазақ мектебінің кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшетіні айқын болды. Тіл тұғырын бекемдейтін тарихи кезеңнің көшін бастау – қазақ мектебін орта білім беру ісінде бағдаршам болатын деңгейге алып шығатыны анық. Жауапты кезеңде бастауыш буынның бірінші сыныбынан араластілділік туғызып, ағылшын тілін қосақтау – қазақ мектебінің мемлекеттік маңызды міндет биігінен көрінуіне көп кедергі келтіруі мүмкін. Араластілділік мектеп табалдырығын аттаған балауса ұрпақтың еркін білім алуына бөгет болатыны қоғамдық ортада наразылық туғызғаны орынды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Түркістан облысының тауар өндірушілері Астанада жәрмеңке өткізіп жатыр
Шымкенттен Астанаға қарай сапарлайтындар саны бүгінде көбейе түскен. Жолға шыққандардың мұраты – мерейтойға жету, елорда тұрғындарының қуанышына ортақтасу. Жылдам жеткісі келетіндер ұшаққа, асықпайтындар пойыз бен автобусқа алдын ала билет алып қойған. Бүгінде жолаушы тасымалдайтын пойыз бен ұшаққа билет табу қиын. Ал Түркістан облысының тауар өндірушілері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп жатыр.
Білім • 03 Шілде, 2018
Шигео Катсу: 2025 жылға қарай Назарбаев Университет студенттерінің саны екі есеге өседі
Биыл ТМД елдері ішіндегі ең атақты төрт университеттің біреуі саналатын Назарбаев Университет өзінің IV түлектерін салтанатты түрде шығарып салды. Осы жылы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 800-ден астам студент диплом алды. Оның ішінде Ғылым және технологиялар мектебі дәстүрлі түрде ең көп студенттер шығарған. Жоғары оқу орнын бітіруші 218 түлектің арасында болашақ биологтер, ғалымдар, инженерлер бар. Осы орайда «Назарбаев Университет» ДББҰ президенті Шигео КАТСУМЕН сұхбаттасқан болатынбыз.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Тәуелсіздіктің 18-жылы еліміз үшін оңай болған жоқ. Өткен жылдардағы қаржылық дағдарыстан кейін ел экономикасын сауықтыруға 14 млрд АҚШ доллары жұмсалды. Соған қарамастан, еліміздің алтын-валюта қоры жылдың соңында 52 млрд АҚШ долларына жетті. «Жол картасын» жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 191,5 млрд теңге бөлініп, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға азайды. Осы жылы Минск қаласында Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшылары үш елдің арасында Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қойды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Астананың 10 жылдық мерейтойына байланысты Парламент «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Қазақстан Республикасындағы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, бұған дейін 10 маусымда тойланып келген қала күні датасын ауыстырып, бұдан былай «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мереке болып бекітілді. Мұның сыртында осы жылы Астанада екі бірдей халықаралық беделді саяси шара – ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеясы мен ТМД қалаларының халықаралық ассоциациясының сессиясы өтті.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі
Жақында Түркияның астанасы Анкарада Астана қаласының 20 жылдығына арналған алқалы басқосу өткенін бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыған едік. Сол жиында өзіміз өте жақсы білетін біршама қайраткерлер – түрік бауырларымыз Қазақстан қоғамы тұралап тұрған тарихи тығырықты тұста Астанадай қала салуға қаһармандық қадам жасау Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз батырлығы, ерен ерлігі екенін ерекшелей келе елордамызды «Түркі әлемінің жүрегі» деп атапты. Ал айтулы, мәшһүр профессор Мұса Йылдыз: «Қазақстанның бас қаласы – ел мен жерді рухани оятуды көздейтін қазіргі заманғы Түркі астанасы», деп түйіндепті.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Қабағынан қар жауған қарт Тарбағатай жырақтан қарасаң тым суық, сұсты. Қарлы шыңдарының етегі бұлыңғыр тартып дымданып тұрады. Қысының қары қалың, жазы салқын бұл өңір ешкімді де жатсынбайды. Жақындап қойнына ене берсең сенен жылуын аямайды. Бауырына басып, баласындай мәпелейді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Aстана – бейбітшілік пен достық ордасы
Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойы – ерекше тарихи оқиға. Бұл қала Қазақстанның тәуелсіздігі мен азаттығының рәмізі, сонымен қатар саяси жігердің, шешімділік пен көшбасшылықтың айқын үлгісі. Өте қысқа уақытта шағын қаладан өз өңірінің ең маңызды орталықтарының біріне айналып, бейбітшілік пен дәнекерлік миссиясымен көзге түскен Астана қаласы – жаһандық тұрғыдан тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі мекенжайының бірі. Сол себепті барша қазақ халқын шын жүректен құттықтап, Қазақстанның, Астана қаласының одан әрі дамып, өркендеуіне тілектестігімді білдіремін.
Қаржы • 03 Шілде, 2018
АХҚО ел экономикасына серпін береді
Кеше Үкімет үйінің баспасөз орталығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықтың 5 шілде күні өтетін ресми ашылуына дайындық барысы жайында айтып берді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
«Нұр Отан» партиясы қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасын өткізді
«Нұр Отан» партиясының қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасы аясында елордамыздың белгілі бір белестерді бағындырған тұрғындары бас қосты. «Астана: асқақ арман» деген тақырыппен өткен іс-шара бас қаламыздың 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналды. Онда қатысушылар өздерінің жетістікке қалай жеткені жайында кеңінен айтып берді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Қ.Тоқаев. Астана - Елбасы жігерінің жеңісі
Бағалай білсек, біз – бақытты ұрпақпыз. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік таңы атқанын көрдік. Дербес мемлекеттің құрылысына атсалыстық. Елімізді төрткүл дүниеге таныттық. Әсіресе Тәуелсіздігіміздің ең қасиетті, қымбатты символы – жаңа елордамыздың бой көтергеніне куә болдық. Осының бәрі нағыз бақыт емес пе?
Қазақстан • 03 Шілде, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде «Славянский базар в Витебске» Халықаралық өнер фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Халықаралық өнер фестивалі Беларусь мемлекетін дүние жүзіне танымал еткені белгілі. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мырзаның жеке қолдауымен, көп жылдар аралығында осы музыка форумы басқа елдер мен халықтар аралығында мәдениеттер диалогының дамуына ықпал етіп келеді.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облысының әкімі жанындағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірнеше инвестициялық жоба талқыланды.