Соңғы жаңалықтар
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 07 Қаңтар, 2026
Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды
Жақында Мұстафа Шоқай мен жұбайы Мария Шоқайға қатысты отбасылық альбомның түпнұсқасы Ұлттық музей қорына қабылданды. Бұл альбомдағы суреттер бұған дейін көпшілікке мүлде көрсетілмеген, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Израиль билігі Батыс жағалауда 4G мобильді байланысын енгізуге рұқсат берді
Палестиналық екі байланыс операторы шведтік Ericsson компаниясымен бірлескен келісімге қол қойды. Келісім аясында жоғары жылдамдықтағы мобильді желіні шамамен алты айдың ішінде кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 07 Қаңтар, 2026
Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында өнер көрсететін «Хартс» клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатына талдау жасап, онда мемлекеттік саясаттың логикасы қалай өзгергенін және бұл өзгерістердің әр азаматтың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Қаңтар, 2026
АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады
АҚШ Конгресінің өкілі, Демократиялық партиядан сайланған Эйприл Макклейн Делэйни Венесуэлада жүргізілген әскери операцияға байланысты ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Спорт • 07 Қаңтар, 2026
Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды
Жапонияның Сайтамасында аралас жекпе-жектен RIZIN турнирі өтті. Басты бәсекелердің бірінде отандасымыз, жартылай жеңіл салмақтағы Қаршыға Дәуітбек (18-3) жапониялық Юто Кубомен (5-2) күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды
Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтарды анықтап, 1787 жүргізушінің куәлігінің күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қаңтар, 2026
Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?
«ҚазАвтоЖол»-дың мәлімдеуінше 7 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райының жақсаруына байланысты жолдар ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 07 Қаңтар, 2026
Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр
Transferroom порталы 2026 жылдың қорытындысы бойынша 21 жасқа дейінгі футболшылардың арасынан үздіктерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Астана мен Павлодар қаласы арасына рейстік арзан автобус жүре бастады. Жолаушылар екі аралыққа небәрі 4 мың теңге төлеп жете алады. Жолда аялдамалар қарастырылмаған.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
Жаңа техника жұмысты жетілдіреді
Халыққа медициналық көмек пен ветеринария саласының қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат Алматы облысында да жүйелі жүзеге асырылып келеді. Жақында өңірдің жедел жәрдем қызметі мен ветеринарлық ұйымдарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілті табысталып, қос саланың қуанышын еселеді.
Кәсіпқой бокс • 07 Қаңтар, 2026
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Жарыста еліміздің бірқатар былғары қолғап шебері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты.
Күрес • 07 Қаңтар, 2026
Жыл қорытындысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңарды. Үздіктер тізімінде еліміздің бірнеше балуаны бар.
Ғалам ғажаптары • 07 Қаңтар, 2026
«OpenAI» компаниясы наурыз айында адамша сөйлейтін дауыстық жасанды интеллект моделін таныстырады.
Спорт • 07 Қаңтар, 2026
«Қайрат» футзал клубы «Futsal Planet Awards 2025» конкурсының «Әлемдегі ең үздік клуб» аталымында бас жүлдеден үміткерлер қатарында енді. Алматылықтардан бөлек, бұл тізімде Аргентинаның «Бока Хуниорсы», Таиландтың «Хонген Тхакамы», Бразилияның «Жарагуасы», Италияның «Мета Катаниясы», Уругвайдың «Пеньяролі» бар. Бұл тартыста кімнің бағы жанатыны бүгін белгілі болады. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, шешуші тұста Испанияның «Пальмасына» 4:9 есебімен есе жіберді.
Ғалам ғажаптары • 07 Қаңтар, 2026
Қытайдағы Хайси-Моңғол-Тибет автономды округінде әлемдегі ең ірі «ауа батареясы» жобасы іске қосылмақ. Бұл жүйе энергияны сақтау үшін сұйытылған ауаны пайдаланады.
Ғалам ғажаптары • 07 Қаңтар, 2026
Ғалымдар адам ағзасындағы әрбір мүшенің қартаю деңгейін жеке-жеке бағалауға мүмкіндік беретін жаңа жүйе ойлап тапты.
Таным • 07 Қаңтар, 2026
Нобель лауреаттары сыйақысын қалай жұмсады?
Нобель сыйлығы – тек медаль мен мадақ қана емес, сонымен қатар қомақты қаржылай табыс. Қалай дегенмен де, аталған жүлденің қаржысы ниеттің де көрінісі екені анық.
Өнер • 07 Қаңтар, 2026
Алдағы 16 қаңтарда «Астана Опера» театрында италиялық композитор Джоаккино Россинидің «Жібек саты» комедиялық спектаклі қойылады. Осындағы бас кейіпкер Джулияның партиясын – қойылымға шақырылған халықаралық байқаулардың лауреаты Әзиза Омарова орындайды. Бұл бейне оның дебюті болмақ.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
«Апамның шайы» шай емес екен...
Зерттеушілердің пікіріне сенсек, қазақ әлем бойынша шайды ең көп тұтынатын 10 елдің қатарына кіреді. Шай ішкенді жақсы көргенімізбен еліміз шай өндірмейді. Бұл өнімді біз көбіне Үндістан, Кения елдерінен тасымалдаймыз. Бірақ кейінгі жылдары елімізде өндірілген небір шайдың түрі нарықты жайлап алды. Осы шайларға арнайы мамандар тексеру жүргізіп, көпшілігін адам денсаулығына зиянды деп тапты.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында салынған Достық үйі ашылды.
Тарих • 07 Қаңтар, 2026
Қала тарихы: өткен күннен белгі бар
Қызылорда қаласының қақпасы саналатын теміржол вокзалының іргесінде Ақмешіт музейі орын тепкен. Қала Перовск атауын иеленген заманда бой көтерген ғимарат 1905 жылы салыныпты. Шаһардың екі ғасырлық тарихына қатысы бар деректі жинақтаған мемлекет қорғауындағы бұл музей жақында қайта түледі.
Мәдениет • 07 Қаңтар, 2026
Аймауытовтың аруағы бір аунап түсті десек те...
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы өткен жылдың соңында мол қуанышқа кенелді. Өңір басшылығы шығармашылық ұжымға 3 қызметтік пәтер мен 50 млн теңге қаражат бөліп, ерекше ынталандырды.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2026
Шалғайдағы Денисов ауданының Фрунзе ауылында «Балапан» бөбекжайы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Бұған дейін жергілікті мектептің бір бұрышын паналап келген балабақша жаңа жыл қарсаңында заманауи үлгіде жаңғырып, әсем кейіпке енген жаңа ғимаратқа көшті.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
«Жас дарын» мектебінің бір топ оқушысы жетім және қамқорлықсыз қалған балаларға қосымша сабақ үйретіп, білімде ілгері басуларына көмектесіп жүр. Қамкөңіл ұл-қыздардың жандарына жылулық сыйлаған жоба 2021 жылдан тұрақты жалғасып келеді.
Әдебиет • 07 Қаңтар, 2026
«Жұлдыз» журналының алпысыншы жылдардағы архивін ақтарып отырып Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының алғашқы нұсқасына кезіктім. «Бірінші дәптер» деп айдарланған сол нұсқада басты кейіпкер Еркін «халық жауының» баласы болып суреттеліпті.
Руханият • 07 Қаңтар, 2026
Өлең өлкесінде өзіне тән өрнек салған әр ақынның қилы-қилы тағдыры бар. Тәңір тарту еткен талантымен дараланған ақындардың біразының талқаны ерте таусылған. Әрине, әркімнің өз әлемі, өз әуені мен өз мұңы болатыны ақиқат. Кез келген мықты ақынның ойды образға орап беретін шұрайлы шумақтары жан тебірентпей қоймайды.
Әдебиет • 07 Қаңтар, 2026
Өткен ғасыр басында қазақ әдебиетінің шаңырағын тіктеген алыптар шоғыры қатарында қалам тербеген жазушының бірі – Сапарғали Бегалин. Ол туралы Сәбит Мұқанов: «Сүйсініп оқиды оны туған халқы...» десе, академик Серік Қирабаев: «Еліне, қоғамға міндет артпай, еңбегімен таза өмір сүрген жазушы», деген екен.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтерген 120 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысқан салтанатты рәсімде баспана кезегінде тұрған жандарға пәтер кілттері табысталды.