Тренинг бағдарламасы практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды. Оның ішінде контентті әртүрлі платформаларға бейімдеу, фактчекинг, деректерді талдау және редакциялық жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану болды. Ерекше назар мультимедиялық контентке, медиаэтикаға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын енгізу мен әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге аударылды.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. «Кселл» АҚ корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Байрам Азизовтың айтуынша, бұл бастама медиасаланы дамытуда мемлекет пен бизнестің серіктестігінің тиімділігін көрсетеді.

Тренингтердің негізгі басымдығы практикалық бөлімге – тапсырмаларды орындау, кейстерді талдау және жобаларды қорғауға жасалды. Спикерлер қатарында «Кселл» АҚ және Ericsson компаниясының өкілдері болды. Олар телекоммуникация саласының дамуындағы өзекті үрдістерді таныстырды және цифрлық трансформацияны халыққа жеткізуде БАҚ рөлін ерекше атап өтті.