Жаз
Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2022
Андраде әлеуметтік желіде жұмбақ жазба қалдырды
WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартқаннан кейін инстаграмда жұмбақ жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2022
Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін
Сенатор Нариман Төреғалиев өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Қаңтар, 2022
Жазушы шындығы немесе ол кейіпкердің прототипі кім?
Жазушының басты тақырыбы – адам һәм адамның жаны. Әдебиеттің «әділетсіз» заңдылығы да сол: шығарманың бағы кейіпкердің көркем жазудағы бейнесі мен болмысына, ішкі жан дүниесінің суреттелуіне, мінезіне, шынайылығына байланысты. Әр қаламгердің жазушылық қуаты кейіпкерінен білінеді. Яғни шығармадағы образ – кейбір автордың осал тұсы болса, кейбірінің талантын дәлелдейтін өлшем сынды. Сол үшін де жазушы қауым әрқашан шығармашылық ізденісте жүреді: қым-қуыт тіршілікте кейіпкер іздейді. Ал көп жағдайда кез келген қаламгердің кейіпкерінде өзінің өмірі бейнеленетіні екібастан. Әлқисса.
Президент • 20 Қаңтар, 2022
Президент: Саяси жаңғыруға негізделген бағыт өзгермейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде заң үстемдігі мен адам құқықтарына бағытталған қағидаттар өзгермейтіні туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2022
Иран соты 2019 жылғы наразылықтардағы рөлі үшін жергілікті боксшы Мохаммед Джавад Вафаей Саниді өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2022
Қытайдағы қазақ жазушысы елдегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Қытайдағы танымал жазушысы, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Акбар Мажит Қазақстандағы соңғы болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қаңтар, 2022
Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы болып тағайындалды
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Жалған ақпарат таратқан Байқоңыр тұрғыны жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2022
Елді әлеуметтік желіден митингке шақырған блогер ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері парақшасы арқылы лаңкестік ұйымның іс-әрекетін дәріптеп, елді митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2022
Ақтөбе қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің 11 ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысы өлім жазасын жою туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Егемен Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021
Құрметті оқырман, міне, 2021 жылдың да соңғы күндеріне келіп қалдық. Енді бірер күнде күнтізбелік жаңа 2022 жыл есігімізден енеді.
Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021
Қазақстан өлім жазасынан толықтай бас тартты
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2021
Сенатта өлім жазасын толықтай жою мәселесі талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2021
Биыл туғанына 180 жыл толып отырған аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулық жазуды қолға алғанымен, онысын аяқтай алмай өзі өмірден өткені белгілі. Марқұмның 23 бет қолжазбасы қазір Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2021
Әкім Тарази: Өзін жақсы білген адам, қоғамды анық таниды
– Қадірлі Әкім аға, пандемияның жағдайымен Сізге амандасып келмегелі көп болды, бүгін бір кеңірек әңгімелесіп, шығармашылық, жазушының жан дүниесі жайында сұхбат құрсақ.. – Адаммен сырласу, әңгімелесу, ішкі әлемін аралау оңай емес қой. Маған ең қиын соғатын нәрсе – алдыңда отырған жалаңаш көзді адамның жадағай, жаттанды сұрақтарына жауап беру. Мен кейіпкерлеріммен әңгімелесемін мысалы. Қасымдағы бос орында сол отырғандай сезінемін. Содан кейін оған неше түрлі сұрақтар қоямын. Әбден зерттеймін. Кейде жазылып жатқан шығарма тоқтап қалады. Сюжет қалай бұрылу керек? Кейіпкер не істеу керек? Міне, ондай кезде де кейіпкерді «тергейсің». Басқа да амалдар жасап көресің. Әбден қиналасың.
Елорда • 03 Желтоқсан, 2021
Баспасөз-2022: Елордада басылымдарға жазылу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында келер жылға басылымдарға жазылу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қараша, 2021
«Баспасөзге жазылу» науқанынан сырт қалмаңыз
Назарларыңызға 2021 жылдың төртінші қазанынан бастап, 2022 жылға республикалық және жергілікті газет-журналдарға жазылу жүріп жатқандығын жеткіземіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 25 Қараша, 2021
«Егемен Қазақстан» мен «Қазпочта» АҚ басшылары меморандумға қол қойды
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген Міржақып Дулатовтың сөзі бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Баспасөзге жазылу науқанында жүз жылдық тарихы бар еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанды» оқырман қай кезде де жоғары бағалайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2021
Өлім жазасын жою ешқандай ескертусіз қабылдануы тиіс - Қ.Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Құқық қорғаушылардың өлім жазасын елдің Қылмыстық кодексінен жазалау шарасы ретінде толығымен алып тастау туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2021
Павлодарда балаларын ұрған ер адам қамауға алынуы мүмкін
Павлодарда балалар әкесі қолданған жазадан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қараша, 2021
Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан босатылды
Сот орындаушысын ұрған алматылық жазаланбайтын болдыү Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2021
Мың теңге берем деп, мұңға батты
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны колонияда жазасын өтеп жатқан ұлына жасырын жолмен ақша беруге тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қазан, 2021
Жамбыл облысында 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жамбыл полицейлері автокөлік жолдарын күтіп ұстамаған 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қазан, 2021
Сирияда орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді
Сирия үкіметі 2020 жылы ірі дала өртіне әкеп соққан қасақана өртеу әрекеті үшін сотталған 24 адам өлім жазасына кесілгенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қазан, 2021
Аяжан Еділоваға жасалған қылмыстық іс сотқа түсті
Аяжан Еділованың зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Қазан, 2021
1459 адам коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте 1459 адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қазан, 2021
Тәліптер көпшілік алдындағы өлім жазасына тыйым салды
«Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстанның Уақытша үкіметі өлім жазасына кесілген қылмыскерлерді сот шешімінсіз жариялауға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Қазан, 2021
Кез келген адамның, кейін ол мейлі дара болсын, мейлі дана болсын, ең алдымен бала болатыны атар таңдай ақиқат, шығар күндей шындық. Сондықтан бүгін біз бала Тұрсынды, бозбала Тұрсынды, түбіт мұрт Тұрсынды көбірек әңгімелейміз. Қазіргі алты Алаш аялаған абыз Тұрсынға негіз қалаған нағыз Тұрсынның бейнесін бедерлеуге тырысамыз. Атақты Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» деп жырлайтыны сияқты, біз де қарымды қаламгер, ғибратты ғалым, парасатты профессор, айбарлы алаштанушы, әлеуетті әуезовтанушы Тұрсын Жұртбайдың бала кезін еске саламыз, шығармашылық бастауының бал-бұлақтарын іздейміз.
Үкімет • 13 Қазан, 2021
Мәжіліс өлім жазасы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.