сөз сойыл
Руханият • 01 Маусым, 2021
Таным • 14 Мамыр, 2021
Сөз сойыл: Тәубелі мақал-мәтел
Қай заманда да ата-ананың ұрпаққа көңілі толмай өткені белгілі. Бізді сол «ауру» меңдеп, үйдегі кісі екеуіміз келісіп, не де болса деп, бұл да ата-ананың бір парызы деп біліп, тіл мен жаққа сүйене, бұрыннан қалған − бұралқысы бар, кейін қалыптасқан қаймақтысы бар, аннан-мұннан жиып-теріп мақал-мәтелдің майын тамызайық деп шештік.
Руханият • 01 Сәуір, 2021
Бүгінде Күршімде тұратын атбегі, теңге алудан әлі күнге ешкімге дес бермей келе жатқан шабандоз, саятшы Көксауов Мұратты (Киска) білетіндер көп. Бірнеше тазы ұстайтын Мүкеңнің қыс түсе түлкіні қырып салатын өнері де көпке мәлім. Сонысына орай оған тапсырыс беретіндер де аз емес. Көңілшек Мұраттың біреуге деп ұстап, сойып, тұздап қойған терісін әлдекімдердің қолқалап алып кететінін де естіп жатамыз. Сөйтіп, ол байғұстың аяқ астынан «өтірікші» атанатыны да бар.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Руханият • 01 Сәуір, 2021
1 сәуір – Күлкі күні Бір аптадан соң ғана үйге қайту Халқымыздың аяулы перзенттері Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітова қазақтың бар жақсы қасиетін бойларына жинаған қонақжай, ақ көңіл, дос-жарандарымен соңғы дүниесіне дейін тең бөлісетін ғажайып дарқан жандар еді деседі. Осы кісілердің үйіне бірде «амандасамыз» деп бір топ ақтөбелік өнерпаз жастар қонаққа келіпті. Қанабек пен Күләш жас артистердің алдына дастарқан жайып, тәтті-дәмдінің бәрін қойып, шама-шарқынша құрмет жасайды. Түннің бір уағы болып, өнерпаз жастардың Ақтөбеге қайтатын мезгілі де жақындайды.