и
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады
2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына аз уақыт қалды. Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін дүбірлі додаға Қазақстан құрамасының қалай дайындалып жатқаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2025
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды
«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмі арқылы миллиондардың сүйіктісіне айналған Ресейдің халық әртісі Вера Алентова қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2025
Дияр Нұрғожай бразилиялық спортшымен күш сынасады
UFC-де жартылай ауыр салмақ дәрежесінде айқасып жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады
Бұл туралы Президент Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет пен әкімдерге әр облыста Инклюзивті спорт орталықтарын салуды жүктеді. Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы айрықша бақылауда болатынын және келер жылы әлеуметтік төлемдер көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімі беріледі
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Кездесуде Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау неге нәтиже бермей отыр?
Үкімет барлық кәсіпкерлерге бей-берекет қолдау көрсетуден бас тартып, бизнес үшін әділ жағдай жасауға назар аударуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеп, шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың неге нәтиже бермей отырғанын түсіндіріп айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 25 Желтоқсан, 2025
Стоматологиядағы қайғылы жағдайдың нәтижесі белгілі болды: Министрлік «Севораннан» бас тарта ма?
Денсаулық сақтау министрлігі елордада 3 жасар қыздың өлімінен кейін басталған ауқымды тексерістің алғашқы қорытындысын жариялады. Тексеру барысында жүздеген клиникадан заң бұзушылықтар анықталып, миллиондаған теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
«Болашақ» шәкіртақысы: 2026 жылдан бастап талаптар қалай өзгереді?
Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау ережелеріне енгізілген негізгі реформаларды таныстырды. Енді үміткерлерді іріктеу тетігі күшейтіліп, басымдық жаратылыстану-техникалық бағыттарға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді
Елімізде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға қолданылатын жазалар белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен Сенат депутаттары айыппұл мөлшерін Сенат кулуарында атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға АҚШ-та дайындалады
Қазақстан бокс федерациясы 2025 жылды қорытындылап, Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық жоспарын жариялады. Басты жаңалық – ұлттық құрама спортшылары енді Америка құрлығында жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 25 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған ұшу оқу-жаттығулары өтті
Қарулы күштердің әскери авиациялық базаларында қазақтың ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті. Басты ерекшелігі – әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезетте көкке көтерілуі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2025
Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сенатта өткен брифинг барысында жаңа Салық кодексі жоғары оқу орындарындағы білім беру құнына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақпен» білім алады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстандық жас теннисші «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды
14 жастағы теннисші Ахмади Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» (Еуропа елдерінен тыс) марапатына қол жеткізді. Ақжолтай жаңалықты Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
АКРА: Қазақстан экономикасы өсімді сақтайды, бірақ жаңа сын-қатерлерге тап болады
Аналитикалық кредиттік рейтингтік агенттік (АКРА) Қазақстанның алдағы жылға арналған макроэкономикалық және қаржылық үрдістері бойынша болжамын ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, негізгі назар монетарлық саясатқа, сыртқы сауда динамикасына және экономикалық өсімнің сапасына аударылады. Экономиканы әртараптандыру – өсімнің басты тірегі болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
«Ешкімнің ойына келмеген шешім»: BMW жаңа жабдық ойлап тапты
Желтоқсан айында BMW өз автомобильдерінің корпусында және ішкі құрылысында қолданылуы мүмкін арнайы бұрандаларға патент алды. Яғни, компания өз көліктерін авторланбаған сервистік орталықта жөндеуді қиындататын жабдық ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Тұрақтандыру қорлары неге бағаны ұстай алмады?
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есеп талқыланды. Онда бизнесті субсидиялау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және осы бағыттағы мемлекеттік тетіктердің нақты нәтижесі сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп Дания бақылауындағы Гренландияға арнайы өкіл тағайындағаннан кейін Америка аралды басып алуға қамдануы ықтимал деген болжам айтылып қалып жатты. Десе де АҚШ-тың Гренландияға жаңадан тағайындалған өкілі Джефф Лэндри ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Желтоқсан, 2025
Парижде тағы да ұрлық: зергерлік бұйымдарды тасымалдаушыларға шабуыл жасалды
Өткен дүйсенбі Париждегі 10-шы аудандағы зергерлік бұйымдар дүкеніне тауар тасымалдаушыларға шабуыл жасалды. Қарақшылар құны 150 мың еуро тұратын жақұтты қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет
Тұрғын үйлер сапалы салынуы қажет. Астана – құрылыс қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұр. Бұл туралы Президент айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды
Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта 18 желтоқсан күні мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды
Ұлттық музейде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.