Тур
Туризм • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады
27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 28 Наурыз, 2024
63,5 келі: Лицензиялық турнир іріктеуіне қатысатын боксшылар белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы ерлер арасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасы үшін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Наурыз, 2024
Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті
Қазіргі уақытта Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 25 Наурыз, 2024
Бакудегі халықаралық бәсеке: Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокс бәсекесінде бүгін 3 ел спортшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Наурыз, 2024
Түркістаннан Самарқанға тікелей әуе рейсі ашылды
Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Наурыз, 2024
Елордада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
Астана қаласында көркем гимнастикадан FIG дәрежесіндегі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 20 Наурыз, 2024
Шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі өтеді
Мәулен Әшімбаев Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенкомен кездесіп, елімізде шахматты дамыту және халықаралық сайыс өткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Наурыз, 2024
БҚО-да 40 онлайн-казино қызметі тоқтатылды
Людоманияның алдын алу мақсатында Орал қаласының прокуратурасы интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижелерін жариялады. Қазақстан аумағында тыйым салынған 40 онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Еркін күрестен халықаралық турнирде әскер спортшысы чемпион атанды
Армения астанасы Ереванда 23 жасқа дейінгілер арасындағы еркін күрестен халықаралық жарыс аяқталды. Оған Армения, Беларусь, Грузия, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Франция елдерінен барлығы 200-ден астам балуан қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады
Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан наурыздың 23-і күні басталып, бір аптаға созылатын «Ұлы жібек жолы» халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
«Көзінен қорқыныш көрдім»: Таеквондошы жеңісі туралы айтты
Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирінде 17 жасар Батырхан Төлеуғали (80 келі) шешуші кездесуде Сауд Арабиясы өкілі, турнирдегі үздік спортшылардың бірі саналған Әли Мабрук әл-Мабрукті жеңгені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады
Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2024
Мәшһүр-Жүсіптің шөбересі: Наурыз тойы Қазығұрттан басталу керек
Берекелі Наурыздың мерекелі он күнінің бірінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тікелей ұрпағымен тілдесудің сәті түсті. «Ақиқат», «Мәшһүр-Жүсіптің тылсым әлемі» кітаптарының авторы Абай Шарапиев ағамыздан қазақтың әйгілі ғұламасының Наурыз тақырыбында жазғаны туралы сұрап, әңгімелескен едік.
Бокс • 19 Наурыз, 2024
Бакуде өтетін халықаралық турнирде бақ сынайтын боксшылар анықталды
Қазақстан Бокс федерациясы 23 наурыз күні Бакуде басталатын халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Grand Slam турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды
Қазақстанның дзюдо құрамасы Грузияның бас қаласы Тбилисиде наурыздың 22-24 күндері өтетін әлемдік Grand Slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті
Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Талғат Жүнісов: Құрылтай оң серпін береді
Ел Президентінің бастамасымен бірінші Құрылтай қасиетті Ұлытау жерінде өткізілді. Ұлытау - ежелгі тарихқа өте бай жер. Қазақ жерінің кіндік ортасы болған осынау қасиетті мекенде қазақ хандарын хандық билікке отырғызып, ұлықтау рәсімі өтетін болған. Бірінші Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ақырындап қоғамымызда жүзеге аса бастады.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды
Сербияның бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше, финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының 4-еуі алтын, 4-еуі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 17 Наурыз, 2024
Ташкенбай, Жақпеков. Халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Сербияның бас қаласы Белградта өтіп жатқан халықаралық турнир финалдық кезеңге келіп жетті. Алтын үшін айқаста 8 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Қылмыс • 17 Наурыз, 2024
Алматы облысында 2 полиция офицері адамды азаптады деген күдікпен ұсталды
Бас прокуратура өкілдері Алматы облысының бұрынғы полиция қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық идеологияның жаңа бағдары
Бүгін Атырау қаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Дәстүрге айналған келелі кеңестің кезекті жиынында идеология саласында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағыт-бағдары айқындалды. Бұл қазіргідей жаһандану кезеңінде тарихи тамырдан ажырамай, ұлттың өзіндік келбетін сақтау қалу үшін аса маңызды қадам екені анық.
Спорт • 15 Наурыз, 2024
Тарихи нәтиже: Данил Васильев FIS кубогінің жеңімпазы атанды
Польша елінің Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогінде Қазақстан спортшысы Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Наурыз, 2024
«Жолдамаға жақын»: Қазақ таэквондошысы жартылай финалға шықты
Таэквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Батырхан Төлеуғали үндістандық Акшай Худаны айқын басымдықпен (2-0) ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 13 Наурыз, 2024
Белградтағы бокс кеші: Ұлттық құрама 12 салмақ бойынша жұдырықтасады
Сербия елінің бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. 16 елдің 106 боксшысы қолғаптарын түйістіретін халықаралық турнир наурыздың 17-сіне дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Рухани мұраға қатысты заң түгілі сынық сүйем құжат та жоқ - депутат
Мәжіліс отырысында «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан вице-премьер Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, елімізде рухани мұраны қолдауға көңіл бөлінбей отырғанын айтты. Депутаттың айтуынша, қазақ халқының материалдық емес рухани мұрасы – ұлттың иммунитеті. Көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ жаныңмен сезінетін осы құндылықтар болмаса, ұлттың жаны жалаңаштанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 13 Наурыз, 2024
Ел азаматтары Таиландқа визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары Таиландқа 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Тайландта өтеді
Бұл туралы @sportqazaq телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.