Ыбырай Алтынсарин
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2021
Алматыда Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш орнатылды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өмірін балаларды оқытуға арнаған ұлт ұстазының 180 жылдығында Ыбырай Алтынсаринге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2021
Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапхана залында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, дала қоңырауы атанған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ауқымды конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2021
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында екі қызыл кірпіш сақтаулы тұр. Сөреге «Ыбырай Алтынсарин мектебінің іргетас кірпіші, 1884 ж. 2000 жылы Алтынсарин мектебінің түлегі, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Жақып табыс етті» деп жазылған. Алдыңғы буын зиялылар бұл кірпішті «Қалқаманның қызыл кірпіші» деп атап кеткен. Ұлы ағартушының көзіндей болған құнды жәдігердің бұлай аталуының да өзіндік сыры бар.
Руханият • 23 Тамыз, 2021
Елордада Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш қою ұсынылды
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан - Қостанай» веломарафоны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Сәуір, 2021
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяндық деректерін сөйлетсек, ұлттың ұлы ұстазының қайраткерлік, ұйымдастырушылық, реформаторлық, стратегтік, дипломатиялық тұлғасы айқын танылар еді. 1846 жылдың 5 наурызында атасы әскери старшын, би Балғожа Жаңбыршин Орынбор шекара комиссиясының төрағасы, генерал-майор М.В.Ладыженскийге өтініш жазып, Орынбор мектебіне енгізген. Ыбырайды Торғайдан Жетібай Өтемісов дейтін жас науша жеткізген.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Ағартушылықты Алтынсаринмен бірге бастаған бесеу кім?
1860 жылы Орынбор облыстық басқармасының (бұрынғы Шекаралық комиссия) төрағасы В.В. Григорьев далалық Торғай, Ырғыз, №1 форт (Арал теңізі маңындағы Райым бекінісі), Перовск (қазіргі Қызылорда) бекіністерінде және шекара бойындағы Троицк қаласында мектеп ашу үшін Орынбор мектебінің 5 түлегін мұғалімдік қызметке аттандырады. Біз осы Орынбор мектебі туралы мерзімдік басылымдарда алғашқы жазылған мақалалардың бірі туралы сөз қозғамақпыз. Себебі ондағы деректер көпшілікке және алтынсаринтанушыларға аса таныс емес.
Руханият • 05 Қаңтар, 2021
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады
Бүгін, 5 қаңтар 20:35-те «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы түсірген ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен рухани мұрасына арналған «Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 29 Тамыз, 2020
Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шағын әңгімелерін аудиоформатта ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz