Қоғам • 08 Сәуір, 2024

Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы хабарлама тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?

Фото: google

Аталған министрліктің өтемақы төлемдерін жүзеге асыратыны туралы жалған ақпарат таратып жатқан белгісіз тұлғалар төлем алу үшін «Толығырақ» түймешігін басуды немесе сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме пайдаланушының жеке деректерін ұрлап алу мүмкіндігін туғызады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлемдер төлейді. Мөлшерi материалдық шығынды есептейтін арнайы комиссиялардың шешiмi бойынша әр өңiрде жеке белгiленеді.

Мемлекеттік қолдау туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы жіберілетінін еске саламыз.