ай
Тағайындау • 12 Шілде, 2020
Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшысы тағайындалды
Болат Тұрғанұлы Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Болат Төкежановты Қор ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Шілде, 2020
Атырауда жедел жәрдем станциясының фельдшері қайтыс болды
Жедел жәрдем станциясының коронавирус инфекциясымен күрес бригадасының фельдшері 10 шілдеде екі жақты пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Шілде, 2020
Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
Премьер-Министрдің келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экономика • 12 Шілде, 2020
“Қарапайым заттар экономикасы” жобасының қаржысы қайда бөлінген?
Елімізде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы әзірленіп, өткен жылдың ақпан айынан іске аса бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Шілде, 2020
Айдын Рахымбаев екі қалада науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ
"BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол басқа кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды", деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Шілде, 2020
Эквадордың мұздатылған асшаяндарынан вирус табылды
Қытай кедені импортталған оңтүстік америка ақ түсті асшаяндарынан вирус инфекциясын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 10 Шілде, 2020
Сингапурда парламенттік сайлау басталды
Сингапур (ELD) Сайлау департаменті хабарлағандай, Парламенттік жалпыға ортақ сайлау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Шарль де Голль және Сарайшық көшелері 19 шілдеге дейін жабылады
Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Ақсайлық аурухана үш көлікті болды
Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық ауруханасының автобазасы қос "Жедел жәрдем" және "LADA Vesta" жеңіл көлігімен толықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Қазіргі таңда пандемия індеті барлық өңірде өршіп тұр. Соңғы мәліметке қарағанда, еліміз бойынша сырқатқа ұшырағандар саны 51 060 адамға жетіп, бұлардың 17 мыңдайы жазылып шықса, бақилық болғандар да баршылық, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Заңсыз дәрі-дәрмек сатқан алыпсатар ұсталды
Қостанай облысында жүргізілген рейд шаралары барысында Ресейден дәрі-дәрмек әкеліп, оның үстіне 30% үстеме баға қосып сатпақ болған 29 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Шілде, 2020
Алматылықтар ХҚО-ға өтінішті онлайн бере алады
Аймақтық Бас санитарлық дәрігерлердің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады
Қарағандыда көмір байыту фабрикасы салынады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Қостанай облысында қосымша дәрі-дәрмек қоры жасақталды
Қостанай облысында бүгінге дейін короновирус жұқтырған 1314 адам анықталып отыр. Күрделі аһуалға қарамастан, қауіпті індеттен 375 науқас айығып шыққан. Өкінішке қарай, алты адам көз жұмды. Бұл туралы аймақтағы короновирус инфекциясына қатысты жағдай бойынша өткен онлайн-брифингте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 09 Шілде, 2020
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де арттыру маңызды
Әлемде коронавирус індетінің таралуы азаймай тұр, тіпті көптеген мемлекетте қайта өршіп кетті. Бұл сөзімізге Америка, Таяу Шығыс, Азия, Австралия құрлықтарындағы жағдайлар дәлел. Елімізде де ахуал күрделене түскені жасырын емес.
Әлем • 09 Шілде, 2020
АҚШ соты қазақстандық хакерді 50 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін
Киберқылмыс әлеміне Эф-икс-эм-эс-пи лақап атымен танымал Андрей Турчин бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Елбасы Алтайға ат басын бұрған сәт
Көпшілікпен мына бір тарихи суретпен бөлісуді жөн көрдім. Бұл тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасымыздың Катонқарағай ауданына алғаш келген кездегі Берел ауылының маңында, сол кездегі аудан басшылары мен Катонқарағай марал кеңшарының еңбеккерлерімен түскен суреті, - деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 09 Шілде, 2020
Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші құрықталды
Түркістан облысында полицейлер велосипедті соғып, жол-апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Батыста жыл басынан бері 10 адам суға кетті
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 10 адам суға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Шілде, 2020
Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады
Ауа ағынының әсерінен 9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 08 Шілде, 2020
Тамақтану орындарының 30%-ы жабылуы мүмкін
Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынның жартысын да жаппайды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Дәріханалар желісінің басшысы: Дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге біз мүдделі емеспіз
Бүгін Алматыда "Садыхан Әлеуметтік дәріхана" ЖШС дәріханалар желісінің иесі Қайрат Әубәкіров пандемия кезінде дәрі-дәрмек және медициналық заттар нарығында бағаның қалай қалыптасатындығын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2020
АҚШ ДДҰ-ны Қытайдың "қысымында" деп айыптайды
Қытай АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) шығу жоспарын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмек бағасын бақылауда
"ANTIKOR ORTALYGY" алаңында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев пен денсаулық сақтау басқармасының Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гаухар Әлібекова дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Қостанайдағы жекеменшік аурухана провизорлық стационар қызметіне көшеді
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жекенің қолындағы бұрынғы темір жол ауруханасын 200 орындық провизорлық стационар қызметіне бейімдеу туралы мекеме басшылығымен келіссөз жүріп жатыр. Мұның сыртында, басқарма жекеменшік емдеу мекемелерінің дәрігерлерін провизорлық стационарларға жұмысқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Нидерландыда контейнерден азаптау камерасы табылды
Нидерланд полициясы Роттердамның шетінде азаптауға арналған камералармен жабдықталған жүк контейнерлерін тапқаннан кейін алты адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz .Бұл туралы FoxNews сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлаған.
Қазақстан • 08 Шілде, 2020
600-ден астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды
Өткен жарты жыл ішінде байланыс операторлары шалғай ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізіп, 649 ауылды кең жолақты Интернетке қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 08 Шілде, 2020
Сауд Арабия қажылыққа келгендерге Қағбаны ұстауға тыйым салды
Сауд Арабия билігі пандемияға байланысты алдағы қажылық кезінде қажыларға Қағбаны ұстауға тыйым салады, деп хабарлайды Egemen.kz