Екінші дүниежүзілік соғыс
Тарих • 07 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар
Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 04 Сәуір, 2025
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Конференция мерейтойлық атаулы күнге арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы тың дерек табылды
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен тарих ғылымдарының докторы, Satbayev University профессоры Гүлнара Меңдіқұлова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шаралары аясында жұмыс сапарымен Францияға барды. Сапар аясында ол соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер жинап және олардың Франция аумағындағы шайқастарға қатысуын зерттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі
Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 26 Ақпан, 2025
Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 27 Қаңтар, 2025
БҰҰ Холокост құрбандарын еске алды
Тұп-тура 80 жыл бұрын, дәл осы күні Освенцим-Биркенау концлагерінен 7 мыңға жуық тұтқын кеңес әскерінің күшімен бостандыққа шығарылды. Олар 1,3 миллион адам тоғытылған азап түрмесінен тірі шыққан соңғы жандар болып тарихта қалды. Бұл туралы халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді
Екінші дүниежүзілік соғыстың сарбазы Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен сарбаздың сүйегі Ресейден жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан екінші дүниежүзілік соғысының жауынгері Қалхай Сармантаевтың «Ерлігі үшін» медалі, қасығы, ұштағышы және жерленген зиратынан бір уыс топырақ оның немерелері Бірлік пен Серік Қалқаевқа берілді. Аталған облыс тумасы 1943 жылы майданға аттанып, 2-ші Балтық майданы 288-ші Днов атқыштар дивизиясының 1014-ші атқыштар полкінде атқыш болған, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2023
Үш майдангердің сүйегі елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан үш жауынгердің сүйектері арнайы авиабортпен Астанаға әкелінді. Қарсы алу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық әскери оркестр музыканттары, Ту тобы және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. Аталған рәсімге Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, «Атамның аманаты» ҚБ, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты. Іс-шараға Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.