Ту
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған
2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев: Жаңа заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Палата отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 11 Сәуір, 2024
Қарғын су басқан өңірлердің оқушылары сынақтардан босатылды - министрлік
ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша, су тасқыны жағдайы күрделі өңірлерде оқушылар алдағы сынақтардан босатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған - депутат
Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Серік Шайдаров гидротехникалық құрылыстарға 50 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жасалмағанын және 60%-дан астамы тозып кеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Сәуір, 2024
Париж-2024: Назым Қызайбай лицензиялық турнирде жұдырықтасады
Бүгін Астанада Тайландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу сайыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы хабарлама тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қанат Сейдгапбаров қызметінен босаталды
Мемлекет басшысы тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті
8-9 сәуір аралығында Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының мектептері қашықтан оқыту режіміне ауысады. Қазір аталған елді мекендердегі колледждердің жартысы онлайн, жартысы офлайн жұмыс істеп жатыр.
Заң • 07 Сәуір, 2024
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу бастады
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу амалын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Сәуір, 2024
Өткен жылы Қазақстанға 1 миллионнан аса турист келген
2023 жылы елімізге 1 084,8 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 156,8 мың адамға көп, өсім 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ға жетті. 2022 жылы елімізге 928 мың шетелдік келген, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Желіде Айжан Аймағанованың фейк-парақшасы ашылды. Прокуратура мәлімдеме жасады
Астана қаласының прокуратурасы Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты жалған парақша анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Сәуір, 2024
Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» синоптиктері 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің жеті өңірінде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
«Жағдай ушығуы мүмкін»: Қазгидромет су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады
Қазгидромет еліміздегі су тасқыны ахуалы күрт нашарлауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2024
Карина Ибрагимова боксқа қалай келгені туралы айтып берді
Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасына санаулы айлар қалды. Ұлттық құрама спортшылары лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, қоржынды мейлінше көп жолдамамен толықтыруға ниетті. Ал басты бәсекеге лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2024
«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған
Шымкент қаласының дене шынықтыру басқармасы «Ордабасы» ФК 2023 жылғы шығындар сомасын жария еткен есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Сәуір, 2024
Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қазаны Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2024
Гран-при турнирі: Қазақстан пара дзюдошылары қос қола олжалады
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан осы айдың 1-3 күндері өтіп жатқан Grand Prix додасында Қазақстан балуандары қос қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығы кеңейтіледі
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 02 Сәуір, 2024
Ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат сотталды
Ақмола облысы Астрахан ауданында ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқан екі азамат соттталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2024
Париж-2024: Осы айда өтетін лицензиялық турнирлер
Туризм және спорт министрлігі алдағы ойындардың кестесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды
Кеше, 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен Nomad MMA бойынша облыстық жарыс кезінде 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы хабарды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Биылғы оқу жылы қашан аяқталады?
Оқу-ағарту министрлігі еліміздің мектептерінде биылғы оқу жылының аяқталу мерзімін мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 31 Наурыз, 2024
Президент жазушы Сәбит Досановтың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 30 Наурыз, 2024
Ғалым, су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, жаһандық жылыну дүниежүзі бойынша табиғи апаттарға әкеліп отыр. Жер бетінің орташа температурасы көтерілген сайын мұхиттардың булануы күшейіп, циклондардың бағыты өзгерген.
Шахмат • 28 Наурыз, 2024
Бибісара Асаубаева тағы бір беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның шахматшы қызы Бибісара Асаубаева Swiss Queens турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2024
Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшері азаюы мүмкін
Сенатор Бекбол Орынбасаров азаматтардан түскен арыз-шағымдарды талдау негізінде Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдап, кәдеге жарату төлемін, кедендік баж салығын және көлікті тіркеуге алым мөлшерін төмендетуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары Өзбекстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Бүгін Сенат «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.