е
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Елімізде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Мәжілісте кішкентай баласы бар ата-аналарға жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды енгізу туралы ұсыныс айтылды. Бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне өзгерістер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Экономиканы өсіру мен жалақыны жоғарылату: Үкімет сенім үдесінен шыға ала ма?
Үкімет экономиканың өсуі мен жалақы арасындағы алшақтықты жоюға ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Ел экономикасы қаншалықты өсті?
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 19 Қараша, 2025
«Бәйтерекке» 1 трлн теңге берілетін болды
2026 жылы «Бәйтерек» Холдингіне республикалық бюджеттен 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлініп, ұлттық экономика үшін стратегиялық жобаларды қаржыландыру күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәрбие • 19 Қараша, 2025
Астанада балабақша бүлдіршіндері түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты
Аталған еңбекті – «Абай аманаты» жобасы аясында №86 «Зияткер» балабақшасының бүлдіршіндері жасады. Портретті әзірлеуге 560 түйме жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 19 Қараша, 2025
Үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған шараларды күшейтеді
Бұл туралы макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек
Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Көп балалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Ақмола аумағындағы Егіндікөл ауданында бес балалы ана Махаббат Төлеубековаға салтанатты түрде үш бөлмелі пәтердің кілттері табысталды және жиһаз сатып алуға сертификат та берілді. деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қарағандыда 63 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді: Дәрігерлер балалар арасындағы өсімге алаңдаулы
Қарағанды облысында маусымдық вирустық инфекциялар күрт көбейіп, әсіресе, дәрігерлер балалар арасындағы аурушаңдықтың артуына назар аудартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Қараша, 2025
Кәрім Бензема «Реалға» оралуы туралы мәлімдеме жасады
Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының капитаны, 37 жастағы француз шабуылшысы Кәрім Бензема мадридтік «Реалға» қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қазақстанда «Гонконг тұмауы» тарап жатыр
Үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова ЖРВИ мен тұмау бойынша елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2025
Қызылордада бір күнде 3 мал ұрлығы дерегі тіркелді
Қызылорда облысы аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдаушы автокөліктерді, одан бөлек мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр.
Әлем • 19 Қараша, 2025
Себастьян Бахтың бұған дейін жарық көрмеген екі шығармасы табылды
Лейпциг (Германия) қаласында соңғы жиырма жылда алғаш рет Иоганн Себастьян Бахтың бұрын беймәлім екі шығармасы табылып, «музыкалық сенсация» ретінде аталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 19 Қараша, 2025
Өңірлер ықтимал су тасқынына дайын ба?
Еліміздің алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдар су тасқыны қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізіп, инженерлік қорғау құрылғыларының дайындығын тексеріп, алдын алу шараларын жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңге жымқырған
Ақтөбеде әйел «Декретке миллионмен» курсын оқып алып, 180 млн теңгені жымқырған Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, 30 жастағы жеке кәсіпкер әйел босануына және сәби күтіміне байланысты декреттік демалысқа шығатын 41 әйелге алаяқтық жолмен әлеуметтік төлемдер алып беріп, мемлекетке 180 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 19 Қараша, 2025
Қызылордада «Қазсушар» қызметкерлері қамауға алынды
Облыс прокурорлары Көкарал бөгетін нығайтуға қажетті 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегенін анықтады. «Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылғаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Қараша, 2025
Астана әкімдігі қайтыс болған фельдшердің отбасына көмек көрсетілетінін мәлім етті
Астана әкімдігі қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері, марқұм Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қараша, 2025
«Астана Операда» эстон музыкасының концерті өтті
Әлемге әйгілі композиторлар Арво Пярттың 90 жылдығы мен Вельо Тормистың 95 жылдығына орай «Астана Опера» сахнасында эстон музыкасының кеші ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Талдықорғанда Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім ұсталды
16 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Талдықорған қаласының патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Медицинадағы цифрлық шешімдер: Қазақстан мен Түркияның мәмілесі
Анкарада Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Шуаип Биринджимен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Мұхтар Әуезов театры жүзінші маусымның шымылдығын түрді
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры жүзінші мерейтойлық маусымын ашты. Мерейтойға орай «Ғасырға басқан қадам» атты салтанатты театрландырылған қойылым қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Сурдлимпиада-2025: Қазақстан спортшылары 13 медаль жеңіп алды
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиаданың алғашқы үш күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. 2022 жылғы XXIV жазғы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы рекордты 29 медаль (4 алтын) еншілеген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Қараша, 2025
Тарихи экспорт: Армения қазақ бидайына жоғары баға берді
Қазақстанның ұлттық астық операторы Армениядағы серіктесіне бидайдың пилоттық партиясын жеткізуді сәтті жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.