Редакция таңдауы
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
20 Мамыр, 2025
Алматының әлеуетін арттыратын жобалар
Биыл Алматының индустриалды аймағында құны 135,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жұмысын бастауы керек. Қазірдің өзінде 2 662 адамға тұрақты табыс көзін тауып берген жобалардың ішінде алты ірі кәсіпорын, оның ішінде жеңіл автомобиль, биологиялық жем, шыны ыдыс, арматуралық торлар мен резеңке бұйымдар шығаратын зауыттарға қоса, қаланың өндірістік секторының одан әрі дамуына ықпал ететін бес шағын өнеркәсіптік өндіріс бар.
20 Мамыр, 2025
Орал қаласындағы «Зенит» зауыты өздері жасаған 36-күзет кемесін суға түсірді. Семей қаласының атын алған кеме еліміздің Каспий теңізіндегі шекара шебін қорғайды.
20 Мамыр, 2025
Биыл тоғыз «Жайлы мектеп» ашылады
Маңғыстауда 2025 жылы тоғыз «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі, бұл оқушы саны артып, мектепке сыйымдылық мәселесі туындаған аймақ үшін үлкен жаңалық. Өткен жылы, яғни 2024 жылдың желтоқсан айында 4 500 орындық 4 мектеп пайдалануға берілген еді. Ал жаңа оқу жылында іске қосылатын «жайлы мектептер» 8 100 оқушыға құшағын айқара ашатын болады.
20 Мамыр, 2025
Сүйіндік Алдашев: Заң экономиканың дамуына ықпал етеді
Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Отандық тауар өндірушілерге қатысты бұл заңды сенаторлар жуырда екі оқылымда қарап, мақұлдаған еді. Заң төңірегінде Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашевке бірер сұрақ қойдық.
20 Мамыр, 2025
Шығармашылық адамына шабыт беретін, қаламгерлерді қанаттандыратын тосын деректер кейде алдыңнан өзі шығады. Мені қуантып, сондай бір әсерге бөлеген «Egemen Qazaqstan» газетінде жақында жарияланған «Тау тұлғаға тағзым» атты мақала болды. Авторы – белгілі тұлға Махмұт Қасымбеков. Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Қазақтың Қонаевы» атты кітабы жөнінде толғанады, ой өрбітеді. Шығарма Димекеңнің кемеңгерлігі, даналығы, данышпандық қасиеті туралы болғандықтан, автор ағынан жарылып, тіпті құпия нәрселерді де жазады. Әсіресе дүние салған Димекеңмен халықтың қоштасу кезінде Қуаныш ағаның шешімталдығын үлгі етеді.
20 Мамыр, 2025
«Тұлғаны дәуір туғызады» деген тәмсіл бар. Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазымды қызметтегі тұлғалар да өз дәуірінің қайшылықты оқиғаларымен, оның соқтықпалы қиян қиындықтарымен, асуларымен, өткел бермес ағыстарымен айқаса жүріп, кейде үндесіп, кейде түсінісіп, кейде түсініспей, ақыры бір мақсатқа жұмылғанда қоғамда келісім қалыптасып, табыстар да, жемісті жеңістер де елге танылады.
20 Мамыр, 2025
Газетте жұмыс істеп жүргенде, редакция басшылығының берген тапсырмалары болмаса, өзіміз көріп-біліп, араласып жүрген аға ұрпақ өкілдері туралы көп қалам тартпадық. Сөйтіп, бізге тәлім-тәрбие беріп, ақыл-кеңесін аямаған бұл ғазиз жандарды өмір бойы жанымызда жүре беретіндей көрдік. Және қашан, қай уақытта да көңілдері ақ тілек пен ізгі ниеттен тұратын ол кісілердің өздері де мерейтойларына орай лебіз немесе жаңа кітаптарына байланысты пікір айту жөнінде ешқандай емеурін білдіріп көрмеді. Содан не керек, арада жылдар өткенде, бір кездегі бітпес, таусылмас болып көрінген редакциядағы жұмыстан босап, өмір жолымызда ерекше із қалдырған үлкенді-кішілі әріптестер жөнінде «Ағалар мен інілер» атты мөлтек портреттік фрагменттерді қағаз бетіне түсіруге отырмаймыз ба?! Өкінішке қарай, бұл кезде сол сыйлас жандардың көбі өмірден өтіп кеткен еді. Бірақ... Иә, бірақ... «Қалауын тапса қар жанады», деген сөз бар ғой. Ойлансаң не нәрсенің де қиюын келтіруге болатын сияқты. Мәселен, өзімізге кейіпкер болатын арамызда жоқ шығармашылық иелерінің біреуін есімізде қалған естеліктермен, екіншісін олардың өмірлік қосағы болған жан жарының көзімен, үшіншісін ең жақын деген достарының терең толғаныстарымен, ал төртіншісін тағдырлы таланттар тіршілігінің ыстығына күйіп, суығына тоңған жанашыр басшы әңгімелерімен көрсету. Сонымен, құрметті оқырман... Жоғарыдағы қолға алған тақырып, идеяны жүзеге асыру үшін осы шығармашылық әдісті қолға алған жайымыз бар. Оқып көріңіздер... Төмендегі сұхбат белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ахат Жақсыбаевтың жан жары, ұзақ жылдар ҚазПИ-де сабақ берген профессор, қаламгердің өмірден өткенге дейінгі жартығасырлық шығармашылығына тікелей куәгер Клара Теміртасқызы ӘУБӘКІРОВАМЕН өрбіді.
20 Мамыр, 2025
Қостанай облысында шаруа қожалықтарының алды жылдағы қарбалас тіршілігіне кірісіп кетті. Тобыл өңірінде мамырдың басы жауын-шашынды болғанымен, оңтүстік аудандарда ауа райы шаруаға қолайлы болып тұр.
17 Мамыр, 2025
Халықаралық музей күніне орай «Бозоқ» археологиялық паркі аумағында «Бозоққа түнгі саяхат: Алау аясындағы аңыздар» атты этнографиялық фестиваль өтті.
17 Мамыр, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын бейнелеген Қазақстан суретшілері шығармаларының бірегей коллекциясына ие. Оның едәуір бөлігі Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесінде ұсынылды.
17 Мамыр, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, заң мен әділет жолында жарқын істер иесі болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров тірі болғанда 18 мамыр күні 85 жасқа толар еді. Ол – құқық қорғау саласының белгілі қайраткері, КСРО Ішкі істер министрлігінің, тәуелсіз Қазақстан полициясының құрметті қызметкері.
17 Мамыр, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, сындарлы экономист Смағұл Садуақасұлының 125 жылдық мерейтойын Астана бастап жіберді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда тұлғаның мерейтойына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, ғалымдар баяндама жасады. Арыс туып-өскен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданынан бір топ өкіл келіп, тұлғаның мерейтойына орай өткізіліп жатқан бірқатар іс-шараға қатысты.
17 Мамыр, 2025
Астана форумы: «Жасыл» энергия – жаһандық мәселе
Еуропа «жасыл» энергияға көшуге бел байлады. Бірақ оның негізгі қаруы – жел мен гидроэнергетика климаттық өзгерістер мен жеткізу тізбегіндегі іркілістерге осал. Қаржылық қызметке маманданған халықаралық компания «Bloomberg»-тің жазуынша, Қазақстан – Еуропаның энергия тапшылығы қаупін азайтуға қабілетті сенімді серіктес. «Жасыл» сутегі, күн және жел энергиясына бай еліміз «Hyrasia One» сияқты жобалар арқылы Еуропаға тұрақты, экологиялық таза энергия жеткізуді ұсынады.
17 Мамыр, 2025
Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиыны
Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Жиында еліміздегі инвесторлар қызметінің өзекті мәселелері, олардың елішілік құндылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды.
17 Мамыр, 2025
Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды
Елордада бірқатар көшеде құрылыс және жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала әкімдігіне қарасты басқарма кейбір жол учаскелері уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
16 Мамыр, 2025
Отбасында әкенің рөлі зор болуы қажет - Бекдайыр Күзембай
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы әрі тірегі саналатыны мәлім. Қазақ халқы әкені асқар тауға теңейді. Ал қазіргі уақытта «Отбасы құндылығында» әкенің рөлі қандай? Осы орайда республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, аталған бірлестіктің Астана қаласы бойынша филиал төрағасы, қала әкімдігінің жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясының мүшесі, «Бала толағай» федерациясының президенті Бекдайыр Күзембаймен әңгімелескен едік.
16 Мамыр, 2025
Тұрғынжайды табиғи апаттан қалай сақтандырамыз?
Көп мемлекетпен салыстырғанда еліміз табиғи апат қаупі жоғары аймақ саналмайды. Дегенмен орасан зор аумақ, қатал климат, демографиялық өзгеріс кейбір маңызды табиғи сын-қатерді жеңілдетудің өзектілігін көлденең қойып отыр. Төтенше жағдаймен бетпе-бет келгенде ел тұрғындарының қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында мүлікті сақтандыру мәселесін реттейтін реформаның кезегі келгендей.
16 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жуырда өткен ХХХІV сессиясында сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық көрсеткен отандастарымызды әрдайым құрметпен есте сақтау керектігін, Жеңіс туралы ұмытпау – ең алдымен ержүрек батырларымыздың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал, антқа берік болғанын есте тұту керек екенін айтқан болатын.
16 Мамыр, 2025
Өндірістік тізбекті ұлғайту маңызды
Жақында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке келіп, мегаполистің бизнес өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар «Бал Текстиль» ЖШС-на арнайы барып, кілем тоқу өндірісімен танысты. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 5 млн шаршы метрге дейін кілем өнімдерін шығарады.
16 Мамыр, 2025