әлеуметтік төлем
Қоғам • 23 Ақпан, 2021
30 мыңнан астам қазақстандық жұмысынан айрылуына байланысты төлем алды
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 30,8 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 6 754 адамға алғаш рет төлем тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Шымкентте 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды
Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеніңде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмысы жүзеге асырылды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Қыркүйек, 2020
Індет жұқтырған қанша медицина қызметкері төлем алғаны белгілі болды
1,6 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020
ТЖ кезінде 4,6 млн және карантин кезінде 2,4 млн қазақстандық 42 500 теңге алды
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) табысты жоғалтқан жағдайда көлемі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлем көмегімен, төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезінде 4,6 млн адамға, карантиндік шектеу шаралары қолданылған кезеңде – 2,4 млн қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020
2,4 млн-ға жуық қазақстандық әлеуметтік төлем алды
2,4 млн-ға жуық қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспассөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 28 Тамыз, 2020
1 мыңнан астам медицина қызметкері бір жолғы әлеуметтік төлем алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 1048 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін бір жолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 5 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Карантин кезінде жарты миллионға жуық шымкенттік әлеуметтік төлемдер алды
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Сенаторлар карантинге байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету шараларын талқылады. Бұл туралы Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Шілде айында азық-түлік үшін қазақстандықтарға 5,4 млрд теңге аударылды
Ағымдағы жылдың шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алды. Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 млн адамды қамту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 29 Шілде, 2020
1,9 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
Бүгін сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы ЕҚӘҚ министрлігінің баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Сыр өңіріндегі әлеуметтік төлемдер жүйелі жүргізілуде
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А.Қайруллаев және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Жұмыспен қамту басқармасы 42 500 теңге беру тәртібін түсіндірді
Шілденің 17-сі мен 20-сы аралығында азаматтардың төлем жасау туралы 13 414 өтініші қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
2020 жылы әлеуметтік төлем шығыстары 20%-ға артты
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 21% - ға ұлғайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Жұмысынан айырылған 35 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 35,5 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылдың мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі .