е
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті Жайықтан табылды
Атырауда эпилепсиямен ауыратын ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін жергілікті төтеншеліктер оның мүрдесін Жайық өзенінен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2026
Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы 1,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Соңғы 12 жылда Әзербайжанда мұнай өндіру айтарлықтай қысқарған. 2013 жылғы 44 млн тоннадан 2025 жылы шамамен 28 млн тоннаға дейін төмендеген. Бұл ретте елдің ішкі тұтынуы біртіндеп артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 29 Қаңтар, 2026
Мектеп оқушыларына заң мен тәртіп қағидаты айтылды
Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді
Жаңаөзен қаласында дәрігер-терапевттің өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Сенатта өткен брифинг барысында ол бұл істің жаңа заң шеңберінде қалай саралануы мүмкін екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Зейнетақы жинағымен ипотека төлеу ережесі өзгерді
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы жинағындағы артық сома есебінен өтеу тәртібіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Бұған дейін жинақ иесі артық соманы тұрғын үй қарызының ай сайынғы төлемін өтеуге қолданып келген болса, өзгеріске сай енді жинақ қаржысын тек негізгі қарызды төлеу кезінде қолдануға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Қалалар мен елді мекендердегі қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қаңтар, 2026
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты. Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Париждегі Үлкен дулыға турнирінде ел намысын кімдер қорғайды?
7-8 ақпан аралығында Франция астанасы Парижде дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді. Спортты дамыту дирекциясы жаһандық бәсекеде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың есімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Қос дипломды жоба: АҚШ-та оқыған 29 студент елге оралды
Шетелдік жоғары оқу орнымен бірлесіп қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын алғашқы студенттер АҚШ-тағы оқу семестрін аяқтап, Қазақстанға оралды. Президенттің елімізде жетекші шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды бастаған алғашқы отандық ЖОО Қозыбаев университеті болды. Стратегиялық серіктесі – Аризона университеті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 29 Қаңтар, 2026
«Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылды
Қызылордада күн райы құбылып тұр. Осыған байланысты жол қауіпсіздігін бақылайтын полицейлер қауырт жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды
28 қаңтар күні Шымкентте ер адам жеке басараздығына байланысты әйелді пышақтап кеткен. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
95 млн теңге шығын: «7-20-25» бағдарламасын сылтау еткен брокер сотталды
Астанада 2021-2025 жылдар аралығында Instagram арқылы өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған 30 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2026
Роман Скляр Теңіз кенішіндегі өндірістің уақытша тоқтап қалуына алаңдаушылық білдірді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді. Жиынға энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2026
Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің құрылтайшысы болды
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған жаңа халықаралық құрылым – Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі ретінде ресми мәртебе алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Атырауда интернет-дүкеннен есірткі сатқан күдіктілер қамауға алынды
Атырау тұрғыны есірткіні сататын дүкен ашқан. Заңсыз саудаға тағы бес адамды тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 29 Қаңтар, 2026
«Қайрат» лондондық «Арсенал» қақпасына екі гол соқты
Қазақстан уақытымен 29 қаңтар күні сағат 00:50-де «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турында лондондық «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шықты. Сырт алаңда өткізген матчта жерлестеріміз екі гол соқты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қаңтар, 2026
Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Руслан Желдібай лауазымынан босатылды
Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Алматыда Air Astana рейстері тұманға байланысты кешігіп жатыр
Алматыда тұманға байланысты Air Astana авиакомпаниясының кейбір рейстері кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 28 Қаңтар, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрерменге фортепиано музыкасының кешін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Алматы облысында мектептегі құрылыс олқылықтары бақылауға алынды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде құрылыс кемшіліктері анықталды. Облыстық білім басқармасына тұрғындардан мектеп ғимаратының төбесінен су аққаны туралы өтініш түскен. Аталған құрылыс кемшіліктерін жою мақсатында «Arsh Stroy» ЖШС мердігер ұйымы жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері бірнеше күнге жабылады
Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобильді өткізу бекеттері 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды
Семейде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өз мәрісіне жетті. Бұл зияткерлік әрі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Семей қаласы және Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандарынан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Доллар әлсіреп барады: Инвесторлар неге алаңдады?
Кейінгі күндері әлемдік қаржы нарығында долларға қатысты алаң көңіл күшейді. Америкалық валюта негізгі әлемдік валюталарға шаққанда 2022 жылдың наурызынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Бекжан Мейірбаев: Зайырлы мемлекет қағидатының маңызы артып келеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев өз сөзінде, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсыныстарының бірі – зайырлылық қағидатын Ата заңда нақты және айқын бекіту өте өзекті және уақтылы бастама екенін айтты. Оның піікрінше, бұл қадам Қазақстанның демократиялық даму жолында аса маңызды. Өйткені мемлекеттің дінге бейтараптығын құқықтық тұрғыдан нығайту – қоғамдағы тұрақтылықты, теңдікті және адам құқықтарын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Австрия экс-министр Карин Кнайсльді азаматтығынан айырады
Австрияның NEOS партиясы Карин Кнайсльді азаматтығынан айыру рәсімін бастады. Бұған Кнайсльдің мәлімдемесі себеп болған. Ол австриялықтарды «гиеналар» деп атап, Францияны сағынатынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2026
Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады
Қазақстан Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.