Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан екінші дүниежүзілік соғысының жауынгері Қалхай Сармантаевтың «Ерлігі үшін» медалі, қасығы, ұштағышы және жерленген зиратынан бір уыс топырақ оның немерелері Бірлік пен Серік Қалқаевқа берілді. Аталған облыс тумасы 1943 жылы майданға аттанып, 2-ші Балтық майданы 288-ші Днов атқыштар дивизиясының 1014-ші атқыштар полкінде атқыш болған, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер

Фото: Қорғаныс министрлігі

«Атамыз Қалхай Сармантаев 1943-1944 жылдары үш рет жараланып, 1945 жылы 28 қаңтарда қаза тапқан. Латвия үшін шайқаста қаза тапқанынан хабар келгенмен, жерленген жері көрсетілмеген еді. Өткен жылы ғана біз оның қайда жерленгенін білдік. Atamnyn Amanaty бірлестігіне ризамыз. Атамыздың қабірінен әкелінген топырақты Ақтоғайдағы зиратқа апарамыз. Атам жайлы біршама білеміз, дегенмен үлкендерден естуімізше, ол 13 жыл совхозда жұмыс істеп, 43 жасында соғысқа ерікті түрде аттанған. Артында екі қызы және бір ұлы қалған», деді сарбаздың немересі Серік Қалқаев. 

Министрлік

Қалхай Сармантаев жеңіске небәрі үш-ақ ай қалғанда қаза тапқан. 2023 жылы Латвияда іздеу жасағы далалық жорығы кезінде бауырластар зиратынан оның сүйектерін табады. Жауынгердің жеке басы «Ерлігі үшін» медалінің нөмірі арқылы анықталған, одан бөлек оның қасығы және ұштағышы табылған.