журнал
Егемен Қазақстан • 28 Ақпан, 2025
Қазақ баспасөзінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді
«Қазақ газеттері» серіктестігінде қазақ баспасөзіне елеулі еңбек сіңіріп, зейнет демалысына шыққан бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді. Сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалып жатқан журналистерге «сәт сапар» айтылды. Жиынды Бас директор Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2025
Шетелдік журналистер Қазақстан туралы кітап шығарды
Америкалық travel-журналистер Қазақстанның бірегей дәстүрін, табиғаты мен мәдениетін паш ететін «АLMATY Through American Eyes» жинағын шығарды. Басылым еліміздің бес мәдени ерекшелігін көрсетеді, атап айтсақ жеті атаға деген құрмет, ежелгі рәсімдерге деген сенім, киіз үйлердегі этикет, шахмат ойнау мәдениеті және құстарды аң аулауға үйрету өнері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Алматыда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқықтары» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.
Спорт • 14 Қараша, 2024
С.Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауы жарияланды
Белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдана бастады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 14 Қараша, 2024
Журналистердің халықаралық форумы өтті
Алматы қаласында «Turktime: түркі елдерінің медиа және туризм бірлігі» атауымен IV халықаралық түркітілді журналистердің медиа форумы өтті. Келелі кеңеске еліміздің БАҚ өкілдерімен қатар Британия, Германия, Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипрден келген туризм және медиа саласының сарапшылары қатысты. Онда дәстүрлі журналистика мен dijital жүйе, жасанды интеллектінің жаңа үрдістері және геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі ақпараттық нарыққа әсері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2024
«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 23 Қазан, 2024
Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға арналған үздік елдердің тізіміне енді
Халықаралық Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Astana Media Week: Спорт журналистикасының болашағы талқыланды
Astana Media Week-2024 апталығында сала мамандары спорт сүйер қауымның қызығушылығын қалыптастыру тетіктері мен әдістерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Тамыз, 2024
Өзбекстанда робот-журналист пайда болды
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі жасанды интеллект негізінде Собир Холдаров есімді арнайы робот-тілшіні жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Тамыз, 2024
Елімізде алғаш рет әскери журналистика мамандығы оқытылады
Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа мамандыққа қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Шілде, 2024
Қымбат Досжан бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты тосын мәлімдеме жасады
Біраздан бері туған анасын іздеп жүрген бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің анасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2024
«Заңгер» журналының бас редакторы көз жұмды
«Заңгер» журналының бас редакторы қызметін атқарған Майя Асқарқызы Ағыбаева 81 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қайғылы хабарды Zakon.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
Бүгін - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай отандық БАҚ саласының өкілдеріне жыл сайын құрмет көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге 65 пәтердің кілті табысталған еді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Маусым, 2024
БАҚ саласының үздік өкілдеріне құрмет көрсетілді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли журналистерге ведомстволық және мемлекеттік наградаларды табыстады, деп жазады Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Марапат • 27 Маусым, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі «Құрмет» орденімен марапатталды
«Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Айгүл Аханбайқызы «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығы тапсырылды
Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылды. Жеңімпаздарға сыйлықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 21 Маусым, 2024
Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша Киевте қазақ журналисіне жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2024
Президент Киевте Қазақстан журналисіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 14 Маусым, 2024
«Әл-Жәбрдің атасы» журналы өзбек тілінде жарық көрді
Елімізде шығатын математика бағытындағы «Әл-Жәбрдің атасы» журналы өзбек тілінде жарық көрді.
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
ҚР Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Журналист қызметінің құқықтық құзіреті сараланды
Қолына қалам ұстаған қауым – кәсіби құқықтары мен әдебін білуге міндетті. Айтқанмен, медиа құзіретті терең меңгеруге көбі тиянақтылық танытпайды. Мамандар осы олқылықтың орнын толтыруда оқыту курстарының рөліне айрықша назар аударады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика мәселелері талқыланды
24 сәуір күні Отандық қоғамдық даму институтында «Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика: тенденциялар мен өзгерістер» атты дөңгелек үстел өтіп, оған академиялық қоғамдастықтың өкілдері, медиакоммуникация саласының сарапшылары мен журналистер қатысты. Жиын барысында журналистика саласында білім берудің түйткілдері, салалық журналистиканың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың маңызы, цифрландыру дәуіріндегі журналистиканың жаңа стандарттары, кадр даярлау ісі және медиакоммуникация саласы мамандарына қойылатын қазіргі талаптар талқыланды.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Президенттің Телерадио кешені мен Al Jazeera серіктестігінің жобасы жас журналистерді қанаттандырды
Астанада өтіп жатқан «Al Jazeera апталығы» аясында Қатар телекомпаниясының басшылары ҚР Президенті телерадиокешені ұжымымен кездесіп, Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтің қызметімен танысты.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор Нұртөре Жүсіп қоғам өміріндегі баспасөздің рөлі туралы айтты
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі мерзімді басылымдар республикалық форумының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов дүниеден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Сәуір, 2024
Халықаралық журналистика мектебінің жаңа деканы тағайындалды
Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінің деканы лауазымына халықаралық журналистика магистрі Айгүл Жамалованың тағайындалғаны туралы хабарлады. Аталған ЖОО – халықаралық білім деңгейін ұсынатын еліміздің университеттері арасында көшбасшы білім ордасы.
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Белгілі тележурналист дүниеден озды
Ресейлік журналист, комментатор Василий Уткин өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2024
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы дүниеден өтті
Белгілі жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы 73 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Танымал спорт комментаторы өмірден өтті
1968-2003 жылдары Қазақ телевизиясында редактор, комментатор қызметін атқарған ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.