Бас Прокуратура
Экономика • 09 Сәуір, 2026
Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі: Жаңа сүзгі қалай жұмыс істейді?
Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен инвестицияларды қорғауға арналған форум өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлармен қатар мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Форумда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев құттықтау сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Әлеуметтік желілер ақпарат таратудың негізгі алаңына айналған бүгінгі заманда жеделдікпен қатар жауапкершілік те арта түсті. Бас прокуратура азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырып, «цифрлық қауесеттердің» қоғамға төндіретін қатеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды
Бас прокуратура азаматтарды, әсіресе онлайн кеңістікте, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Қадағалаушы органның мәлімдеуінше, әлеуметтік желілер мен өзге де ақпараттық алаңдарда таралатын кейбір мәлімдемелер қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет
Президент Бас прокуратурада өткен жиында азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қаңтар, 2026
Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ
Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Нұрдәулет Сүйіндіков лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 17 Желтоқсан, 2025
Бас прокуратура азаптау туралы жалған ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жекелеген тұлғалар тарапынан Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында тергеу органдары азаптау қолданды деген мазмұндағы жалған ақпараттар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Бас прокуратура iPhone иелеріне маңызды ескерту жасады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 21 Қыркүйек, 2025
Заңсыз активтерді қайтару: 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды
Борышкерлерді анықтайтын «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілді. Оны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Жетісайда 18 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) байланысты ірі көлемде қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды. Прокуратура тексерісі барысында кейбір отбасыларға негізсіз төлемдер жүргізілгені және құжаттарда жалған қорытындылар рәсімделгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Қыркүйек, 2025
Кибер шабуылдың жаңа түрі пайда болды
Бас прокуратура автокөлік иелеріне бағытталған жаңа кибершабуылдан сақтануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Қыркүйек, 2025
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура
Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
Кәсіпкерлерді алдап кеткен алаяқ Қырғызстаннан экстрадияцияланды
Алматы облысында алаяқтықпен айналысқан азамат Қырғызстанда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы заңсыз құрылыстар Бас прокурордың бақылауына алынуы тиіс – депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың атына Алматыдағы заңсыз құрылыс, тау жоталарының қырқылуы және табиғи логтардың көмілуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Бас прокуратура Перизат Қайрат ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Аса ірі мөлшерде алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот аяқталды. Іс бойынша прокуратура пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
12 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Дубайдан елге қайтарылды
Қазақстан құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Бас прокуратура Дина Таңсәрінің Черногориядан пана сұрағанын мәлімдеді
14 сәуір күні кешке Дина Таңсәрі өзінің Черногорияда ұсталғанын, полиция бөлімінде екенін және оны экстрадициялау ісі 15 сәуірде өтетінін айтқан еді. 15 сәуірде Черногория билігі NeMolchi.kz қорының басшысын қамаудан босатқаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алаяқтық жасаған әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Қазақстан футболында миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалған
Бас прокуратура еліміздің футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Наурыз, 2025
Кәсіпкерді алдаған күдікті шетелден экстрадицияланды
Күдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы жалған компаниялар құрып, отандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағандар сотталды
Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.