Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2021

Түркістан облысындағы тоннель 2022 жылы пайдалануға беріледі - ҚР ИИДМ

906 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілдері республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым (Шақпап Баба ауылы) автжолының қайта құру учаскесіндегі тоннелге бірлесіп шықты, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу барысында өкілдер жұмыс барысымен және объектідегі ағымдағы жағдаймен танысты. Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлады.

Автомобиль жолдары республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым тоннельдің бір жақ жолағының 840 метр құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта бетон жұмыстары толығымен аяқталып, дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

«Екінші жолақтың ашылуына 340 метр қалды. Жоба 2022 жылы пайдалануға беріледі», делінген хабарламада.