Іс
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021
Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді
«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қыркүйек күні cағат 12:31-де (Гринвич бойынша 06:31-де) жер сілкінісін тіркеді», деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 16 Қыркүйек, 2021
Мәжіліс депутаттары Ресейдегі Парламент сайлауына байқаушы болады
Мәжіліс депутаттары үстіміздегі жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2021
Қазақстан елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Палестина Президенті Махмуд Аббасқа Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қыркүйек, 2021
Еліміздегі бірыңғай операторлардың саны азаяды
Кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестік жүргізуге жол ашылады. Осыны мақсат еткен заң жобасы бүгін мәжілісте талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2021
Қазақстаннан оралған үнді сарбаздарынан коронавирус анықталған
Қазақстанда өткен оқу-жаттығулардан оралған сегіз үнді сарбазының ПТР тесті коронавирусқа оң нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2021
Үндістанның батысында сел жүріп жатыр
Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында нөсер жаңбырдың салдарынан болған сел салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы бесеуі із-түссіз жоғалғандардың тізімінде, деп жазады Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 14 Қыркүйек, 2021
Елбасы Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2021
Қытай Ауғанстанда мыс өндіруді қайта бастайды
Ауғанстандағы тұрақсыз саяси және әскери жағдай Қытайға мыс кенішін игеруге мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Зілзалаға дайын болу үшін оқу-жаттығу өтеді - ТЖМ
«Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп жазады Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021
14 қыркүйек сағат 04.19 шамасында Алматы сейсмостансасы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында – Алматы облысы, Панфилов ауданында (таулы аймақ) жер сілкінісін тіркеді.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Еуропалық комиссияны атом реакторлары мазалайды
Қазіргі таңда әлемде атом электр стансаларын салу қажет пе деген сұрақ күн тәртібінен түспей тұр. Кейбіреулер оны экологиялық таза деп есептесе, енді бірі реакторлардан келетін қауіп көп деп есептейді. Бұл мәселенің қызу талқыланғаны соншалық, Еуропалық комиссия ядролық энергияны қолданудың тиімділігі мен зиянын зерттеп жатыр.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Төрт қабатты ғимарат құлап, бірнеше адамды басып қалды
Үндістанның Дели қаласында төрт қабатты ғимарат құлап, бірнеше адамды басып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді
ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов 2021 жылғы тамыздағы іскерлік белсенділік индексі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2021
Пәкістанда су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік батысында су тасып, ондаған баспананы қиратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 11 Қыркүйек, 2021
ҚХЛ: «Барыс» «Спартакқа» есе жіберді
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Қыркүйек, 2021
Елордада қазақ-неміс орталығы ашылды
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақ-неміс орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2021
Балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы әзірленеді - Н. Нығматуллин
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Қыркүйек, 2021
Студенттік жатақханалардың жағдайы қандай?
Елімізде студенттік жатақханаларды тексеру басталды. Рейдті «Jas Otan» Жастар қанатының және «Nur Otan» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің өкілдері ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2021
Үндістанда екі кеме соқтығысып, 30 адам жоғалып кетті
Үндістанның Ассам штатында екі кеме соқтығысып, біреуі суға кетті. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 08 Қыркүйек, 2021
Cуды үнемдеу құрғақшылықтан сақтайды
Түркістан облысы Ордабасы ауданы аумағындағы Боралдай өзенінің бойынан сыйымдылығы 50-60 млн текше метр болатын су қоймасы салынады. Жаңа нысанның ені 2 шақырым, ұзындығы 5 шақырым болады. Нәтижесінде, Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласынан жалпы 45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Бұрынғы тарих – келешек үшін ескерту
Кеңес Одағында қалыптасқан тоталитарлық режімнің өз халқына қарсы бағытталған қысымшылық саясаты құрамындағы ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізген шараларының бірі – азаматтарды сайлау құқығынан айыру. Бұл қатыгез идея 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай Кеңес басшылығының арасында пайда болды, ал 1918 жылы шілдеде белгілі бір тапқа немесе әлеуметтік топқа кіргені үшін дауыс беру құқығынан айыру РСФСР-дің бірінші Конституциясының арнайы бабында бекітілді.
Елорда • 08 Қыркүйек, 2021
Елордада көкөніс бағасы неге қымбат?
Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, оның ішінде көкөніс бағасының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
Түркістанда балалар арасында тұмау өршіп тұр
Түркістан облысында жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққан балалардың саны көбейді. Биылғы жылдың 8 айында 7 мыңға жуық бала осы вирусты жұқтырып, өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 43%-ке артқан, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Қыркүйек, 2021
Нұрлан Нығматулин Венада екіжақты кездесулер өткізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін парламенттік дипломатия құралдарын пайдалануды қолдады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 08 Қыркүйек, 2021
Рухия Байдүкенова Қазақконцерт солисі атанды
Қазақконцерт басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы «Славян базары-2021» халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Рухия Байдүкеновамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 08 Қыркүйек, 2021
Шағын және орта бизнесті тексеру қайта енгізіледі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев шағын және орта бизнесті қайта тексеру себептерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар талқыланды
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары өзектендірілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021
«Қазақфильмге» тінту жүргізілгені рас па?
7 қыркүйекте «Қазақфильмде» тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген ақпарат тарады. Алайда, Ш. Айманов «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.