ҚР
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізілуде
Елордалық монополияға қарсы департаменттің қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Қаңтар, 2022
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Қаңтар, 2022
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Желтоқсан, 2021
Сыртқы істер министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Амангелді Ғазезұлы Саинов СІМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021
Діни экстремизмге қарсы жарияланымдар саны 2 есе артты
Қазақстанда радикалды және деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Желтоқсан, 2021
Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 30 мыңға жетті
Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны 30 мыңға жетті. Көбінесе АҚШ, Африка, Ресей, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінен келген студенттер санының өсуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2021
ҚР АҚДМ журналистерді ақпарат таратуда объективті әрі шынайы болуға шақырды
Т.Ковалеваның кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ҚР заңнамасы талаптарының, БАҚ қызметінің қағидаттарының өрескел және бірнеше рет бұзылуына назар аудару қажеттілігі туралы 2021 жылғы 5 қазандағы ҚР Әскери сотының Жеке қаулысына қатысты, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төмендегіні хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2021
Түркістан облысындағы тоннель 2022 жылы пайдалануға беріледі - ҚР ИИДМ
Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілдері республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым (Шақпап Баба ауылы) автжолының қайта құру учаскесіндегі тоннелге бірлесіп шықты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2021
Бельгияда Қазақстан тарихы туралы кітап жарық көрді
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2021
Салық төлеуден жалтарған шенеунік ұсталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 157 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021
Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылғы 23 қарашадағы «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 26 Қараша, 2021
ҚР Президенті Бельгияның Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияның Премьер-Министрі Александр Де Кроомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2021
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл саласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ең ірі оқиғасы: «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» тақырыбымен Қазақстанның X Азаматтық форумы басталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Руханият • 16 Қараша, 2021
Қазақ радиосынан «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасын тыңдауға болады
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақ радиосының бастамасымен күн сайын «Көкжиек» бағдарламасының эфирінен жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасын беріп жатыр, деп жазады Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы Мажарстанның Премьер-Министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі саммитінің аясында Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Қазақстан «Мызғымас бауырластық-2021» оқу-жаттығуларына қатысады
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерімен Ресей Федерациясындағы оқу-жаттығуларға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 04 Қараша, 2021
ДСМ мен «AstraZeneca» компаниясы ынтымақтастық меморандумға қол қойды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» компаниясы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Балаева Facebook-пен келісім жасалмады дегендерге жауап берді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Facebook» компаниясының біріккен мәлімдемені теріске шығаруына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2021
Президент қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айтты
Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Қараша, 2021
«WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионаты басталды
Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты басталды. Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 01 Қараша, 2021
«Тәуелсіздік күнделігінде» Қазақстанның төрт тарабы қамтылған
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жобалық кеңсе «Тәуелсіздік күнделігі» жобасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2021
Ақпарат министрлігі мен Facebook келісімге келді
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2021
1612 адамға Қазақстан азаматтығы берілді
ҚР Ішкі істер министрлігі мәртебесі реттелмеген және құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қазан, 2021
Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты
Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2021
ҚР Ақпарат министрлігі маңызды хабарлама жариялады
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтарды қоғамдық талқылауға ат салысуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қазан, 2021
«Қазавиақұтқару» құтқарушыларын қалай даярлайды?
«Қазавиақұтқару» тікұшақ қызметтері операторының психологиялық дайындық орталығында алғаш рет ұшқыш-құтқарушыларды даярлау үшін пайдаланылатын жабдық көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президентінің төрағалығымен бейнебайланыс форматында өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиынға Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің басшылары, сондай-ақ Молдованың Премьер-министрі мен ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Қазан, 2021
Қазақстан мен БАӘ-нің мерейтойына орай пошталық маркалар шығарылды
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің пошта қызметтері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында маркалар шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2021
Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.