Ар
Ауа райы • 12 Наурыз, 2022
«Қазгидромет» РМК 13 наурызда ауа райының бұзылуына байланысы бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2022
Қырғызстан колма-қол доллар валютасын елден шығаруға тыйым салды
Қырғызстанның Ұлттық банкі коммерциялық банктер, айырбастау бюролары, микроқаржы және микрокредиттік компаниялар арқылы қолма-қол доллар валютасын елден шығаруға уақытша тыйым салды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржы • 12 Наурыз, 2022
Ұлттық банк шетел валютасын сату-сатып алу бағасының ауытқу шегін белгіледі
ҚР Ұлттық банкі ақшаны айырбастау пунктерінде шетел валютасын сатып алу бағасы сату бағасынан ауытқу шегін белгілейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2022
Ресей дәрігерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектескен ресейлік дәрігерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2022
Елімізде дефолт және азық-түлік тапшылығы болады деген фейк тарауда
Әлеуметтік желіде Қазақстанда дефолт және азық-түлік тапшылығы болатыны туралы ақпарат тарауда. Хабарлама авторы адамдарды тез арада жылжымайтын мүлік сатып алуға, қолда бар ақшаны валютаға айырбастауға, сондай-ақ тез бұзылмайтын өнімдер қорын жасап алуға шақырады. Stopfake.kz сайты ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Наурыз, 2022
Елімізде 9 млн астам адам коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен
Қазақстанда коронавирусқа қарсы 9 млн астам адам толық егілді, деп хабарлайды Egemen.kz індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Наурыз, 2022
Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-орынға ие болды
Қазақстандық Александр Герлиц 2022 жылғы қысқы Паралимпиада жарыстарындағы ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2022
Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықтың азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуіне жүйелі негізде мониторинг жүргізетінін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2022
Биыл елге оралатын қандастардың қай өңірлерге қоныстанатыны белгілі болды
Биыл Қазақстанға қоныс аударған қандастардың қай өңірлерге табан тірейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Отандастар қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы • 11 Наурыз, 2022
Н.Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Анталья дипломатиялық форумына қатысты. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, саясаткерлер, дипломаттар, бизнес көшбасшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысқан жиында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде «Дипломатияны қайта құру» деген жалпыға ортақ тақырып талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы • 11 Наурыз, 2022
Нұрсұлтан Назарбаев ADF2022 форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың ADF2022 форумына қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2022
Ақтөбе әуежайында жөндеу жұмыстары басталды
Ақтөбе әуежайында ұшу-қону алаңындағы ақауды жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Сыртқы істер министрі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2022
Украинаға Қазақстаннан тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жүк қоймасынан Украинаға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Наурыз, 2022
Демалыс күндері доллар тағы да қымбаттайды
Ұлттық банк 12-14 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 11 Наурыз, 2022
Доллар бағамы тағы да көтерілді
KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 510,79 теңгені құрағанын хабарлады.
Әлем • 11 Наурыз, 2022
Инфляция АҚШ-ты да алқымнан алды
АҚШ-та жылдық инфляция сегіз пайызды құрап отыр. Статистиканы елдің еңбек министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Наурыз, 2022
Он тоғыз жастағы футболшыға үш команда таласып отыр
Испаниялық «Вильярреал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Йереми Пиноны бір емес, үш бірдей еуропалық мықты команда қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Наурыз, 2022
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Қазақстанның теңіз порттары жылына 23,7 млн тонна жүк өткізе алады
Украинаның айналасындағы жағдайға және соған байланысты туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2022
АҚШ Украинаға әскери техника бермек
Ақ үй Украинаға әскери техника жөнелтуге бел буып отыр. Бұл мәселеге одақтас елдер де қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 11 Наурыз, 2022
Мәжілісте Қазақстан мен Армения арасындағы мұнай өнімдеріне қатысты заң жобасы қаралады
Бүгін Мәжіліс cпикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы болып, онда 2022 жылғы 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Наурыз, 2022
Паралимпиада - 2022: Александр Герлиц тағы бір бәсекеде 5-орын алды
Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен 12,5 шақырымға түрегеп жарысудан жекелей сында мәре сызығын бесінші болып қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Наурыз, 2022
«ПСЖ» басшылары Неймардан құтылғысы келеді
Франциялық «ПСЖ» футбол клубының басшылары команданың бразилиялық шабуылшысы Неймардан құтылғысы келеді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Қаржы • 11 Наурыз, 2022
Доллар бағамы 510 теңгеден асты
Доллардың теңгеге қатысты бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Наурыз, 2022
Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды
Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Футбол • 11 Наурыз, 2022
Донаруммамен төбелесе жаздады дегенді журналистер ойдан шығарған – Неймар
Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймар испаниялық «Реалға» қарсы өткен ойыннан кейін команда қақпашысы Джанлуиджи Донаруммамен ерегісіп қалды деген әңгіме тараған болатын. Футболшы бұл сыбысты жоққа шығарған жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Зейнетақы төлемдері жаңа әдіспен есептеледі
1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Наурыз, 2022
Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден көмек беріледі
Елордалық соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Наурыз, 2022
Паралимпиада-2022: Бүгін қазақстандық спортшылар биатлоннан сынға түседі
Жұма күні, қысқы Паралимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы биатлоннан 12,5 шақырым қашықтыққа отырып және тұрып жарысудан сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.