Ақш
Саясат • Бүгін, 10:58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаи Құрама Штаттарына ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер, американдық корпорациялармен келіссөздер және стратегиялық бастамалар еліміздің жаһандық экономикадағы орнын күшейтуге бағытталған. Бұл сапар Қазақстанның басты мақсаты – экономиканы ресурстық тәуелділіктен арылтып, жоғары қосылған құнды өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібін кеңейту және шетелдік капиталмен ұзақмерзімді серіктестік орнату екенін айқын көрсетті.
Қаржы • Бүгін, 09:20
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • Кеше
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Еуропалық Одақ пен АҚШ арасындағы сауда қатынастары жаңа тарифтік дау салдарынан қайта шиеленісуі мүмкін. Еуропалық комиссия АҚШ-тан өткен жылы жасалған сауда келісімінің шарттарын сақтауды талап етіп, тарифтерді одан әрі арттырмауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы уақытта айналасындағы кеңесшілері мен сенімді адамдарынан бір сұрақты жиі сұрай бастады. 2028 жылы Республикалық партияға кім жетекшілік етуі керек: вице-президент Джей Ди Вэнс пе, әлде мемлекеттік хатшы Марко Рубио ма? Әзіл-шыны аралас айтылғанымен, бұл сауалдың астарында Трамптың болашаққа қатысты нақты жоспары жатқандай, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 23 Ақпан, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа тарифтер 24 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2026
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Абай облысы, Көкпекті ауданына қарасты «Шуақты Шұғыла» балабақшасының «Толағай археологтары» командасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді
Елімізде қызылша дерегі анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды
Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 19 Ақпан, 2026
Шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
2025 жылы Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 1 122 150 теңге сомасына тең 206 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 203-і – банкнота, 3-еуі – монета. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда (108 дерек) 90,7%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
АҚШ билігі Сирия аумағында қалған шамамен мыңға жуық сарбазын толық әкетуге дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 16 Ақпан, 2026
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Алғашқы баспасөз конференциясында АҚШ елшісі Джули М. Стаффт оптимистік көзқарас білдіріп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастарды тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен серіктестік деп бағалады. Ол технология, энергетика және дипломатия салаларындағы жаңа ынтымақтастық бағыттары екіжақты қатынастарды тереңдете түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 13 Ақпан, 2026
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
АҚШ билігі қолданыстағы көші-қон үдерістерін жетілдіруді көздеп отыр. Осыған байланысты иммиграциялық визалар берудің уақытша тоқтатылуына қатысты Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффт түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы қабылданған және елдегі федералдық климаттық талаптардың құқықтық негізі болып келген шешімнің күшін жойғанын мәлімдеді. Аталған құжат автокөлік құралдарының парниктік газ шығарындыларына қойылатын стандарттар мен электр көліктерін қолдауға бағытталған нормалардың тірегі саналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Әлеуметтік желіде Kaspi Gold карталарынан белгісіз төлемдер алынып жатқанын айтып, шағымданушылар көбейді. Тұтынушылар ешқандай жазылым қоспаса да Google немесе Telegram қосымшаларының сыйлықтарын пайдаланғаны үшін ақша ұсталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны аляққа алданып, банктегі пәтер алуға жететін қаражатынан айрылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2026
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен Вашингтонда алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Ақпан, 2026
АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды
АҚШ күштері Арабия теңізінде Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесіне жақындаған ирандық «Shahed-139» ұшқышсыз ұшағын атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 29 Қаңтар, 2026
Шетелден зат алу ережесі өзгерді: Салық қалай есептеледі?
Қаңтар айында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік интернет-дүкендерден жасалатын сатып алуларға қатысты жаңа ережелерді бекітті. Бұл талаптар ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден (Қытай, АҚШ, Еуропа және т.б.) тапсырыс берілетін тауарларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге тез арада келуге шақырып, талап орындалмаса, келесі әскери соққының әлдеқайда ауқымды болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Иран бағытына ірі әскери күш шоғырландырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады
Қазақстан АҚШ-қа «Лукойлдың» елдегі жобалардағы үлесіне қатысты ресми өтініш жолдады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіретініне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде балабақшадағы бүлдіршіндерді инемен қорқытқан тәрбиешінің әрекеті таспаланған видео кең тарап кетті. Бейнежазбаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Қаңтар, 2026
АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты
АҚШ-та ел аумағын шарпыған қысқы дауылдың салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты. Құрбандар арасында қар тазалап жүрген егде жастағы адамдар мен көлікке шана байлап сырғанауды ермек қылған жасөспірімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та соңғы 100 жылдағы ең күшті дауылдардың бірі – «Ферн» ел аумағын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр
Германия АҚШ аумағында сақтаулы жатқан мемлекеттік алтын қорын елге қайтаруды жоспарлап отыр. Мұндай шешім геосаяси тұрақсыздықтың артуы мен Еуроодақ тарапынан Дональд Трамптың саясатына деген сенімсіздіктің күшеюі аясында туындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында мыңдаған адам -20 градус аязға қарамастан, президент Дональд Трамп әкімшілігі жүргізіп жатқан иммиграциялық репрессияларға қарсылық білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Трамп Венесуэлада қолданылған құпия қару туралы айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында Венесуэла басшысы Николас Мадуроны қолға түсіру операциясы кезінде америкалық әскерилер жаңа құпия қару пайдаланғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.