Құрылтай
Қоғам • Кеше
Құрылтай сайлауы: Ауқымды саяси реформаның маңызы
Ауқымды саяси реформалардың түпкі мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты арттыру. Сондай-ақ халықтың шешім қабылдау процессіне қатысуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыда, Құрылтай сайлауы – демократиялық қағидаттарды орнықтыруға, қоғамдық диалог мәдениетін дамытуға және елдегі саяси жаңғырудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Саяси науқан алдында Egemen.kz тілшісі Мәжілістің бұрынғы депутаты Ермұрат Бапиден саяси реформаның маңызы туралы сұраған болатын.
Саясат • Кеше
Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті
Астана Respublica партиясының кезектен V тыс съезі өтті. Оған партия басшылығы, Орталық және өңірлік кеңестердің мүшелері, филиал төрағалары, депутаттар, сондай-ақ Respublica Jastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері қатысты. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды кезеңге қатысты негізгі шешімдерді қабылдады, деп жазады Egemen.kz партияның Телеграм каналына сілтеме жасап.
Сайлау • 03 Шілде, 2026
Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға арналған семинар өткізді
Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша саяси партиялар өкілдеріне арналған семинар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Шілде, 2026
ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауын халықаралық байқауды жүзеге асыру тәртібін бекітті
Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу кезеңінде халықаралық байқаушылардың қызметіне қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Шілде, 2026
Науқан басталды: ОСК Құрылтай депутаттарын сайлаудың Күнтізбелік жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті, Egemen.kz
Қоғам • 01 Шілде, 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауы: ОСК сайлау рәсімдеріне арналған құжаттардың нысандарын бекітті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың барлық кезеңдерінде қолданылатын сайлау құжаттарының нысандарын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Шілде, 2026
7 тамыздан бастап қазақстандықтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады
Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауына дайындық барысында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 01 Шілде, 2026
Тарихи шешім: Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» тұжырымдамалары мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының қоғамда жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Маусым, 2026
Тоқаев: «AMANAT» пен «ӘДІЛЕТ»-тің күш біріктіруі реформаларға жаңа серпін береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясымен бірігуі туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Президент бұл қадам елдегі реформаларды ілгерілетуге ықпал етіп, жалпыұлттық құндылықтар төңірегіндегі саяси күштердің топтасуына жол ашатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 30 Маусым, 2026
Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс: Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлау туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоятынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 05 Маусым, 2026
Құрылтай депутаттарына қандай шектеулер қойылады?
Заң нормалары Құрылтайдағы депутаттық бірлестіктерді құру және олардың қызмет ету тәртібін айқындайды. Олар саяси ұйымдасу мен өкілдіктің маңызды құралы болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 05 Маусым, 2026
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуде Құрылтайға қандай рөл берілген?
Конституциялық заңда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға ұсынылатын кандидатураларды келісу өкілеттігі берілгені белгіленген. Президент Вице-Президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тек депутаттардың ресми келісімін алғаннан кейін ғана тағайындай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 05 Маусым, 2026
5 жылға сайланатын 145 депутат: Президент Құрылтай туралы конституциялық заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындайтын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Құрылтай депутаттары Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылығынан айыра алады
Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру мақсатымен әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Қазақстанда мәслихат депутаты мен ауылдық округ әкіміне бір уақытта үміткер болуға тыйым салынады. Бұл норма сайлау туралы конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Мамыр, 2026
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңнамалық өзгерістерге сәйкес, еліміздің Үкіметі биыл жаңа құрамдағы Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды
Парламентте Құрылтай комитеттерінің құрамындағы депутаттар санын шектеу мәселесі көтерілді. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Булавкина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Қазақстанда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға кандидатураларды келісу өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президентті тағайындау тәртібі: Құрылтайдың рөлі мен жаңа лауазымның маңызы
Жаңартылған заңнама Мемлекет басшысының өкілеттіктерін егжей-тегжейлі регламенттейді және оған тұрақтылықтың негізгі кепілі әрі жалпыұлттық реформалардың бастамашысы рөлін бекітеді. Белгіленген нормаларға сәйкес, бүкілхалықтық референдумдар тағайындаудың айрықша құқығы Президентте сақталады. Бұл құрал азаматтардың елді басқаруға тікелей қатысуының жоғары нысаны болып қала береді және жалпыұлттық деңгейдегі стратегиялық қайта құруларды бекітудің өзгермес негізі ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
5 жыл мерзімге 145 депутат – Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заңды мақұлдады
Қазақстан Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді. Құжат Құрылтайдың қызметі мен заң шығару және бақылау өкілеттіктерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 10 Сәуір, 2026
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 12 Ақпан, 2026
Құрылтай депутаттары қалай сайланады?
Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобаның 53-бабында Құрылтайдың өкілеттік мерзімі көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Ақпан, 2026
Енді міндет емес, құқық: Жаңа Конституция жобасында Құрылтайға қатысты норма нақтыланды
Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 11-ші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Құрылтай мен Халық Кеңесінің құзыреті қандай?
Бір палаталы Парламент үлгісі пен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конституция жобасының бірнеше бөлімдеріне енгізілді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысындағы сөзінде Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Халық • 30 Қаңтар, 2026
Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
2026 жылдың қаңтар айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформаны азаматтардың қабылдауы мен бағалауын анықтауға бағытталған сауалнама өткізді. Телефон арқылы ұйымдастырылған сауалнама нәтижесінде қаңтар айында халық назары әлеуметтік-саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларда болғаны анықталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026
Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды
Конституциялық комиссияның екінші отырысы аясында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Қазақстанда өкілдік билікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: «Құрылтай» мен «Халық кеңесінің» өкілеттігі талқыланды
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссияның екінші отырысында сөз сөйлеп, «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» бөлімдеріне енгізілуі ұсынылған нормалардың мәні мен мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер бір палаталы Парламентке көшу үдерісінде Ата заңның бірқатар баптарын қайта қарауды көздейді және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.