Astana
Оқиға • 06 Наурыз, 2026
Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады
Қазақстандықтарды 7, 8 және 9 наурызда репатриациялық рейстер арқылы Сауд Арабиясынан елге қайтару жалғасады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
Air Astana Таяу Шығысқа арналған рейстер жөніндегі жаңа ақпараттар жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Air Astana 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Ақпан, 2026
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Рейске кіргізбеген: Air Astana жолаушыға 500 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді
Алматыдағы Турксіб аудандық сотының шешімі бойынша Air Astana әуекомпаниясы Қызылорда – Алматы рейсіне жіберілмеген жолаушыға 500 000 теңге моральдық шығын төлейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 19 Ақпан, 2026
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан мен Орталық Азиядағы автокөлік саласындағы ең ірі компаниялардың бірі «Astana Motors» ұжым қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті. Компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев Алматы индустриялық аймағында орналасқан өндірістік алаңында еңбек ұжымымен арнайы кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 30 Қаңтар, 2026
Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?
Astana Hub пен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл әріптестік елімізде денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды батылырақ енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе медицинаға арналған цифрлы өнімдер мен жасанды интеллект шешімдерінің жолын ашпақ, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana рейстерінің маршруты өзгерді
Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің маршруты өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Бүгін Сеулден Астанаға бағыт алған KC210 рейсінде ұшақ дәретханасы істен шығып, Air Astana әуе кемесі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2026
Air Astana қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті
Air Astana әуе компаниясы Астанадағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты рейстердің кешігуі және ұшу кестесінің өзгеруі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Желтоқсан, 2025
«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс
Соңғы жылдары отандық автокөлік өнеркәсібінде ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Бірақ, «Біздің зауыттар өндірмейді, дайынды құраумен айналысады» деген пікір де бар. Шын мәнісінде солай ма? Алматыда «Astana Motors» компаниясына қарасты зауыттар жұмысымен танысқанда, бұл саладағы даму көңіл қуантты.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
Air Astana ұшағында ақау пайда болып, Делиге шұғыл қонды
Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana әуе компаниясының лайнері техникалық ақауға байланысты Үндістан астанасы Дели қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жолаушылардың айтуынша, ұшу кезінде қозғалтқыш тұсынан қатты дыбыс шығып, салон ішін иіс жайлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Air Astana әуе кемесінің Алматыға шұғыл оралуына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Алматыдан елордаға бағыт алған ұшақ бортындағы кондициялау жүйесінен күмәнді иіс шығуына байланысты кері қайтуға мәжбүр болды. Әуе компаниясы бұл шешімнің жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 06 Қараша, 2025
Отандық стриминг платформалар қаншалықты қолжетімді?
Орта Азиядағы ең ірі медиа апталық Astana Media Week 2025 бүгін де жалғасты. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған форумның екінші күнінде 1 000-нан астам медиамаман, сарапшы спикер мен ел өңірлерінен келген БАҚ өкілдері журналистикадағы кәсіби шеберлікті шыңдау мен жаңа бетбұрыс жолдарын бағамдады. Орталық Азия, Еуропа, Әзербайжан мен Қытайдан келген сарапшылар да өз елдеріндегі саланың жаңашылдықтарын тақырыпқа тұздық етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Astana Media Week қандай мәселелерді шешеді?
Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week 2025 форумы басталды. 9 жылдан бері дүстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара 7 қарашаға дейін жалғасады , деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Қазан, 2025
Астанада Орталық Азияның әлемдегі қазіргі рөлі талқыланды
Елордада «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру» тақырыбында Astana Think Tank Forum 2025 форумы өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Астана халықаралық форумы (AIF) аясында ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді
Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында өз лауазымынан кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Қыркүйек, 2025
Смағұлов жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін автокөліктердің бағасы төмендейтінін мәлімдеді
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде IT саласы тұрақты дамып келеді
Елімізде IT саласы тұрақты түрде өсіп, IT-компаниялар саны 18 мыңнан асқан. Кейінгі үш жылда өсім 16%-ды құраған. 1700-ден астам қатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралық технопаркінің дамуы маңызды драйвер болып отыр. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеге жетіп, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асқан, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 08 Тамыз, 2025
Astana IT University «Digital Public Administration» бағдарламасын іске қосты
Мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясы қарқынды дамып жатыр. Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттік қызметтердің 92%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді, бұл – электрондық үкіметті дамытудағы ел жетістігі екені өз алдына. Осы үдеріске қолдау ретінде Astana IT University (AITU) «Digital Public Administration» жаңа білім беру бағдарламасын іске қосып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Astana LRT операторлары Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр
29 LRT операторы Тяньцзинь қаласында (ҚХР) оқудың екінші кезеңінен өтіп жатыр. Курс теориялық, тренажерлық оқыту және жылжымалы құрам бойынша тәжірибелік сабақтарды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Air Astana Дубай мен Доха бағытындағы рейстерін қайта жандандырады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы атысты тоқтату режимінің енгізілуіне байланысты бұл өңірге рейстерді қайта жаңғыртты. Рейстер Иран аумағынан айналып ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Атырау – Дубай бағыты бойынша рейс уақытша тоқтатылады
Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Дубайға бағытталған рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Мамыр, 2025
Астана халықаралық форумына бес мыңнан астам қонақ келеді
Astana International Forum (AIF) қатысушылары елордаға келе бастады. Биылғы форум аясында бес мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі күтіледі. Олардың қатарында делегация жетекшілері, ірі компания басшылары, форум қатысушылары мен еріп жүрген тұлғалар, сондай-ақ 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Мамыр, 2025
Қазақстан Astana LRT-ның бұрынғы басшысын Түркиядан экстрадициялауды сұрады
Қазақстан Түркияға «Astana LRT» компаниясының қашқын бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы өтініш жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 19 Мамыр, 2025
Астана мен Доха форумы бәрімізді біріктіреді - Маха Әл-Кувари
2025 жылғы 29–30 мамырда Астанада Astana International Forum өтеді. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Іс-шара аясында 39 панельдік сессия өтеді, оның 10-ы әлемдік көшбасшылардың қатысуымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Астанада киберспорттан халықаралық турнир өтіп жатыр
Елордада 10 мамырда басталған «COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025» ірі халықаралық турнирі 18 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды
Astana Hub базасында жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі өз жұмысын бастады. Бұл бастама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырған. 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан барлығы 360 өтінім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.