ЕС
Сенат • 14 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дінаралық диалогты ілгерілету аясында серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанда Саха республикасының мәдени күндері өтеді
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 13 Ақпан, 2024
Шымкентте сарбаздар ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сарбаздарымен дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу Ауған соғысына қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
«Италия мен Польшадан жеткізген». Есірткі тасушы ұсталды
Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
Қазақстанда қанша ғалым әйел бар?
Жыл сайын 11 ақпан Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде атап өтіледі. Осынау атаулы күнге орай Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау жолдап, елімізде қанша ғалым әйел бар екенін айтты, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Ақпан, 2024
Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Білім • 09 Ақпан, 2024
ҰБТ-2024: Тапсырмаларды бағалау әдісі айтылды
2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестулеудегі тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140. «Қазақстан тарихы», «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» пәндерінің тапсырмаларында төрт нұсқаның ішінде бір дұрыс жауабы бар, деп жазады Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
«Туыстарына аударған». Мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 08 Ақпан, 2024
Қазақстан корейлері Соллаль мерекесін атап өтті
Ай күнтізбесі бойынша келетін Шығыс Жаңа жылы – биылғы Сольналь немесе Соллаль мерекесі 10 ақпанға тура келеді, дәл осы күні жасыл ағаш айдаһар жылы күшіне мінсе, бізде наурыз айында нағыз ұлу жылы басталады. Сондықтан да елімізде Жаңа жыл мерекесін үш рет қатарынан қарсы алатын ұлт болса, бұл – Қазақстан корейлері. Бірінші – Григориан күнтізбесі бойынша болса, екіншісі – Соллаль, үшінші – Наурыз мейрамы, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасы: медальдар ресми түрде таныстырылды
Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың жүлделерін (медальдарын) ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Жақып Асанов Әзербайжан Конституциялық сотының Төрағасымен кездесті
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының үйлестірушісі, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов бастаған байқаушылар Әзербайжан Республикасы Конституциялық сотының Төрағасы Фархад Абдуллаевпен кездесті. Кездесуге қатысушылар сайлау процесінің құқықтық мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Көкшетауда мектепті наркологиялық есепте тұрған адамдар күзеткен
Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметін тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: 3 адамның денесі табылды
Алматы қаласы Медеу ауданы, Тау самалы шағынауданындағы екі үйді лай көшкіні басып қалғаны хабарланған еді. Іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде іздестірілген 4 адамның да денесі табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
«2 келі есірткіні жұтып қойған». Контрабандалық арнаның жолы кесілді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп жазады Egemen.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды
8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2024
Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео)
Әлеуметтік желіде тасжолда төбелескен жүргізушілердің видеосы тарап кетті. Видеода ашулы жүргізушінің машинаның ішіне ентелей кіріп екінші жүргізушіні ұрып-соққанын көруге болады. Төбелес тасжолдың ортасында болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
«Жағдай мүшкіл»: Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі жоғары
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасап, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Бірнеше салаға ауқымды реформа жүргізіледі
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестік, құрылыс саласына да ауқымды реформа жүргізу қажеттігі айтылды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 07 Ақпан, 2024
«Талап қатаң болады»: Қазақстанда жаңа инвестициялық кезең басталады
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатқанын айтып, салдарынан алдағы уақытта осы бағыттағы өсімді сақтап қалу қиынға соғатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесі жабылды
Бүгінгі сағат 09.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2024
Қонаев әкімдігі 1 млн теңгеге екі кресло сатып алған
Бұл туралы ақпарат Telegram желісіндегі арналардың бірінде пайда болды. Ал ведомство өкілдері бұл деректі жоққа шығармады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2024
«Ризабектің қыдырудан қолы тимеді». Бас бапкер әлем чемпионы неге жеңілгенін айтты
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бес күнге ұласқан ел біріншілігін еркін күрес балуандары түйіндеді. Күрес түрлерінен бізде Париж жазғы Олимпиадасына әзірге екі жолдама ғана бар. Былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) бестікке еніп, еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг) қола медаль иеленіп, Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасын да олжалаған-ды. Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысовтан Қазақстан чемпионатының қорытындысы туралы, балуандардың бабы жайында аз-кем сұхбаттастық.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды
Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінгененін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі меморандумға қол қойды
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов пен Жоғары Сот Кеңесі төрағасы Денис Шипптің кездесуі аясында тараптар келісімге келді. Екі жақ судья кадрларын іріктеу процестерін жетілдіру, олардың әлеуетін арттыру және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мәселелерінде ынтымақтастасуға уағдаласты.
Қаржы • 05 Ақпан, 2024
«AIFC Connect: London 2024» іс-шарасы өтті
2 ақпан күні «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «AIFC Connect: London 2024» іс-шарасын өткізді. Іс-шара алаңында Қазақстан мен Орталық Азияға инвестициялау мүмкіндіктерін талқылау үшін 70 инвестициялық банктерден, халықаралық қаржы, консалтингтік компаниялардан, заң фирмаларынан 120 өкіл қатысты.
Экономика • 03 Ақпан, 2024
Еуразиялық Агроэкспресс Үндістан мен Иранға дәліз ашты
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында «Еуразиялық Агроэкспресс» жеделдетілген теміржол және мультимодальды тасымалдау бойынша бірлескен жобасын іске асыру жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2024
Бұрқасын, тұман. Үш облыста республикалық жолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың жабық екенін жариялады. Белгіленген автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген, деп жазады Egemen.kz.