Соңғы жаңалықтар
Заң • 01 Қаңтар, 2026
Жаңа заң банктерге жайлы бола ма?
2026 жылы бағалы қағаздар нарығын үлкен реформа күтіп тұр. Оңды-солды несие бере беретін банктерге жаңа жылдан бастап шектеулер де енгізілуі мүмкін. Осының алдында Мәжіліс жіберген «Банктер және банк қызметі туралы» заңға сенаторлар бірқатар түзету ұсынды. Алайда бұл өзгерістер нақтылау сипатында ғана болды. Сондықтан заң жобасының жалпы тұжырымдамасы өзгерген жоқ.
Салық • 01 Қаңтар, 2026
Бүгіннен бастап қолданысқа енетін Салық кодексіндегі өзгерістер барлық саланы дерлік қамтиды. Реформа елдегі салық жүйесін жеңілдетіп, бизнес саласына да қолайлы жағдай туғызуға тиіс. Кодекстің ең маңызды тұстарын салық маманы Балжан Бақытқалиқызы қарапайым тілмен түсіндіріп берді.
Саясат • 01 Қаңтар, 2026
Сындарлы саясат: Биыл мемлекетімізді қандай өзгеріс күтеді?
Әлемдегі геосаяси ахуал күн санап өзгеріп жатыр. Әр жерде тұтанған соғыс өрті мен кикілжіңдер, санкциялар мен экономикалық байланыстардың үзілуі түрлі сын-қатерге жедел ден қойып, келешек бағыт-бағдарды дер кезінде айқындап отыруды талап етеді. Бұл сында жан-жағындағы көршілерімен әрі әлемдік алып державалармен тең дәрежеде қатынас орнатқан Қазақ елінің ұпайы түгел. Дегенмен бұл қол қусырып отыру дегенді білдірмейді. Осы орайда биыл еліміздің ішкі-сыртқы саясаты қалай өзгеруі мүмкін? Заман алдымыздан қандай тосынсый ұсынады? Біз саяси сарапшыларды сөзге тартып, жақын болашақ жайын жобалап көрген едік.
Саясат • 01 Қаңтар, 2026
Еліміз «ЕАЭО+» серіктестігін кеңейтпек
Осы жылы еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Қазір одақ елдері арасында мәселе көп. Қазақстан тізгінді алған соң, алдымен шекарадағы жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін жоюы қажет. Сондай-ақ ортақ игі істерге негізделген бастамаларды алға тартуы керек. Одақ елдері үшін қандай салалар басым болады? Жалпы, еліміздің төрағалығынан әлем не күтеді?
Инфографика • 01 Қаңтар, 2026
Цифрландырудағы тың бастамалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жасанды интеллект саласына ерекше мән берді. 2025 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, ЖИ-дің маңызын атап өтті. «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деген еді Президент. Бұл саладағы өткен жылы атқарылған істерді газеттің алдыңғы санында жазған болатынбыз. Биыл да жасанды интеллект және цифрландыру саласы қарқынды дамуын тоқтатпақ емес. 3 жылдың ішінде толық цифрлы мемлекетке айналу үшін алда IT экспортын арттыру, ЖИ-ді барлық салаға енгізу, баршаға қолжетімді экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Сондай-ақ ЖИ-дің игілігін көрсететін ауқымды жобалар нарыққа шығарылмақ.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2026
Айырқалпақты ағайындармен қоңсы орналасқан Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында ашылған жаңа үйірмеде балалар роботтехниканың қыр-сырына қанығып жүр. Ауыл оқушыларының ғылыми-техникалық танымын дамытуға және жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба өз жемісін беріп отыр. Ал үйірмеге келушілер саны уақыт өткен сайын арта түскен.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуі
Құрметті әріптестер! 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді.
Digital • 01 Қаңтар, 2026
«Astana Hub»: заманауи жобалар
«Astana Hub» – кейінгі жылдары еліміздегі талай идеяға «қанат» бітіріп, стартап деген ұғымды жұртшылыққа жақындатқан орта. Жас кәсіпкер, инвестор, тәлімгер және ІТ мамандарының басын қосып, технологияны жай әңгіме емес, нақты өнімге айналдыратын осы алаң енді 2026 жылы да қарқынын бәсеңдетпек емес.
Таным • 01 Қаңтар, 2026
Мұқым қазақ қана емес, жер беті жабылып бір жылдың басын қақшып тастап, жаңа 2026 жылдың күнтізбелік парағына үмітпен көз жіберіп тұр.
Таным • 01 Қаңтар, 2026
Ғалам қақпасын ашып Жылқы жылы кірді. Қайырлы, құтты болсын! Атам қазақ жылқыны төрт түліктің төресі санаған. Атақты Ақтайлақ бидің «қымыз – қаным, жылқы – жаным» деген аталы сөзі бар. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Жанына халқымыздың жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан, Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан» десе, қасиетті кітап Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аят бар.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Классикалық мәдениет тұлғалары
Ұлт мәдениетінің биігін әлемге танытқан дара тұлғалар уақыт өткен сайын биіктей түседі. Қазақ өнерінің қос алыбы – ән әлемінің хас шебері Ермек Серкебаев пен кино кеңістігінің классигі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуының ЮНЕСКО аясында атап өтілуі – соның айқын дәлелі.
Шахмат • 01 Қаңтар, 2026
Аса дарынды қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Қатардың бас шаһары Дохада рапид пен блицтен өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір белесті бағындырды.
Спорт • 01 Қаңтар, 2026
Өткен жылан жылы да тарих жылнамасына қатталды. Биылғы жылқы жылында да тартысқа толы сайыстардың дүбірі жиі естілетіні анық. Спортшыларымыз-дың сыналар сәті таяп келеді. Ақпанның алғашқы аптасында қысқы Олимпиада додасы басталады. Одан кейін жазғы Азия ойындарының да жаңғырығы жақындай түседі.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Астанада түнімен жауған жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық көліктер жылдамдығын бәсеңдетті. Қалада жол апаты да жиілеп, ауруханаға түсушілер қатары артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды. Ал 1 қаңтар ең алдымен Тынық мұхитындағы Кирибати арал мемлекетіне қарасты Рождество аралында басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жүгініп, әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Ол өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
Астана қаласының цифрлық сервистерін жаңғырту аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап iKOMEK109 қолданыстағы мобильді қосымшасы арқылы өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі бүгін шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру тәртібіне қатысты жедел хабарлама жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін
Футбол ережесіне соңғы жылдардағы ең маңызды өзгерістердің бірі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті. Аталған өзгерістер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтергеннен кейін байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 2026 жылғы қаңтарда Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Атырауда ер адам есірткі затын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kzі.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 2025 жылғы 31 желтоқсанда елорда әкімдігі Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді
ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылғанын хабарлады.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Елімізде зейнетақы аннуитетіне қатысты жаңа өзгерістер дайындалып жатыр. Егер олар қабылданса, зейнетақыны алу және мұрагерге беру тәртібі бұрынғыдан ыңғайлы болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2025
Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде букмекерлік кеңселерге, тотализаторларға, ұялы байланыс операторларына қойылатын талап қатаңдайды. Ережені бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынады, деп жазады .Egemen.kz
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды
Елорда полицейлері автобус аялдамасының шыны қорғанын бұзған вандалды қысқа уақытта қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария ұлттық валютасы левтен бас тартып, еуроға көшеді. Осылайша ел еуроаймаққа қосылған 21-ші мемлекет болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы бір күнде 3,02 теңгеге өсіп, 505,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.