криминалист
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Қылмысты ашу үшін сыни ойлау қажет - криминалист
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы - күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Тәулігі түрліше құбылатын криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. Біз 2008 жылдан бері Құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада елеулі еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің қызметкері Ринат Мұқышевпен саланың сан қырын сараладық.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
«Аяқ киімде қалған қанды із». Үш адамның өмірін қиған қылмыс ашылды
2023 жылы желтоқсан айының соңында Петропавлда үш адамның өмірін жауыздықпен қиған қылмыс қоғамды дүр сілкіндірген еді. Күдіктілер бастыпқыда қылмысты мойындамағанмен, криминалист Сергей Матвеев қызметте қырағылық танытып қылмыстың ізін ашты, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Қылмыс орын алған жерге мамандардың алды болып жететін – криминалистер. Жете сала оқиға орнындағы дәлел болады-ау деген заттардан саусақ іздерін алады, одорологиялық сараптама жүргізеді, аяқ киім іздерін қарайды, тағысын тағы. Сол жердегі зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізілсе, қылмыстың ашылуы да жедел.
Технология • 16 Қыркүйек, 2021
Виртуалды кеңістіктегі қылмыс қалай әшкереленеді?
Елімізде апта сайын шамамен 3 мыңға жуық қылмыс жасалса, оның 2 мыңнан астамы бір тәулік ішінде ашылады. Полиция қызметкерлері жедел ашылған қылмыстарға әдетте «ізі суымай әшкереленген» деп анықтама беріп жатады. Ал заңсыздықтардың ақ-қарасын дер кезінде анықтап, қылмыскерді дөп басып тануда криминалистердің алар орны қандай?
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020
Криминалистер саусақ іздерінен 95 қылмысты дәлелдеді
Петропавл қаласының Полиция басқармасында 18 криминалист жұмыс істейді. Олар қылмыс орнында қалған саусақ, аяқ киім, көлік, бұзу құралдарының биологиялық іздерін алып, дәлелдемелер базасын толықтырып қылмыскердің жауапқа тартылуына мүмкіндік тудырады. Жыл басынан бері криминалистер оқиға орындарын қарауға 1200 рет қатысып, 2600-ден астам криминалистикалық зерттеулер жүргізген. Соның нәтижесінде 95 күдікті анықталып, жәбірленушілер және куәгерлермен "Образ++" базасы бойынша 100-ден аса адам танылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.