дүниежүзілік соғыс
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді
Екінші дүниежүзілік соғыстың сарбазы Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен сарбаздың сүйегі Ресейден жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Бір уыс топырақ»: Жеңіске үш ай қалғанда қаза тапқан жауынгер
Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан екінші дүниежүзілік соғысының жауынгері Қалхай Сармантаевтың «Ерлігі үшін» медалі, қасығы, ұштағышы және жерленген зиратынан бір уыс топырақ оның немерелері Бірлік пен Серік Қалқаевқа берілді. Аталған облыс тумасы 1943 жылы майданға аттанып, 2-ші Балтық майданы 288-ші Днов атқыштар дивизиясының 1014-ші атқыштар полкінде атқыш болған, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2023
Үш майдангердің сүйегі елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан үш жауынгердің сүйектері арнайы авиабортпен Астанаға әкелінді. Қарсы алу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық әскери оркестр музыканттары, Ту тобы және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. Аталған рәсімге Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, «Атамның аманаты» ҚБ, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты. Іс-шараға Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023
Ұлытауда бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған қару табылды
Ұлытау облысының тұрғыны бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған қаруын құзырлы органдарға өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританияда Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесі талқыланды
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығын мерекелеу аясында "Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан: әлем тарихының аз зерттелген тарауы" атты вебинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Лондондағы Елшілігі Ұлыбританияның Ұлттық армия мұражайымен бірлесіп ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.