Алғыс айту күні
Сенат • 01 Наурыз, 2024
Қиын-қыстау кезеңде халқымыз қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Палата Спикері Қазақстан халқын құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдени мекемелер жалпы 514 іс-шара ұйымдастырады. Қазақстан халқы бұл күні қайырымдылық концерттеріне барып, театрландырылған қойылымдар мен көрмелерді тамашалап қана қоймай, түрлі акцияларға да қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
«Бір шаңырақ астында»: түрлі этнос өкілдері қазақ халқына алғыс айтты
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» деп аталған мәдени іс-шара өтті. Тағылымды басқосуға келген түрлі этнос өкілдері тағдырдың қилы соқпағында бауырына басқан қазақ халқына алғыстарын айтып, достық пен татулықты арқау еткен музыкалық туындылардан концерт ұсынды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?
1 наурыз − Алғыс айту күні. 2015 жылы күнтізбемізге енген жаңа мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Қысылтаяң қилы кезеңде қазақ топырағына табан тіреген этностар мен тұрғылықты халықтың арасындағы достықты дәріптеуді көздейтін мейрам алғаш рет 2016 жылы жалпы халықтық сипатта тойланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 29 Ақпан, 2024
Алғыс айту күні - алмағайып шақта алашапқын күй кешкеннің қайта өркен жаю жолында тіреніш болған жандарға айтар ризашылығы рәуіштес. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екендігі бесенеден белгілі. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген бұл мереке Ұлттық ұлан қатарында азаматтық борышын өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметшілер үшін де құнды әрі тағылымға толы. Осы орайда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі өзге ұлт өкілдері мерейлі мереке аясында айшықты көзқарас танытып, пайымды ойға негізделген пікірлерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.
Медицина • 02 Наурыз, 2023
Елорда перзентханаларында Алғыс айту іс-шарасы өтті
Алғыс айту мерекесін Астана перзентханаларының дәрігерлері мен науқастары да атап өтті. Науқастар ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2023
Әрбір адам баласының кіндік қаны тамған мекен оның туған жері. Туған жер, өскен орта сол себептен де адамның түп қазығына баланады. Өмірге деген іңкәрлігің туып-өскен топырағыңа деген ыстық сезіміңмен ұласып, тамырыңа қан жүгіртеді. Сол арқылы болашаққа бағыт алып, бет түзейсің. Қай биікке шықсаң да бала кезде көз алдыңда қалған ауылыңның ақеділ адамдары санаңның түкпіріне қатталып, ойыңнан кетпейді, жадыңда жаңғырып тұра береді. Бұл кез-келген адамның басында болатын хәл. «Әркімге өз туған жері – мысыр шәрі» деген сөз осыдан қалса керек. Туған жердің жыңғылы мен жусаны, қамысы мен қарағайы, ойы мен қыраты, қарақаты мен бүлдіргені, шұбатылған өзені, керек болса қырында жатқан түйір тасына дейін қымбат. Сол кішкентай ауылдан бастау алған балаң сезім, тұтас туған отанды сүюге жетелейді.
Елорда • 01 Наурыз, 2023
Елорда әкімі астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Жыл өткен сайын бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңыздылығы артып келеді. Бұл күні жақсылық жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға алғыс айтып, отбасы, туған-туыс, дос-жаран, әріптес, көршіні қамқор болуға шақыру әдетке айналған.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2023
Қонаевта Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтеді
Биыл Алғыс айту күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтеді. 20 ақпаннан бастау алған мерекелік онкүндік 1 наурызда Қонаев қаласында этностардың мәдениет көрмесі мен фестивалімен қорытындыланбақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Ақпан, 2023
Елордада Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстанда 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени, танымдық іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 01 Наурыз, 2022
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 01 Наурыз, 2021
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.