Ақмола облысы
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
2025 жылдың 12 маусымына қараған түні Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті бағытындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі денсаулық сақтау нысаны ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысында екі жаңа медициналық мекеме – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт өз жұмысын бастады. Бұл нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынып, құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Маусым, 2025
Ақмола облысының туристік жауһары қалай дамып жатыр?
Жаз шығып, күн жылынғалы Бурабайға ағылған туристер легі көбейді. Табиғаты көз сүріндірген бұл өңір жайлы «Қазақстанның Швейцариясы» деп бекер айтылмайды. Көл мен орман, тау мен саф ауасы бар курорттық аймақ соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл жайлы аудан әкімдігі нақты деректермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2025
Ақмола облысында су қоймаларын көпфакторлы тексеру жұмыстары басталды
«Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 04 Маусым, 2025
Бурабай баурайы қонақ күтуге қамдануда
Биыл Щучинск қаласында жаңа бақылау алаңы ашылды. Аз уақыттың ішінде туристердің назарын аударатын демалыс орнына айналып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 03 Маусым, 2025
Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатта балаларға арналған «Мечта» жазғы мектеп лагерінің алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 1000-нан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экспорт • 22 Мамыр, 2025
Ақмола астығы Еуропаға жол тартты
Ақмола облысы мен Эстония Республикасындағы Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум қабылданды. Құжат биылғы ақпанда облыс әкімінің Эстонияға жасаған жұмыс сапары аясында рәсімделген. Бұл келісім қазақстандық өнімді Еуропа нарығына жаңа логистикалық бағыт арқылы жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Мамыр, 2025
Заңсыз өнімдердің жолы кесілді
Біржан сал ауданында кәсіпкерлерден 250 құты ішімдік тәркіленді. Алкогольдік өнімдер ілеспе қосымша құжаттарсыз сатылған.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Соғыс өрті сөнгелі сексен жыл уақыт өтсе де қан қасап майданда опат болған боздақтардың дерегі әлі де табылып жатыр.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалімге жалақы төленбей келген
Ақмола облысының Ерейментау ауданында тоғыз мектептің 298 мұғаліміне жалақы төленбей, жалпы берешек көлемі 80 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнім • 07 Мамыр, 2025
Ақмола облысында азық-түлік қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген
Азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының басты кепілі. Бұл бағытта Ақмола облысында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсім көрсетті: ет өндірісі 10 пайызға, сүт 3,7 пайызға, жұмыртқа 0,4 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz,
Аймақтар • 03 Мамыр, 2025
Қотыркөл көлінің жағалауында иесіз тұрған катамаранды көзі шалған бес бала түн қараңғысын жамылып, серуендемек болған.
Денсаулық • 03 Мамыр, 2025
Көкшеде күн енді жылына бастаса да, кене шағудың 76 дерегі орын алды. Былтыр 415 оқиға тіркелген екен. Демек, кенеден келетін кесапат аз болмайтын сыңайлы.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2025
Жауапсыз мердігерді 135 миллион теңге көлеміндегі айырманы төлеуге міндеттеді
Көкшетау қаласында ауыз судың азабы туралы мәселе көтерілгелі қашан. Тәулігіне 30 мың текше метр суды тазалай алатын құрылғылар қайта жаңғыртылуда. Әйтсе де істің қарқыны ойдағыдай емес.
«Таза Қазақстан» • 27 Сәуір, 2025
Ақмолада жыл басынан бері 2,3 миллион дана көшет отырғызылды
Өңір тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ұйымшылдықпен ат салысуда. Күні бүгінге дейін 340 гектар алқапқа 2,3 миллион түптен астам көшет отырғызылды. Игілікті іске облыстық барлық тұрғындары дерлік ат салысуда.
Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025
Ақмолада 40 гектар жердегі құрғап шөп өртенді
Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалаларында, сондай-ақ Бурабай және Біржан сал аудандарында құрғап шөп өртенді. Қызыл жалынның жалпы 40 гектар жерді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 26 Сәуір, 2025
Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын қорлап келген әйел жазаланды
Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын ұрып-соғып, қатыгездікпен қорлап келген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Көкшетауда жылу жүйесі жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көкшетау-Зеренді бағытында үш жолақты жол салынады
Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол осы бағытта салынады. Басты мақсат курортты аймаққа қатынайтын күре жолды кеңейту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2025
Елімізде алғаш рет реверсивті қозғалыс жолағы пайда болады
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, Көкшетау – Зеренді тасжолында жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жолда елімізде алғаш рет реверсивті қозғалыс жолағы енгізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті
Кеше Атбасарда Mercedes көлігінің жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Сәуір, 2025
Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды
Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Спорт • 11 Сәуір, 2025
Ақмола құрамасы қысқы спартакиаданың чемпионы атанды
Бүгін Ақмола облысының құрама командасы Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында алғаш рет бірінші орынға шықты.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Ақмола облысында құтқарушылар тасқынның алдын алды
Ақмола, Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары мен әскери қызметшілері 5 күн бойы Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында апатпен күресті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілмей тұр
Өңірде 60-тан астам тұрғын үйге су кірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Ақмола облысындағы су тасқынынан жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты ескі Колутон ауылын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2025
Ақмола облысының тұрғыны 6 млн теңге несие алып, алаяқтарға берген
Ақмола облысында ер адам 6 миллион теңге несие рәсімдеп, оны алаяқтарға аударған. Ол инвестициялық платформаға ақша салса, үлкен пайда табамын деп сенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 04 Наурыз, 2025
Ақмола облысында есірткі арнасының жолы кесілді
2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Ақмола облысында білім саласында заң бұзушылықтар анықталды
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.