Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
Президенттің биылғы Жолдауында көтерілген түйткілді жайттың қатарында суды үнемдеу мәселесі де бар. «Суды есепке алу технологиясы әбден ескірген. Суды бөліп тарататын орындарда қазіргі заманға сай құрылғылар жоқ. Шын мәнінде, су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
«Қоянды ауданын құруды сұраймыз!»
Тұрғындар ауыл инфрақұрылымы қазіргі жүктемені көтермейтінін айтады. Астана агломерациясының құрамындағы елді мекеннің бірі – Қояндының арғы тарихы 1962 жылдан басталады. Алайда бұл 2000 жылдарға дейін бір көше бойын жағалай орын тепкен 50–60 түтінді шағын ғана ауыл болатын. 2004 жылы «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен 96 гектар жерге әлемнің тоғыз мемлекетінен келген қандастар қоныстандырылып, іргесі кеңейе бастады. Бүгінде Қоянды – 40 мыңнан аса халқы бар еңселі елді мекен.
Басылым • 07 Қаңтар, 2026
Басқа басылымдардан: Қазақстан негізгі транзиттік дәліздерді дамытып жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елдің транзиттік-логистикалық әлеуетінің стратегиялық маңызы мен халықаралық көлік жобаларына қатысуы туралы айтты.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Заңсыз активтерді қайтару тетіктері күшейеді
Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған тұжырымдар қоғамдағы көптеген алаңдаушылықты сейілтті. Яғни заңсыз алынған активтерді қайтару тақырыбы мұнымен тоқтамайды, жалғаса береді. Керісінше, ол жүйелі түрде мемлекеттік саясат деңгейіне өтіп жатыр.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Жыл басындағы дәстүрлі сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткенді қорытындылап, болашақ басымдықтарды белгілейді. Бұл мемлекетімізде жаңа саяси тәжірибені қалыптастырып келеді. 2026 жыл да осы дәстүрмен басталды. 5 қаңтарда «Turkistan» газетіндегі ауқымды сұхбатында Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде инфляция, салық реформасы, олигополиялармен күрес, парламенттік реформа сияқты өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кембағал жандарға қамқорлықты күшейту қажет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, бүгінде адамзат саны 8,3 млрд-қа дейін көбейген. Соның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатары 1,3 млрд-қа дейін өсіп, әлем халқы құрамындағы үлесі 15,79%-ға жеткен. Олардың 80%-ы дамушы мемлекеттерде өмір сүреді. Еліміздің Ұлттық статистика бюросының ақпарына сүйенсек, 2025 жылы халық саны 20,38 млн-ға дейін өсіп, мүгедектігі бар отандастарымыз 743,9 мың немесе үлес салмағы 3,7% болған.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Еліміздің өз бағыты, өз жолы бар
Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатына эмоцияны ысырып қойып, айтылған ойларға салқынқандылықпен талдау жасасақ, алдымызда айқын бір стратегиялық прагматизм тұрғанын көреміз.
Білім • 07 Қаңтар, 2026
Біртұтас бағдарлама бетбұрысқа негіз бе?
Отандық білім жүйесі талай өзгерісті өткерді. Қанша реформа қолға алынса да барлығы дерлік білім сапасын көтеруді көздеді. Мұның соңы неге апарды? Көзіміз көріп отырғандай, тәрбие оқытудың көлеңкесінде қалып қоя берді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік білім ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Биыл бағдарлама өркен жайып, өткен қыркүйектен жекеменшік балабақша, мектеп, колледждерге де оқу-тәрбие үдерісін осы құжаттың негізінде жүргізу міндеттелді.
Экономика • 07 Қаңтар, 2026
Экономикалық теңсіздікті еңсеру міндеті
Реформа – дамудың алғышарты. Тарихтан белгілі, түбінде тиімді болатынына қарамастан, кез келген өзгеріс бастапқыда оңай қабылданбайды. Дегенмен ел мүддесі үшін маңызды шешімдер қажет. Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында экономиканы ілгерілетуде нақты қадамдар жасалатынын әрі бұл жолда жауапкершілікті өз мойнына алатынын атап өтті.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Өзекті мәселелер ескерусіз қалмайды
Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Дания Еспаева мен Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының депутаты Қазыбек Әлішев Ақтөбедегі Ұлттық банк ғимаратында екінші деңгейлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және сақтандыру компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Жауапты мемлекет пен саналы қоғам үйлесімі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты кең көлемді сұхбаты еліміздің алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағдарын айқындап, басқарудың жаңа мәдениеті мен қоғамдық келісімнің жаңарған моделін ұсынған саяси манифест ретінде көрінді.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы мен айтыскер ақындар, жыршы-термешілер одағының ұйымдастыруымен жас ақын Санжар Қанатбектің «Жарық дүние» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті. Жас таланттың шығармашылығын жергілікті оқырмандар арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен іс-шарада ақынның жаңа жинағының брайль қарпіндегі нұсқасы мен аудиотаспасы жиналған көпшілікке таныстырылды.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кешенді реформалардың маңызы түсіндірілді
Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар ауыл-аймақ тұрғындарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатын талқылады. Мемлекет басшысы атап өткен ел дамуының басым бағыттарын түсіндірді.
Қылмыс • 07 Қаңтар, 2026
«Поштамен сізге зат келіп тұр, SIM карта мерзімі өтіп тұр, емханаға тіркелу қажет, су-жарық жүйесіндегі қарызды төлеу, счетчиктерін ауыстыру қажет», деп қоңырау шалатын алаяқтар күннен-күнге айласын іске асырып жүр. Мұндай жалған қоңырауға алданып қалатын тұрғындар саны да азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі 85 млн-нан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілгенін мәлімдеді.
Үкімет • 07 Қаңтар, 2026
Бюджет қаржысы бейберекет жұмсалмауға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект – стратегиялық басымдық
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында көтерілген басымдықтарды нақты іске асыруға арналды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі цифрландыру мен жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды.
Жәдігер • 07 Қаңтар, 2026
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы – көрнекті қайраткер, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков негізін қалаған іргелі мәдени ошақтың бірі. Елу жылдан астам ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан мұражай қорында бүгінде 77 мыңнан астам жәдігер сақтаулы тұр. Соның бірі – музей ішінде тігулі тұрған киіз үй.
Президент • 07 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады
7 қаңтар – күллі православ христиандарының айтулы мерекесі. Дәл осы күні Иса пайғамбар дүниеге келді деп есептеледі. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Рождествомен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Мәдениет қайраткерлері құрметтелді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті.
Заң • 07 Қаңтар, 2026
Судья Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Әсел Досаеваға 786 400 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
Ақтаулық жас математиктер халықаралық олимпиадаға жолдама алды
Ақтаудағы Zerdeli білім беру орталығының 5-6-сынып оқушылары Санжар Рахат пен Ержан Ермекбай халықаралық FEMO олимпиадасының VIII қысқы кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
АҚШ демократтары Трампқа импичмент жариялау мәселесін көтерді
АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекетінен кейін елдегі демократиялық партияның кейбір өкілдері оның импичменті бойынша бастама көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 06 Қаңтар, 2026
Қыста демалуға лайық 13 тау шаңғы курортын білесіз бе?
Қысқы маусым басталысымен Қазақстанның әр өңіріндегі тау шаңғы курорттары туристер үшін өз есігін айқара ашты. Бүгінде ел аумағында шаңғы, сноуборд және басқа да қысқы белсенді демалыс түрлеріне арналған 13 бағыт жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қаңтар, 2026
«Елімай» Дубайда жаттығып жатыр
Семейдің «Елімайы» 2023 жылы Премьер-лигада өнер көрсету құрметіне ие болды. Қысқа ғана мерзім аралығында олар айшықты ойынымен көзге түсіп, өз жанкүйерлерін қуантты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Қаңтар, 2026
Таза Қазақстан: Алматыда жалпықалалық экологиялық челлендж басталды
Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыны дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық экологиялық челлендж басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілуде
Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырылды
2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт • 06 Қаңтар, 2026
Джек Шавхатты жекпе-жекке шақырды
Жартылай орта салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Джек Делла Маддалена Шавхат Рахмоновпен айқасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Сегіз жасар шабандоз қыз жаңа жылда армандаған тұлпарына қол жеткізді
Жаңа жыл мерекесі павлодарлық Ясмина Қожанова үшін нағыз ғажайып кезеңге айналды. Ол әлеуметтік желідегі қолдаушыларының арқасында өзі армандаған тұлпарын тізгіндеп, қуанышқа бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Қаңтар, 2026
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды
Атырау облысының Қызылқоға ауданында тұратын ерлі-зайыпты, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.